1. Qoldau24/7 мобильді қосымшасы арқылы Қорға өтініш жазу арқылы жеңілдікті санат бойынша бір айға уақытша мәртебе алуға бола ма?
Егер сіз жеңілдікті санаттардың біріне кірсеңіз, бірақ МӘМС-тегі мәртебеңіз "сақтандырылмаған" болса, онда Сізге жеңілдікті сақтандыру мәртебесін беру туралы ақпарат қандай да бір себептермен Қордың дерекқорында жоқ болса,Сіз қорға хабарласып, растайтын құжаттарды ұсына аласыз, Қор сізді сақтандырылған адам ретінде бір айға дерекқорға қосады, осылайша сіз медициналық көмек ала аласыз. Ол үшін Сіз qoldau 24/7 мобильді қосымшасын пайдаланып, сіздің мәртебеңізді растайтын құжаттарды жібере аласыз. Уақытша мәртебе алу үшін қандай құжаттарды тіркеу керек: Балалар - туу туралы куәлік Жұмыссыз ретінде тіркелген тұлғалар - жұмыссыз ретінде тіркелгені туралы анықтама Жұмыс істемейтін жүкті әйелдер-027\у нысаны бойынша анықтама Баланы 3 жасқа толғанға дейін тәрбиелеп отырған жұмыс істемейтін адам (баланың заңды өкілдерінің бірі) - 3 жасқа дейінгі баланың туу туралы куәлігі - баланың туу туралы куәлігі Мүгедек баланы күтуді жүзеге асыратын жұмыс істемейтін адамдар - мүгедектігі туралы анықтама, баланың туу туралы куәлігі, жұмыссыз ретінде тіркелгені туралы анықтама Бала кезінен бірінші топтағы мүгедек балаға күтім жасайтын жұмыс істемейтін адамдар -мүгедектігі туралы анықтама және бала кезінен бірінші топтағы мүгедекке күтім жасайтын адамның жеке басын растайтын құжаттар Зейнетақы төлемдерін алушылар, оның ішінде Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері - жеке куәлік, ҰОС ардагері куәлігі Жұмыс істемейтін қандастар - қандас куәлігі және жұмыссыз ретінде тіркелгені туралы анықтама "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, сондай-ақ I-II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көп балалы аналар - марапатты растайтын құжат Мүгедектігі бар адамдар - мүгедектік туралы анықтама Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білім беру, сондай-ақ жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысаны бойынша білім алатын адамдар - оқу орнынан анықтама, студенттік билет Жұмыс істемейтін мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылар - пациенттің АӘК алушыға тиесілігін растайтын анықтама
2. Qoldau24/7 мобильді қосымшасында сақтандыру мәртебесін тексеруге бола ма?
Иә, "сақтандыру мәртебесін тексеру" бөлімінде тексеруге болады.
3. Qoldau 24\7 қосымшасымен проблема туындады. Поштаға келген код сәйкес келмейді.
По данному вопросу вы можете обратиться в чат поддержки по электронному адресу qoldau@fms.kz
Өтініш беру МӘМС калькуляторы Іздеу