Жиі кездесетін сұрақтар
1. Мүгедектерді аудандық емханадан облыстық және республикалық медицина мекемелеріне жоспарлы госпитализация және тексеру үшін тасымалдауға кім жауапты?
Мүгедектерді жоспарлы емдеуге жатқызу және тексеру үшін тасымалдау жөніндегі міндет облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті өкілді және атқарушы органдарына жүктеледі
Дереккөз: "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі.
Дереккөз: "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі.
2. Қандай жағдайларда санитарлық авиацияның көмегіне жүгінеді?
Медициналық авиацияны тарта отырып жедел медициналық көмек көрсетіледі:
1) пациенттің орналасқан жері бойынша медициналық ұйымда медициналық бұйымдардың және (немесе) тиісті біліктілігі бар мамандардың болмауына байланысты медициналық көмек көрсету мүмкін болмаған кезде;
2) медициналық көмек көрсетудің екінші және үшінші деңгейлеріндегі мамандарды межелі жерге жеткізу қажет болған кезде;
3) пациенттің орналасқан жері бойынша медициналық көмек көрсету мүмкін болмаған және тиімсіз болған кезде медициналық көмек көрсетудің екінші және үшінші деңгейдегі медициналық ұйымдарына науқасты тасымалдау үшін;
4) тиісті медициналық ұйымға кейіннен транспланттау үшін ағзаларды (органның бір бөлігін) және (немесе) тіндерді (тіннің бір бөлігін) тасымалдау үшін.
Медициналық авиация келесі жағдайларда қолданылуы мүмкін:
1) ауыр жағдайдағы пациентті шетелдік клиникалардан отандық клиникаларға жеткізу;
2) медициналық көмек көрсетудің екінші және үшінші деңгейлеріндегі медициналық ұйымдардан емдеуді жалғастыру үшін тұрғылықты жері бойынша медициналық ұйымдарға медициналық сүйемелдеуді қажет ететін пациентті жеткізу.
Жедел медициналық көмек көрсету, оның ішінде медициналық авиацияны тарта отырып, қағидаларын уәкілетті орган әзірлейді және бекітеді.
кодекстің 2,3,4-тармағы 121-бабы:
3. ВТМУ алу үшін медициналық көмек алу үшін пациенттің жол ақысын кім төлейді (екі жаққа)?
Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті өкілді және атқарушы органдары міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде тегін медициналық көмектің және (немесе) медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде жоғары технологиялық медициналық көрсетілетін қызметтерді алу үшін Қазақстан Республикасының азаматтарына тұрақты тұратын елді мекеннен тыс жерлерге тегін немесе жеңілдікпен жол жүруді ұсыну туралы шешім қабылдайды;
тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде халыққа медициналық көмек көрсетудің жол жүру сипаты жағдайында көлікпен қамтамасыз ету немесе ауылдық жерлерде медициналық көмек көрсету үшін барған кезде көлік шығыстарын өтеу жөнінде шаралар қабылдайды
тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде халыққа медициналық көмек көрсетудің жол жүру сипаты жағдайында көлікпен қамтамасыз ету немесе ауылдық жерлерде медициналық көмек көрсету үшін барған кезде көлік шығыстарын өтеу жөнінде шаралар қабылдайды