Вакансиялар
страхования»
Актуальные вакансии
Кандидатқа қойылатын талаптар:
- Салалардағы білім: Ақпараттық технологиялар немесе ІТ/ математика/ экономика;
- Жұмыс тәжірибесі: Кадрларды даярлаудың тиісті бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі, өндірісті басқарудың автоматтандырылған жүйелері бойынша инженер лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 3 (үш) жыл.
Осы лауазымдағы функционалдық міндеттері:
1) техникалық құжаттаманы жазу (нұсқаулықтар, техникалық тапсырмалар, ерекшеліктер);
2) Департамент құзыреті шегінде «Saqtandyrý» АЖ «Медициналық көмекке ақы төлеудің бірыңғай жүйесі» кіші жүйесін әзірлеу мен модификациялаудың барлық кезеңдерінде әзірлеушілермен және талдаушылармен өзара іс-қимылды қамтамасыз ету;
3) жобалау құжаттамасын әзірлеу және өзекті жай-күйде ұстау;
4) әзірлеушілерге міндеттер қою (талаптардың, бағдарламалардың жұмыс сценарийлерінің, пайдаланушы интерфейсінің ресімделген сипаттамасы) және олардың орындалуын бақылау;
5) алгоритмдерді іске асырудың дұрыстығына және ұсынылған талаптарға сәйкестігіне өзгертілген функционалға алдын ала тестілеу жүргізу;
6) ақпараттық жүйелердегі (бұдан әрі - АЖ) іркілістер туралы ақпаратқа талдау жүргізу және оларды жоюға шаралар қабылдау;
7) Қор функцияларын автоматтандыру бөлігінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің (бұдан әрі – ҚР ДСМ АЖ) ақпараттық жүйелерін модификациялау бойынша техникалық бөлім бойынша ұсыныстар дайындау, міндеттер қою;
8) өз құзыреті шегінде проблемалық мәселелерді шешу бойынша кеңестерге, ҚР ДСМ АЖ мәселелері бойынша талқылауларға, Қордың құрылымдық бөлімшелерімен және «Республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығы» ШЖҚ РМК-мен өзара іс-қимылға қатысу;
9) Қор функцияларын автоматтандыру бөлігінде ҚР ДСМ АЖ модификациялау жөніндегі міндеттерді іске асыру мониторингін жүргізу;
10) Қор Басқармасының 2021 жылғы 23 сәуірдегі шешімімен бекітілген қордың электрондық ресурстарына қол жеткізу құқықтарының аражігін ажырату қағидаларына сәйкес қызметкерлердің Қордың ақпараттық жүйелеріне қол жеткізуін әкімшілендіру (№13 хаттама);
11) «Электрондық қаржы орталығы» акционерлік қоғамы талдаушылармен өзара іс-қимыл жасау, талаптарды сипаттау үшін ақпаратты уақтылы ұсыну (талаптардың, бағдарламалардың жұмыс сценарийлерінің, пайдаланушы интерфейсінің ресімделген сипаттамасы) және олардың орындалуын бақылау;
12) «Электрондық коммерциялық сатып алу» электрондық сатып алу ақпараттық жүйесін (Денсаулық сақтау субъектілерінен сатып алу веб-порталы) іске асыру және түрлендіру бойынша «Электрондық қаржы орталығы» АҚ мүдделі қызметкерлерімен өзара іс-қимыл жасау, Департамент құзыреті шегінде қойылған міндеттердің орындалуын бақылау;
13) Департамент басқармасы құзыреті шеңберінде ақпараттық жүйелерді құру, дамыту және енгізу жөніндегі жобалар шеңберінде автоматтандыруға жататын қордың бизнес-процестерінің сипаттамасын әзірлеуге қатысу, әзірлеу, өзектендіру;
14) Қордың, ҚР ДСМ АЖ ақпараттық жүйелерін енгізу және сүйемелдеу жөніндегі жұмыс кеңестеріне қатысу;
15) «Saqtandyrý» АЖ «Медициналық көмекке ақы төлеудің бірыңғай жүйесі» кіші жүйесімен жұмыс істеу бойынша қор қызметкерлерін оқытуды және оларға консультация беруді, жүйелермен жұмыс істеу бойынша пайдаланушымен өзара іс-қимылды жүзеге асыруды, жаңартылған функциялар бойынша оқытуды жүргізу;
16) Департамент басқармасының бастамасы бойынша жасалған шарттар бойынша қор жеткізушілерінің шарттық міндеттемелерін орындамауына талдау жүргізу (қажеттілігіне қарай);
17) «Электрондық үкімет» ақпараттандыру объектілері мен ақпараттық жүйелерге сынақтар жүргізудің әдістемесі мен қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы цифрлық даму, Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2019 жылғы 3 маусымдағы бұйрығына сәйкес «Saqtandyrý» АЖ ақпараттық қауіпсіздігі бойынша сынақтардан өту уақытында ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілерінің ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне өз құзыреті шегінде «Мемлекеттік техникалық қызмет» АҚ қызметкерлерімен өзара іс-қимылды жүзеге асыру;
18) Департамент басқармасының құзыреті шегінде Қордың нормативтік құқықтық актілері мен ішкі құжаттарының жобасын әзірлеу;
19) Департамент құзыреті шегінде ақпараттық жүйелерді құру, дамыту және енгізу жөніндегі жобалар шеңберінде автоматтандыруға жататын Қордың бизнес-процестерінің сипаттамасын әзірлеу, өзектендіру;
20) АЖ құру, дамыту және енгізу жөніндегі жобаларды жоспарлау;
21) АЖ құру, дамыту, енгізу және сүйемелдеу;
22) АЖ құру, дамыту және енгізу жөніндегі жобаларды аяқтауды жүзеге асыру;
23) Қордың АЖ қажеттілігі бойынша сыртқы АЖ-мен интеграциялау жөніндегі жұмыстарды жүргізу;
24) әзірленген/ өзгертілген функционал, модуль, сервис бойынша нұсқаулықтарды, пайдаланушы нұсқаулығын әзірлеу;
25) Қор функцияларын автоматтандыру жөніндегі міндеттер бөлігінде ҚР ДСМ АЖ модификациялау жөніндегі міндеттер жиынтығын іске асыру мониторингін жүргізу;
26) Қордың мүдделі құрылымдық бөлімшелеріне өз құзыреті шегінде Қордың қолданыстағы ішкі құжаттарына сәйкес тиісті сұрау салу негізінде АЖ-дан түсіруді ұсыну;
27) Департамент басқармасының құзыреті шегінде Қордың ішкі құжаттарында бекітілген іс-шараларды іске асыру;
28) Қордың негізгі қызметі бойынша АЖ пысықтау және түрлендіру бойынша ұсыныстар енгізу;
29) іске асыру мерзімдерін, жауапты тұлғаларды көрсете отырып, автоматтандыру жөніндегі міндеттер жоспарын қалыптастыру;
30) қосымша техникалық, бағдарламалық, әкімшілік ресурстардың құны мен қажеттілігі, іске асыру мерзімі мен тәсілі, еңбек шығындары бөлігінде пысықтау мен модификациялауды іске асыруға арналған жұмыстарды бағалауды жүргізу;
31) Департамент басқармасының құзыреті шегінде Қордың құрылымдық бөлімшелері бастамашылық жасаған жобаларға қатысу;
32) Қордың басшылығына, сондай-ақ Қордың мүдделі құрылымдық бөлімшелеріне ақпараттық жүйелердің жұмыс істеуі бойынша тиісті сұрау салу негізінде ақпарат беру;
33) қойылған міндеттерді, функцияларды, іс-шараларды, тапсырмаларды көрсетілген мерзімдерде уақтылы орындау;
34) Операциялық жоспарды және өзге де жоспарларды қалыптастыру үшін ақпаратты уақтылы ұсыну;
35) Операциялық жоспардың және өзге де жоспарлардың іс-шараларының орындалуы туралы ақпаратты уақтылы ұсыну;
36) Қорда қабылданатын нормативтік құқықтық актілердің және ішкі құжаттардың (нұсқаулықтардың, ережелердің, регламенттердің және т. б.) жобаларын дайындау, әзірлеу, сондай-ақ оларды дайындауға басқа құрылымдық бөлімшелермен бірлесіп қатысу;
37) Қор Департаменті басқармасының құзыретіне жататын мәселелер бойынша жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттік органдардың хаттарын, өтініштерін және өзге де өтініштерін қарау;
38) Департамент басқармасына бекітілген шарттар бойынша құзыреті шеңберінде өнім берушілердің шарттық міндеттемелерінің орындалуына мониторинг жүргізуді қамтамасыз ету (бар болса):
1) өнім берушілер заңмен сүйемелдеу жөніндегі құрылымдық бөлімшеге шарттық міндеттемелерді бұзу фактілерін анықтаған жағдайда, Департамент басқармасына бекітілген шарттар бойынша талап қою үшін қажетті құжаттарды қоса бере отырып, қызметтік жазбаны жолдау;
2) қылмыстық құқық бұзушылық белгілері бар іс-әрекеттер анықталған жағдайда, Қордың ішкі қауіпсіздікті ұйымдастыруға жауапты құрылымдық бөлімшесіне жазбаша хабарлама жіберу;
3) заңмен сүйемелдеу жөніндегі құрылымдық бөлімшенің сұрау салуы бойынша қажетті құжаттар мен ақпаратты ұсыну;
39) Департаменттің, Қордың басшылығы, Қордың ішкі құжаттары, Қазақстан Республикасының заңнамасы, Департамент туралы ереже жүктеген өзге де міндеттерді жүзеге асыруға міндетті.
Жалпы конкурс келесі кезеңдерден тұрады:
1) Эссе;
2) Әңгімелесу.