Вакансиялар
страхования»
Актуальные вакансии
Кандидатқа қойылатын талаптар:
- Салалардағы білім: Ақпараттық технологиялар немесе ІТ/ математика/ экономика;
- Жұмыс тәжірибесі: Кадрларды даярлаудың тиісті бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі, өндірісті басқарудың автоматтандырылған жүйелері бойынша инженер лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 2 (екі) жыл
Осы лауазымдағы функционалдық міндеттері:
1) техникалық құжаттаманы жазу (нұсқаулықтар, техникалық тапсырмалар, ерекшеліктер);
2) өз құзыреті шегінде «Бірыңғай медициналық ақпараттық Call-орталық» жүйесін әзірлеу мен модификациялаудың барлық кезеңдерінде әзірлеушілермен және талдаушылармен өзара іс-қимылды жүзеге асыру;
3) жобалау құжаттамасын әзірлеу және өзекті жай-күйде ұстау;
4) «Бірыңғай медициналық ақпараттық Call-орталық» жүйесі бойынша Қордың құрылымдық бөлімшелерінің сұрау салулары бойынша талдамалық және өзге де ақпаратты қалыптастыру үшін құралдар ұсыну;
5) әзірлеушілерге міндеттер қою (талаптардың, бағдарламалардың жұмыс сценарийлерінің, пайдаланушы интерфейсінің ресімделген сипаттамасы) және олардың орындалуын бақылау;
6) алгоритмдерді іске асырудың дұрыстығына және ұсынылған талаптарға сәйкестігіне өзгертілген функционалға алдын ала тестілеу жүргізу;
7) ақпараттық жүйелердегі іркілістер туралы ақпаратқа талдау жүргізу және оларды жоюға шаралар қабылдау;
8) Қор функцияларын автоматтандыру жөніндегі міндеттер бөлігінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің ақпараттық жүйелерін модификациялау жөніндегі міндеттер жиынтығын іске асыру мониторингін жүргізу;
9) ақпараттық жүйелердің (бұдан әрі-АЖ) өнімділігін талдау, оңтайландыру бойынша шешімдер енгізу;
10) Департамент құзыреті шеңберінде Ақпараттық жүйелерді құру, дамыту және енгізу жөніндегі жобалар шеңберінде автоматтандыруға жататын қордың бизнес-процестерінің сипаттамасын әзірлеуге, өзектендіруге қатысу;
11) Қор қызметкерлерін «Бірыңғай медициналық ақпараттық Call-орталық» жүйесімен жұмыс істеу бойынша оқытуды және консультацияны жүргізеді, пайдаланушымен жүйелермен жұмыс істеу бойынша өзара іс-қимылды жүзеге асырады, жаңартылған функциялар бойынша оқытуды жүргізеді;
12) Департаменттің бастамасы бойынша жасалған шарттар бойынша қор жеткізушілерінің шарттық міндеттемелерді орындамауына талдау жүргізу (қажеттілігіне қарай);
13) Қор Басқармасының 2021 жылғы 23 сәуірдегі шешімімен бекітілген қордың электрондық ресурстарына қол жеткізу құқықтарының аражігін ажырату қағидаларына сәйкес қызметкерлердің Қордың ақпараттық жүйелеріне қол жеткізуін әкімшілендіру (№13 хаттама);
14) Департамент құзыреті шегінде Ақпараттық жүйелерді (бұдан әрі-АЖ) құру, дамыту және енгізу жөніндегі жобалар шеңберінде автоматтандыруға жататын қордың бизнес - процестерінің сипаттамасын әзірлеу, өзектендіру;
15) АЖ құру, дамыту және енгізу жөніндегі жобаларды жоспарлау;
16) АЖ құру, дамыту, енгізу және сүйемелдеу;
17) АЖ құру, дамыту және енгізу жөніндегі жобаларды аяқтауды жүзеге асыру;
18) Қордың АЖ қажеттілігі бойынша сыртқы АЖ-мен интеграциялау жөніндегі жұмыстарды жүргізу;
19) әзірленген/ өзгертілген функционал, модуль, сервис бойынша нұсқаулықтарды, пайдаланушы нұсқаулығын әзірлеу;
20) Қордың мүдделі құрылымдық бөлімшелеріне өз құзыреті шегінде Қордың қолданыстағы ішкі құжаттарына сәйкес тиісті сұрау салу негізінде АЖ-дан түсіруді ұсыну;
21) Департаменттің құзыреті шегінде Қордың ішкі құжаттарында бекітілген іс-шараларды іске асыру;
22) Қордың негізгі қызметі бойынша АЖ пысықтау және түрлендіру бойынша ұсыныстар енгізу;
23) іске асыру мерзімдерін, жауапты тұлғаларды көрсете отырып, автоматтандыру жөніндегі міндеттер жоспарын қалыптастыру;
24) қосымша техникалық, бағдарламалық, әкімшілік ресурстардың құны мен қажеттілігі, іске асыру мерзімі мен тәсілі, еңбек шығындары бөлігінде пысықтау мен модификациялауды іске асыруға арналған жұмыстарды бағалауды жүргізу;
25) Департаменттің құзыреті шегінде Қордың құрылымдық бөлімшелері бастамашылық жасаған жобаларға қатысу;
26) Қордың басшылығына, сондай-ақ Қордың мүдделі құрылымдық бөлімшелеріне ақпараттық жүйелердің жұмыс істеуі бойынша тиісті сұрау салу негізінде ақпарат беру;
27) қойылған міндеттерді, функцияларды, іс-шараларды, тапсырмаларды көрсетілген мерзімдерде уақтылы орындау;
28) Операциялық жоспарды және өзге де жоспарларды қалыптастыру үшін ақпаратты уақтылы ұсыну;
29) Операциялық жоспардың және өзге де жоспарлардың іс-шараларының орындалуы туралы ақпаратты уақтылы ұсыну;
30) Департаменттің, Қордың басшылығымен, Қордың ішкі құжаттарымен және Департамент туралы ережемен жүктелген өзге де міндеттерді орындау;
31) Департамент басқармасының құзыретіне жататын мәселелер бойынша жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттік органдардың хаттарын, өтініштерін және өзге де өтініштерін қарау;
32) Департамент басқармасына бекітілген шарттар бойынша құзыреті шеңберінде өнім берушілердің шарттық міндеттемелерінің орындалуына мониторинг жүргізу (бар болса):
1) өнім берушілер заңмен сүйемелдеу жөніндегі құрылымдық бөлімшеге шарттық міндеттемелерді бұзу фактілерін анықтаған жағдайда, Департамент басқармасына бекітілген шарттар бойынша талап қою үшін қажетті құжаттарды қоса бере отырып, қызметтік жазбаны жолдау;
2) қылмыстық құқық бұзушылық белгілері бар іс-әрекеттер анықталған жағдайда, Қордың ішкі қауіпсіздікті ұйымдастыруға жауапты құрылымдық бөлімшесіне жазбаша хабарлама жіберу;
3) заңмен сүйемелдеу жөніндегі құрылымдық бөлімшенің сұрау салуы бойынша қажетті құжаттар мен ақпаратты ұсынады.
Жалпы конкурс келесі кезеңдерден тұрады:
1) Әңгімелесу.