Вакансиялар
страхования»
Актуальные вакансии
Кандидатқа қойылатын талаптар:
Салалардағы білім: құқықтану/ медицина/ экономика / техникалық.
Жұмыс тәжірибесі: кадрларды даярлаудың тиісті бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім, кәсіби салада және (немесе) функционалдық бағыттарға сәйкес салаларда кемінде 2 жыл жұмыс өтілі.
Осы лауазымдағы функционалдық міндеттері:
1. Түрі мен нысанын көрсете отырып, әлеуетті медициналық қызмет көрсетушілердің дерекқорын құру;
2. Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде денсаулық сақтау субъектілерінен көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидаларын сақтау;
3. "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларда денсаулық сақтау субъектілерінің міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек көрсету жөніндегі көрсетілетін қызметтерді сатып алуға жіберілмеуге тиіс;
4. ТМККК және МӘМС жүйесі шеңберінде медициналық қызметтер көрсетуге қызметтер берушілерін таңдауды жүзеге асыру;
5. Медициналық көмек көрсетуді жүзеге асыратын денсаулық сақтау субъектілерімен медициналық қызметтерді сатып алу шарттарын жасау;
6. Дәрілік қамтамасыз ету бойынша әлеуетті қызметтер берушілердің тізілімін қалыптастыру;
7. МӘМС және ТМККК саясатын жетілдіру саласындағы талдамалық жұмыс;
8. Қор филиалының құзыретіне жататын мәселелер бойынша Қордың алқалы органдарының жұмысына қатысу, мүдделерін білдіру немесе Қор филиалының мемлекеттік органдар мен басқа да ұйымдарда өкілі ретінде әрекет ету;
9. Қор жеткізушілерінің шарттық міндеттемелерін орындау мониторингі;
10. Қордың қызметтер берушілері шарттық міндеттемелерді орындамаған жағдайда, өнім берушілермен наразылық жұмыстарын жүргізу, осы фактілерді заңдық сүйемелдеу департаментімен келісу (сатып алу бастамашысы-құрылымдық бөлімшелер үшін);
11. Қордың ішкі қауіпсіздікті ұйымдастыруға жауапты құрылымдық бөлімшесіне қылмыстық құқық бұзушылық белгілері туралы хабарлама беру;
12. Қордың қызметтер берушілерінің шарттық міндеттемелерді орындамауына талдау жүргізу (сатып алу бастамашысы-құрылымдық бөлімшелер үшін);
13. Қазақстан Республикасының заңнамасына, Қордың филиалы туралы ережеге, Қордың ішкі актілеріне сәйкес Қор басшылығы жүктеген өзге де міндеттерді орындау.
Жалпы конкурс келесі кезеңдерден тұрады:
1) Әңгімелесу.