1414
kk
kk ru en
Нашар көретіндер нұсқасы
Вакансии
Артқа

Вакансии

Стань частью НАО «Фонд социального медицинского
страхования»
Уважаемые кандидаты! Добро пожаловать в раздел вакансий НАО «Фонд социального медицинского страхования». Здесь вы найдете отличные возможности для профессионального роста и развития. Приглашаем вас ознакомиться с нашими текущими предложениями.

Актуальные вакансии

Ақпараттық технологиялар департаменті ақпараттық жүйелерді тестілеу және сүйемелдеу басқармасының аға менеджері

Кандидатқа қойылатын талаптар:

  • Салалардағы білім: Ақпараттық технологиялар немесе  ІТ  /математика/экономика;
  • Жұмыс тәжірибесі: Кадрларды даярлаудың тиісті бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі, өндірісті басқарудың автоматтандырылған жүйелері бойынша инженер лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 3 (үш) жыл.
Функционалдық міндеттері:

1)    техникалық құжаттаманы жазу (нұсқаулықтар, техникалық тапсырмалар, ерекшеліктер);

2)    өз құзыреті шегінде «Битрикс24» корпоративтік порталын, Қордың корпоративтік сайтын әзірлеу мен модификациялаудың барлық кезеңдерінде әзірлеушілермен және талдаушылармен өзара іс-қимылды жүзеге асыру;

3)    жобалау құжаттамасын әзірлеу және өзекті жай-күйде ұстау;

4)     «Битрикс24» корпоративтік порталы, Қордың корпоративтік сайты бойынша Қордың құрылымдық бөлімшелерінің сұрау салулары бойынша талдамалық және өзге де ақпаратты қалыптастыруға арналған құралдарды ұсыну.

5)    әзірлеушілерге міндеттер қою (талаптардың, бизнес-процестердің формальды сипаттамасы) және олардың орындалуын бақылау;

6)    алгоритмдерді іске асырудың дұрыстығына және ұсынылған талаптарға сәйкестігіне өзгертілген функционалға алдын ала тестілеу жүргізу;

7)    ақпараттық жүйелердегі іркілістер туралы ақпаратқа талдау жүргізу және оларды жоюға шаралар қабылдау;

8)         «Битрикс24» корпоративтік порталымен, Қордың корпоративтік сайтымен жұмыс істеу бойынша Қор қызметкерлерін оқытуды және консультация беруді жүргізеді, жүйелермен жұмыс істеу бойынша пайдаланушылармен өзара іс-қимылды жүзеге асырады, жаңартылған функциялар бойынша оқыту жүргізу;

9)         ұсынылған талаптарға сәйкес Қордың сайтын әкімшілендіру, толтыру;

10)     Қор Басқармасының 2021 жылғы 23 сәуірдегі шешімімен бекітілген қордың электрондық ресурстарына қол жеткізу құқықтарының аражігін ажырату қағидаларына сәйкес қызметкерлердің Қордың ақпараттық жүйелеріне қол жеткізуін әкімшілендіру (№13 хаттама);

11)     Департамент құзыреті шегінде Ақпараттық жүйелерді (бұдан әрі-АЖ) құру, дамыту және енгізу жөніндегі жобалар шеңберінде автоматтандыруға жататын қордың бизнес - процестерінің сипаттамасын әзірлеу, өзектендіру;

12)     АЖ құру, дамыту және енгізу жөніндегі жобаларды жоспарлау;

13)     АЖ құру, дамыту, енгізу және сүйемелдеу;

14)     АЖ құру, дамыту және енгізу жөніндегі жобаларды аяқтауды жүзеге асыру;

15)     Қордың АЖ қажеттілігі бойынша сыртқы АЖ-мен интеграциялау жөніндегі жұмыстарды жүргізу;

16)     әзірленген/ өзгертілген функционал, модуль, сервис бойынша нұсқаулықтарды, пайдаланушы нұсқаулығын әзірлеу;

17)     Қордың мүдделі құрылымдық бөлімшелеріне өз құзыреті шегінде Қордың қолданыстағы ішкі құжаттарына сәйкес тиісті сұрау салу негізінде АЖ-дан түсіруді ұсыну;

18)     Департаменттің құзыреті шегінде Қордың ішкі құжаттарында бекітілген іс-шараларды іске асыру;

19)     Қордың негізгі қызметі бойынша АЖ пысықтау және түрлендіру бойынша ұсыныстар енгізу;

20)     іске асыру мерзімдерін, жауапты тұлғаларды көрсете отырып, автоматтандыру жөніндегі міндеттер жоспарын қалыптастыру;

21)     қосымша техникалық, бағдарламалық, әкімшілік ресурстардың құны мен қажеттілігі, іске асыру мерзімі мен тәсілі, еңбек шығындары бөлігінде пысықтау мен модификациялауды іске асыруға арналған жұмыстарды бағалауды жүргізу;

22)     Департаменттің құзыреті шегінде Қордың құрылымдық бөлімшелері бастамашылық жасаған жобаларға қатысу;

23)     Қордың басшылығына, сондай-ақ Қордың мүдделі құрылымдық бөлімшелеріне ақпараттық жүйелердің жұмыс істеуі бойынша тиісті сұрау салу негізінде ақпарат беру;

24)     қойылған міндеттерді, функцияларды, іс-шараларды, тапсырмаларды көрсетілген мерзімдерде уақтылы орындау;

25)     Операциялық жоспарды және өзге де жоспарларды қалыптастыру үшін ақпаратты уақтылы ұсыну;

26)     Операциялық жоспардың және өзге де жоспарлардың іс-шараларының орындалуы туралы ақпаратты уақтылы ұсыну;

27)     Департаменттің, Қордың басшылығымен, Қордың ішкі құжаттарымен және Департамент туралы ережемен жүктелген өзге де міндеттерді орындау;

28)     Департамент басқармасының құзыретіне жататын мәселелер бойынша жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттік органдардың хаттарын, өтініштерін және өзге де өтініштерін қарау;

29)     Департамент басқармасына бекітілген шарттар бойынша құзыреті шеңберінде өнім берушілердің шарттық міндеттемелерінің орындалуына мониторинг жүргізу (бар болса):

1) өнім берушілер заңмен сүйемелдеу жөніндегі құрылымдық бөлімшеге шарттық міндеттемелерді бұзу фактілерін анықтаған жағдайда, Департамент басқармасына бекітілген шарттар бойынша талап қою үшін қажетті құжаттарды қоса бере отырып, қызметтік жазбаны жолдау;

2) қылмыстық құқық бұзушылық белгілері бар іс-әрекеттер анықталған жағдайда, Қордың ішкі қауіпсіздікті ұйымдастыруға жауапты құрылымдық бөлімшесіне жазбаша хабарлама жіберу;

3) заңмен сүйемелдеу жөніндегі құрылымдық бөлімшенің сұрау салуы бойынша қажетті құжаттар мен ақпаратты ұсынады.
Дата начала приема документов: 16.09.2024 09:00:00
Подать обращение МӘМС калькуляторы Іздеу