Вакансии
страхования»
Актуальные вакансии
Кандидатқа қойылатын талаптар:
- Салалардағы білім: Ақпараттық технологиялар немесе ІТ /математика/экономика;
- Жұмыс тәжірибесі: Кадрларды даярлаудың тиісті бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі, өндірісті басқарудың автоматтандырылған жүйелері бойынша инженер лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 3 (үш) жыл.
1) техникалық құжаттаманы жазу (нұсқаулықтар, техникалық тапсырмалар, ерекшеліктер);
2) өз құзыреті шегінде «Битрикс24» корпоративтік порталын, Қордың корпоративтік сайтын әзірлеу мен модификациялаудың барлық кезеңдерінде әзірлеушілермен және талдаушылармен өзара іс-қимылды жүзеге асыру;
3) жобалау құжаттамасын әзірлеу және өзекті жай-күйде ұстау;
4) «Битрикс24» корпоративтік порталы, Қордың корпоративтік сайты бойынша Қордың құрылымдық бөлімшелерінің сұрау салулары бойынша талдамалық және өзге де ақпаратты қалыптастыруға арналған құралдарды ұсыну.
5) әзірлеушілерге міндеттер қою (талаптардың, бизнес-процестердің формальды сипаттамасы) және олардың орындалуын бақылау;
6) алгоритмдерді іске асырудың дұрыстығына және ұсынылған талаптарға сәйкестігіне өзгертілген функционалға алдын ала тестілеу жүргізу;
7) ақпараттық жүйелердегі іркілістер туралы ақпаратқа талдау жүргізу және оларды жоюға шаралар қабылдау;
8) «Битрикс24» корпоративтік порталымен, Қордың корпоративтік сайтымен жұмыс істеу бойынша Қор қызметкерлерін оқытуды және консультация беруді жүргізеді, жүйелермен жұмыс істеу бойынша пайдаланушылармен өзара іс-қимылды жүзеге асырады, жаңартылған функциялар бойынша оқыту жүргізу;
9) ұсынылған талаптарға сәйкес Қордың сайтын әкімшілендіру, толтыру;
10) Қор Басқармасының 2021 жылғы 23 сәуірдегі шешімімен бекітілген қордың электрондық ресурстарына қол жеткізу құқықтарының аражігін ажырату қағидаларына сәйкес қызметкерлердің Қордың ақпараттық жүйелеріне қол жеткізуін әкімшілендіру (№13 хаттама);
11) Департамент құзыреті шегінде Ақпараттық жүйелерді (бұдан әрі-АЖ) құру, дамыту және енгізу жөніндегі жобалар шеңберінде автоматтандыруға жататын қордың бизнес - процестерінің сипаттамасын әзірлеу, өзектендіру;
12) АЖ құру, дамыту және енгізу жөніндегі жобаларды жоспарлау;
13) АЖ құру, дамыту, енгізу және сүйемелдеу;
14) АЖ құру, дамыту және енгізу жөніндегі жобаларды аяқтауды жүзеге асыру;
15) Қордың АЖ қажеттілігі бойынша сыртқы АЖ-мен интеграциялау жөніндегі жұмыстарды жүргізу;
16) әзірленген/ өзгертілген функционал, модуль, сервис бойынша нұсқаулықтарды, пайдаланушы нұсқаулығын әзірлеу;
17) Қордың мүдделі құрылымдық бөлімшелеріне өз құзыреті шегінде Қордың қолданыстағы ішкі құжаттарына сәйкес тиісті сұрау салу негізінде АЖ-дан түсіруді ұсыну;
18) Департаменттің құзыреті шегінде Қордың ішкі құжаттарында бекітілген іс-шараларды іске асыру;
19) Қордың негізгі қызметі бойынша АЖ пысықтау және түрлендіру бойынша ұсыныстар енгізу;
20) іске асыру мерзімдерін, жауапты тұлғаларды көрсете отырып, автоматтандыру жөніндегі міндеттер жоспарын қалыптастыру;
21) қосымша техникалық, бағдарламалық, әкімшілік ресурстардың құны мен қажеттілігі, іске асыру мерзімі мен тәсілі, еңбек шығындары бөлігінде пысықтау мен модификациялауды іске асыруға арналған жұмыстарды бағалауды жүргізу;
22) Департаменттің құзыреті шегінде Қордың құрылымдық бөлімшелері бастамашылық жасаған жобаларға қатысу;
23) Қордың басшылығына, сондай-ақ Қордың мүдделі құрылымдық бөлімшелеріне ақпараттық жүйелердің жұмыс істеуі бойынша тиісті сұрау салу негізінде ақпарат беру;
24) қойылған міндеттерді, функцияларды, іс-шараларды, тапсырмаларды көрсетілген мерзімдерде уақтылы орындау;
25) Операциялық жоспарды және өзге де жоспарларды қалыптастыру үшін ақпаратты уақтылы ұсыну;
26) Операциялық жоспардың және өзге де жоспарлардың іс-шараларының орындалуы туралы ақпаратты уақтылы ұсыну;
27) Департаменттің, Қордың басшылығымен, Қордың ішкі құжаттарымен және Департамент туралы ережемен жүктелген өзге де міндеттерді орындау;
28) Департамент басқармасының құзыретіне жататын мәселелер бойынша жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттік органдардың хаттарын, өтініштерін және өзге де өтініштерін қарау;
29) Департамент басқармасына бекітілген шарттар бойынша құзыреті шеңберінде өнім берушілердің шарттық міндеттемелерінің орындалуына мониторинг жүргізу (бар болса):
1) өнім берушілер заңмен сүйемелдеу жөніндегі құрылымдық бөлімшеге шарттық міндеттемелерді бұзу фактілерін анықтаған жағдайда, Департамент басқармасына бекітілген шарттар бойынша талап қою үшін қажетті құжаттарды қоса бере отырып, қызметтік жазбаны жолдау;
2) қылмыстық құқық бұзушылық белгілері бар іс-әрекеттер анықталған жағдайда, Қордың ішкі қауіпсіздікті ұйымдастыруға жауапты құрылымдық бөлімшесіне жазбаша хабарлама жіберу;
3) заңмен сүйемелдеу жөніндегі құрылымдық бөлімшенің сұрау салуы бойынша қажетті құжаттар мен ақпаратты ұсынады.