Бүгін Астана қаласы бойынша «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» «МӘМС жүйесінің тамырлы нейрохирургияны дамытудағы рөлі» тақырыбында баспасөз мәслихатын өткізді. Журналистер Ұлттық нейрохирургия орталығында болып, заманауи ота, жаңа әдістер туралы ақпарат алды. Сондай-ақ шара барысында «Ұлттық нейрохирургия орталығы» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Асылбек Қалиев сақтандыру қорының ем-шара алудағы мүмкіндіктері туралы айтып берді. Асылбек Бақытбекұлының айтуынша, соңғы кезде МӘМС арқылы тегін ота жасату мүмкіндігі артқан.

"Ұлттық нейрохирургия орталығында жылына орта есеппен 5000-дай ота жасалады, жалпы 5800-дей адам ем алады. Астана елдің орталығы болғандықтан, мұнда еліміздің 19 өңірінен келетін пациенттер бар. Пациенттеріміздің 90 пайызы – өзге өңірлерден келетіндер. МӘМС арқылы, квота алып, тегін емделуге, отадан кейін оңалтудан өтуге болады", - деді Асылбек Қалиев.

Айта кетейік, орталықта 2021 жылдан бері «Гамма-пышақ» әдісі арқылы ота жасалады. Медицинадағы бұл әдіс шетелде 20-30 жылдан бері қолданылғанымен, Орталық Азияда тек Қазақстанда ғана бар. Қазір медициналық туризм бағыты жанданып келе жатқанын ескерсек, онда бұл Ұлттық Нейрохирургия орталығына көрші елдердің азаматтары тарапынан сұраныс артады деген сөз.

Тағы бір ақпарат, жалпы 16 жыл ішінде орталықта 70 мыңнан астам пациент ем қабылдап, 49 мыңнан астам операция жасалған.

Ота гамма-пышақ арқылы 0,15 мм дәлдікпен 192 радиоактивті кобальт-60 көзі арқылы сәулемен жасалады. Бүгінге дейін осындай әдіспен 1700 ота жасалған.

Ұлттық нейрохирургия орталығының ашылуы Қазақстанда жоғары технологиялық нейрохирургиялық көмекке қолжетімділікті едәуір арттырды. Бұрын шетелде ғана жасалатын күрделі операциялар бүгінде Қазақстанның өзінде қолжетімді.
qazradio.fm
20.11.2024
66% считают статью полезной Была ли эта статья для вас полезной ?
Сонымен қатар оқыңыз
«МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ЖҮЙЕЛІ БОЛУҒА ТИІС»
«МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ЖҮЙЕЛІ БОЛУҒА ТИІС»
МӘМС жүйесі енгізілгелі халықтың медицина қызметіне қояр талабы жоғарылады. Мемлекет басшысының тапсырмасымен Денсаулық сақтау министрлігі кейінгі бес жылда салаға бірқатар өзгеріс енгізді. Соның кейінгісі әрі ауқымдысы цифрландыруға, Бірыңғай мемлекеттік медициналық ақпараттық жүйені енгізуге қатысты болды. Бірер күн бұрын Президент МӘМС жүйесін жетілдіретін, медицина қызметінің сапасын тағы да жақсарта түсетін заңға қол қойды. Осы өзгерістердің мән-жайын және саладағы басқа да жаңашылдықтар жөнінде Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова айтып берді.
16.07.2025
ЗА ЧТО МЫ ПЛАТИМ ОСМС
ЗА ЧТО МЫ ПЛАТИМ ОСМС
Свыше 1,3 трлн тенге выделено в этом году на оказание медицинской помощи по ОСМС. Какие услуги туда входят, рассказали в Фонде социального медицинского страхования.
14.07.2025
ОСМС: КТО В КАЗАХСТАНЕ МОЖЕТ ЛЕЧИТЬ ЗУБЫ БЕСПЛАТНО?
ОСМС: КТО В КАЗАХСТАНЕ МОЖЕТ ЛЕЧИТЬ ЗУБЫ БЕСПЛАТНО?
Государство ежегодно выделяет миллиарды на бесплатную стоматологию в рамках ОСМС. Рассказываем, кто может рассчитывать на бесплатное лечение зубов, какие условия нужно соблюсти и куда обращаться за помощью.
08.06.2025
Барлығын қарау
Өтініш беру МӘМС калькуляторы Іздеу