Артқа
Артқа

Өз емханаңыздан балалар тағамын қалай алуға болады?

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры «Дені сау бала мектебі» білім беру жобасының аясында қазақстандық балалар мен олардың ата-аналарының қандай көмекке құқығы бар екендігін айтып беруді жалғастырады. Біз өз емханаңыздан қандай жағдайларда тегін балалар тағамын алуға болатындығы туралы пайдалы ақпаратты дайындадық.

Нұрұлтан қаласының медициналық орталығының директоры, MD, MBA, бірінші санатты денсаулық сақтау ұйымдастырушысы Аида Омарбекова медициналық-санитарлық алғашқы көмек (МСАК) ұйымдарында балалар тағамын берудің қалай жүргізіліп жатқаны туралы айтып берді.

«Ерте бастан жасанды немесе аралас тамақтандырудағы 1 жасқа дейінгі балаларды тамақтандыру азаматтардың жекелеген санаттарын тегін және (немесе) жеңілдікпен амбулаториялық қамтамасыз етуге арналған дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың тізбесіне кіреді. Емшек сүтін бейімделген алмастырғыштармен тегін қамтамасыз ету үшін абсолютті және салыстырмалы көрсеткіштер бар. Олар медициналық және әлеуметтік болып бөлінеді», - деп  Аида Бағдатқызы айтып өтті.

 Медициналық көрсеткіштер:

-       емшекпен емізетін ананың ауруы, оның ішінде инфекциялық (АИТВ инфекциясы, туберкулездің белсенді түрі);

-       бейінді маманның қорытындысы болған кезде дәрілік препараттарды қабылдаумен қатар жүретін емізетін ананың аурулары (цитостатиктер, радиоактивті, тиреоидты, психотроптық, есірткі);

-       жедел психикалық аурулар (психоз немесе босанғаннан кейінгі ауыр депрессия);

-       жүрек-қантамыр жүйесінің декомпенсациясымен қатар жүретін туа біткен және жүре пайда болған жүрек ақаулары, жүрек аурулары;

-       эндокриндік аурулардың ауыр түрлері;

-       аллергиялық аурулардың ауыр түрлері;

-       қан жүйесі және қан түзу аппараты ауруларының ауыр түрлері;

-       қатерлі онкологиялық аурулар;

-       бүйрек жеткіліксіздігінің дамуымен жүретін бүйрек ауруларының ауыр түрлері;

-       іріңді-септикалық аурулар;

-       гипогалактияның бастапқы формалары;

-       баланың негізгі аурулары, оның ішінде расталған туа біткен лактаза жеткіліксіздігі, галактоземия, фенилкетонурия, «үйеңкі шәрбаты» ауруы.

         Әлеуметтік көрсеткіштер:

-       көпұрықты жүктіліктен пайда болған балалар;

-       асырап алынған балалар;

-       бала емізетін ана оқудың күндізгі бөлімінде оқиды;

-       бала емізетін ана тәулік бойы стационарда емделуде.

     Мемлекет жасанды тамақтандыруға көрсеткіштері бар аналар мен сәбилерді қолдайды және оларды қажетті тамақпен қамтамасыз етеді. Дегенмен, сарапшы табиғи жолмен емізуге ештеңе жетпейтіндігін айтады.

«ДДҰ және ЮНИСЕФ сарапшылары алты айға дейін нәрестелерді тек емшек сүтімен, содан кейін екі жасқа дейін және одан кейін рационды басқа өнімдермен толықтыра отырып, емізуді жалғастыруды ұсынады»,деп Аида Бағдатқызы атап өтті.

Осы себепті, біздің елімізде емшек сүтімен тамақтандыру белсенді түрде насихатталуда, босануға дайындық мектептерінде болашақ аналармен сабақтар өткізіліп тұрады. Бала туылғаннан кейін сәйкесінше әңгімелер жүргізіліп, оларды емізу бойынша жаттығулар жасалады.

Балалар тағамын беру туралы шешім қалай қабылданады?

«Әрбір медициналық ұйымда комиссиясы құрылады. Оның құрамын емхананың өзі бекітеді. Комиссия отырыстарында пациенттердің тарихы қаралады және айғақтарды растаған кезде тегін балалар тағамын ұсыну туралы қорытынды жасайды»,деп Аида Бағдатқызы түсіндіріп өтті.

Туылғаннан бастап өмірінің бірінші айына дейін нәрестеге орта есеппен 8-ден 10 пакетке дейін құрғақ қоспа беріледі (қорап-орта есеппен 400 мг). Педиатр ай сайын баланы өлшейді, салмақтың өсуін тексереді және формула бойынша балалар тамағының тиісті мөлшерін жеке есептейді. Әр балаға арналған құрғақ сүт қоспаларының бөлінген көлемі анықталатын әдістемелік ұсыныстар бар.  2018 жылдан бастап емшек сүтінің бейімделген алмастырғыштарын сатып алуды емханалардың өздері жүзеге асырып отыр.

«Қоспалар ай сайынғы шығыннан бір күнтізбелік айға беріледі. Әр ай сайын учаскелік жалпы тәжірибелік дәрігер / педиатр баланы өлшеп, салмақ қосуын бақылайды. 6 айдан кейін қоспалар кемітіледі, өйткені балаға жалпы үстел (қосымша тамақ) енгізіліп, сүт қоспасының үлесі пропорционалды түрде азаяды», - деп түсіндірді сарапшы.

 Егер сүт аз болған жағдайда?

Жиі келесі сұрақ туындайды: егер анасы бастапқыда баланы емшек сүтімен тамақтандырса, не істеу керек, бірақ уақыт өте келе ол азайды? Сарапшы түсіндіргендей, ол әйелде босанғаннан кейін бірден болмаған жағдайда ғана, кейінгі гипогалактия қоспаларды тегін таратуға арналған көрсеткіштер тізіміне кіреді.

 Аллергия пайда болған жағдайда

Берілген қоспалар балаға сәйкес келмейтін жағдайлар болады. Бұл туралы бірден дәрігерге хабарлау қажет.

«Қоспаға аллергиялық реакциялар немесе оның кез-келген жеке ингредиенттеріне төзбеушілік жағдайында балаға жеке басқа қоспа таңдалады (гипоаллергенді, лактозасыз)», - деп түсіндірді сарапшы.

Балалар тамағымен қамтамасыз ету тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде жүргізіледі. Естеріңізге салып өтейік, декреттегі аналар МӘМС жүйесінде сақтандырылған, себебі олар үшін жарналарды мемлекет төлейді.

Егер сізде қосымша сұрақтар туындаса, сіз өз емханаңыздағы пациенттерге қолдау көрсету қызметіне жүгіне аласыз. Егер жағдайды сол жерде шешу мүмкін болмаған кезде, онда сіз ыңғайлы байланыс арнасы арқылы Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына жүгіне аласыз: fms.kz ресми сайты, 1406 байланыс орталығы, Telegram-дағы Qoldau 24/7 және SaqtandyryBot мобильді қосымшасы.

 

27.10.2021
66% считают статью полезной Была ли эта статья для вас полезной ?
Сонымен қатар оқыңыз
ОБЩЕСТВЕННО-КОНСУЛЬТАТИВНЫЙ СОВЕТ ЗАВЕРШИЛ РАБОТУ В 2024 ГОДУ
ҚОҒАМДЫҚ-КОНСУЛЬТАТИВТІК КЕҢЕС 2024 ЖЫЛҒЫ ЖҰМЫСЫН АЯҚТАДЫ
Кеңес сарапшылары отырыс қорытындылары бойынша 20-дан астам шара қабылдады.
14.02.2025
ТОП 10 УНИКАЛЬНЫХ ОПЕРАЦИЙ ПО ОСМС ЗА ЯНВАРЬ 2025 ГОДА
2025 ЖЫЛДЫҢ ҚАҢТАР АЙЫНДА МӘМС АЯСЫНДА ЖАСАЛҒАН ТОП 10 БІРЕГЕЙ ОПЕРАЦИЯ
Қазақстандық дәрігерлер кәсібиліктің жоғары деңгейін дәлелдей отырып, күрделі хирургиялық операцияларды сәтті жүргізіп, заманауи медициналық технологияларды қолдануда. Елдің әртүрлі өңірлерінде ісікті алып тастау, омыртқадағы ісікті «цементтеу», сіңірді қалпына келтіру және бала жүрегіне жасалатын операция сияқты бірегей оталар жасалуда.
11.02.2025
КАК БЫСТРО ПРОВЕРИТЬ СТАТУС В ОСМС
МӘМС-ТЕГІ МӘРТЕБЕНІ ҚАЛАЙ ЖЫЛДАМ ТЕКСЕРУГЕ БОЛАДЫ
Медициналық көмек алу туралы сұрақтар бойынша 1414 байланыс орталығына қоңырау шалуға болатыны белгілі. Келіп түсетін өтініштердің бір бөлігі МӘМС жүйесіндегі мәртебені нақтылауға қатысты. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорындағылар оператордың жауабын күтуге уақыт жоғалтпай, мәртебені онлайн-сервис арқылы жылдам тексеруге болатынын еске салып өтті.
06.02.2025
Барлығын көру
Подать обращение МӘМС калькуляторы Іздеу