Артқа
Артқа

«Барлық аймақтарда мәселелер 80% бірдей»: Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының басшысы Сәбит Ахметов ШҚО медициналық қауымдастығымен проблемалық мәселелерді талқылады


Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Басқарма төрағасы өңірлерге жасаған жетінші сапарында Шығыс Қазақстан облысына барып, медициналық қоғамдастықпен кездесіп, ағымдағы және жүйелі мәселелерді талқылап, олар бойынша қабылданатын шешімдермен бөлісті.


ШҚО Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Гүлмира Сағидуллина Сәбит Ахметовті аудиторияға таныстыра отырып, өңірдегі медициналық ұйымдардың қажетті жабдықтармен жоғары деңгейде жарақтандырылғанын, мамандандырылған көмектің дамып, жоғары технологиялардың барлық түрлерінің қолданылатындығын, сонымен қатар, мамандарды үздіксіз оқытып және олардың біліктілігі арттырылатындығын атап өтті.


«Біздің өңірімізде материалдық-техникалық жарақтандыру пайызы тіпті республикалық көрсеткіштерден сәл жоғары. Жұмыс істейтін адам бар, жұмыс бар, болашаққа деген сенім бар. Бірақ, сонымен қатар белгілі бір проблемалар да жоқ емес. Келгеніңізге және біздің бас дәрігерлерімізге туындаған мәселелерді бірлесіп талқылауға мүмкіндік бергеніңізге рахмет. Бізде конструктивті диалог болады деп ойлаймын», - деп атап өтті өз сөзінде.

Қор басшысы өз кезегінде сапарларының нақты мақсаты – жағдайды жер-жерде қарап, жүйені одан әрі дамыту үшін қандай тәсілдерді өзгерту қажет екенін түсіну екенін атап өтті. Сонымен қатар, сапар барысында туындаған өзекті мәселелерді сол жерде түсіндіру үшін Қордың үш негізгі – жоспарлау, сатып алу және мониторинг департаментінің директорлары бірге келгенін атап өтті. Осындай кездесулердің нәтижелері бойынша барлық мәселе тізбектеліп, жұмыс жоспары құрылады, содан кейін бірыңғай құжатқа жинақталады.


«Мен Қордың басшысы болып тағайындалғаныма небәрі 4 ай болды, сондықтан мен медициналық ұйымдардың іс жүзінде қалай жұмыс істейтінін, ауылдан бастап ауданға дейін іс жүзінде қандай мәселелерге тап болып жатқанын көруді жөн көрдім. Барлық өңірлерде айтылған проблемалардың 80%-ы бірдей. Көбінесе жұртшылықты толғандыратын екі мәселе бар - сызықтық шкала және кредиторлық берешек», - деп Медициналық сақтандыру қорының басшысы атап өтіп, сонымен қатар, медициналық ұйымдарда бірінші мәселе бойынша түсіністік бар деп толықтырды.


Егер ақпан айында елімізде медициналық қызметтерді шектен тыс тұтыну көлемі 8,7 млрд теңгені құраса, мамырда ол шамамен 5 млрд теңгені құрады, маусым айының соңында оны айтарлықтай азайту жоспарлануда. Ағымдағы жылдың 3-тоқсанының соңына қарай бұл мәселе күн тәртібінде мүлдем болмайды.

«Бюджет қаржысы шексіз емес, біздің жоспарланған қаржыландырудан тыс қаражатты асыра орындауға және жұмсауға мүмкіндігіміз жоқ. Немесе өткен жылдағыдай, басқа айлардың ақшасын төлем айлары үшін аударып, содан кейін пайда болған жыртықты жамау мәжбүрлігі туындады. Осылайша, медициналық ұйымдар шарт негізінде туындайтын Қор талаптарына бейімделді. Жағдайға бейімделген көптеген медициналық ұйымдар берілген жолдамалардың негізділігін бақылауға кірісті. Бұл мәселеде де бізде ортақ түсіністік бар деп санаймын», - деп атап өтті Қор басшысы.

Тағы бір мәселе - кредиторлық берешек. Бұл МӘМС жүйесі енгізілгенге дейін де медициналық ұйымдардың алдында тұрған ретроспективті мәселе. Бүгінгі таңда медициналық ұйымдардың берешегі 87 млрд теңгеден асады, оның 25 млрд теңгеге жуығы жыл сайынғы қордаланған қарыздар. Қалғаны биыл қалыптасқан қарыз. Себебі, медицина қызметкерлерінің жыл сайынғы жалақысының 4 жыл бойы 30% - ға ұлғаюы.  Бұл жалақы қорына үлкен салмақ түсіреді. Кейбір медициналық ұйымдарда жалақы қоры шығындардың 90%-ын құрайды.

«Біз барлық жеткізушілерге өз жоспарларын қайта қарауды және қарызын жабу үшін қаражатты зиянсыз алуға болатын резервтерді іздеуді ұсынамыз. Қор өз тарапынан МӘМС шеңберінде қосымша қажеттілікке шамамен 60 млрд теңге сома бөлу туралы шешім қабылдады. Жақын арада ақша филиалдарға жеткізіледі. Бірақ бұл проблеманы шешпейді. Сондықтан атқарушы органдардан медициналық ұйымдарды қолдауды және шығындардың бір бөлігін өз мойындарына алуды сұраймыз. Менің ойымша, ортақ күшпен біз шешімді табамыз», - деп айтты Сәбит Ахметов.

Гүлмира Сағидуллинаның айтуынша, Денсаулық сақтау басқармасының жоспарында бюджет қаражатын тиімді пайдалану және Қызметтерді дамыту мақсатында ауруханаларды оңтайландыру және қайта ұйымдастыру жолға қойылған. Қор өз кезегінде төлем әдістерін жетілдіру бойынша жұмыс істейді. Бүгінгі күні бекітілген халық шеңберінде жан басына шаққандағы кешенді норматив, көрсетілген қызметтер фактісі бойынша, клиникалық-шығынды топтар негізінде төлем қолданылады. Жақын арада біз осы процеске ынталандырушы құрамдас бөлікті енгізуді жоспарлап отырмыз - қарастырылған жағдайларда қол жеткізуге кепілдік беретін қаржыландырудың базалық ауқымын анықтау және индикативті қаржыландыру жүйесін құру. Атап айтқанда, ынталандырушыларға айыппұл санкцияларын қолдану түріндегі репрессиялық төлем әдістерінен көшу ұсынылады. Егер медициналық ұйым белгіленген индикаторларға қол жеткізсе, онда базалық қаржыландыру нәтижелерге байланысты 20-30% дейін қосылатын болады. Егер қол жеткізілмесе, онда кепілдендірілген базалық қаржыландырумен қалады.

Терең жүйелік мәселелердің ішінде Сәбит Ахметов медициналық ақпараттық жүйелердің бір-бірінен алшақтығы туралы айтты, бұл дәрігердің жұмысын қиындатады және мониторинг сапасына әсер етеді. Қазіргі уақытта бұл мәселе шешілуде. Цифрландыру шеңберінде барлық 30 медициналық ақпараттық жүйенің деректері біріктірілетін бірыңғай деректер қоймасын құру жоспарлануда. Сонымен қатар, мониторинг жүйесіне жаңа тәсілдер қолданылатын болады.

«Бүгінгі күні біздің төлем процесі келесідей. Емделген жағдайдың нәтижелері бойынша медициналық ұйымдар көрсетілген қызметтердің актілерін және шот-фактураны Қорға төлеуге ұсынады. Төлем алдында Қор мамандары мониторинг жүргізеді, бұл біраз уақытты алады. Нәтижесінде сіз бізге 100 миллионға акт бересіз, ал біз сіздерде 50 миллион тенгенің ақауы бар екенін айтамыз. Яғни, сіз соманың жартысынан азын аласыз. Және жағдай біржақты болып шығады. Біз осыны өзгерткіміз келеді. Егер бақылау автоматты түрде өтсе, төлем дереу жүзеге асырылады. Мониторингтің аяқталуын күтудің мұндай ұзақ кезеңі болмайды. Бірақ төлем жасалғаннан кейін бақылаудың екінші кезеңі жүзеге асырылады. Ол үшін тәуекел жүйелерін басқару кешенін әзірлейтін боламыз. Барлық күдік тудыратын емделген жағдайлар қайта тексеру үшін мониторинг сарапшысына жіберіледі. Бұл медициналық ұйымдардың жауапкершілігін арттыруы керек», - деді Қор басшысы.

Сапар аясында Сәбит Ахметов Ұлан аудандық ауруханасына, Амбулаториялық орталыққа, Өскемен қаласының №4 қалалық ауруханасына барды. Әрбір медициналық ұйымда ұжымдармен кездесулер өткізіліп, барлық мәселелер бойынша түсініктемелер берілді. 

18.07.2023
66% считают статью полезной Была ли эта статья для вас полезной ?
Сонымен қатар оқыңыз
ВСЕ ОБ ОСМС: ФОНД СОЦМЕДСТРАХОВАНИЯ ПРЕДСТАВИЛ СПЕЦИАЛЬНЫЙ ПРОЕКТ
МӘМС ТУРАЛЫ ТОЛЫҚ АҚПАРАТ: ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ҚОРЫ АРНАЙЫ ЖОБАНЫ ҰСЫНДЫ
ӘМСҚ міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне арналған ауқымды жобаны танымал Тengrinews.kz ақпараттық порталында іске қосты.
04.12.2024
ЗАКЛЮЧЕНИЕ ДОЛГОСРОЧНЫХ ДОГОВОРОВ С ФСМС: УСЛОВИЯ ДЛЯ ПОСТАВЩИКОВ
ӘМСҚ-МЕН ҰЗАҚ МЕРЗІМДІ ШАРТТАР ЖАСАСУ: ҚЫЗМЕТТЕР БЕРУШІЛЕР ҮШІН ШАРТТАР
29 қарашадан бастап ұзақ мерзімді сатып алу шарттарын жасасу үшін тиісті денсаулық сақтау субъектілерін айқындауға өтінімдер қабылдау басталды.
29.11.2024
СТАРТУЕТ ЗАКУП МЕДПОМОЩИ НА 2025 ГОД
2025 ЖЫЛҒА МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕКТІ САТЫП АЛУ НАУҚАНЫ БАСТАЛАДЫ
Қорда 27 қарашадан бастап 2025 жылға арналған медициналық қызметтер көлемін орналастыруға өтінімдерді қабылдау басталғанын және сатып алу рәсімдеріндегі жаңашылдықтарды хабарлады.
27.11.2024
Барлығын көру
Подать обращение МӘМС калькуляторы Іздеу