1414
kk
kk ru
Нашар көретіндер нұсқасы

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры мерзімді әскери қызметтен өтіп жатқан немесе өткен азаматтарды МӘМС жүйесінен шығару мәселесін көтерді

 

МӘМС енгізу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында мемлекеттік органдармен ақпараттық өзара іс-қимыл негізінде жеңілдікті санаттар мәртебесін өзектендіру мәселелері талқыланды.

Анықталғандай, әскери бөлімдердің кадр қызметтері мерзімді қызмет әскери қызметшілері бойынша мәліметтерді "адамдарды арнайы есепке алу" ақпараттық жүйесіне ("АЕА" АЖ) уақтылы енгізбейді. Осыған байланысты оларда қызмет кезеңі үшін берешек пайда болады және әскерден оралғаннан кейін олар МӘМС жүйесінде сақтандырылмаған болып шығады.

Оларға сақтандыру мәртебесін беру үшін Қор растайтын құжат-әскери билет негізінде ҚР Қарулы Күштері қатарында, әскери құрылымдарда қызмет еткен кезеңі үшін МӘМС жүйесіндегі берешекті алып тастау бойынша жұмыс жүргізуде.

2020 жылдың қараша-желтоқсан айларында Қорға 28, 2021 жылдың басынан бастап тағы 136 өтініш түскен.

Қор бірнеше рет Қорғаныс министрлігіне, ҰҚК, ІІМ, Мемлекеттік күзет қызметі  кезеңдері үшін МӘМС төлемдері бойынша берешектің пайда болуын болдырмау мақсатында әскери қызметшілер бойынша мәліметтерді "АЕА" АЖ-ға уақтылы енгізу қажеттілігі туралы хаттар жіберді. Алайда мәселе әлі күнге дейін күн тәртібінен түскен жоқ.

Осыған байланысты құзырлы органдарға МӘМС шеңберінде тұтынушы мәртебесін одан әрі беру үшін мерзімді қызмет әскери қызметшілері бойынша мәліметтерді "Адамдарды арнайы есепке алу" ақпараттық ресурсына енгізуді қамтамасыз ету тапсырылды.

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры мен цифрлық даму және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне үшінші тоқсанның соңына дейін " АЕА" АЖ ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігін сынау және оны аттестаттау рәсімдерін аяқтау тапсырылды.

29.06.2021
66% считают статью полезной Была ли эта статья для вас полезной ?
Сонымен қатар оқыңыз
ПРОЗРАЧНОСТЬ, КОНТРОЛЬ, ЭФФЕКТИВНОСТЬ: ЧТО МЕНЯЕТ  ПЛАТФОРМА QALQAN В СИСТЕМЕ ОСМС
АШЫҚТЫҚ, БАҚЫЛАУ, ТИІМДІЛІК: QALQAN ПЛАТФОРМАСЫ МӘМС ЖҮЙЕСІНДЕ НЕНІ ӨЗГЕРТЕДІ
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры денсаулық сақтау жүйесін қаржыландыру бағытында ауқымды цифрлық жаңғырту басталғанын жариялады. Трансформацияның негізгі құралына айналған Qalqan платформасы «МӘМС 2.0» моделінің технологиялық негізі ретінде енгізілуде.
24.04.2026
ЕЖЕГОДНЫЙ ВНУТРЕННИЙ АНАЛИЗ КОРРУПЦИОННЫХ РИСКОВ ПРОВЕДУТ В ФОНДЕ
ҚОРДА ЖЫЛ САЙЫНҒЫ ІШКІ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІНЕ ТАЛДАУ ЖҮРГІЗЕДІ
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ осы жылдың 29 сәуірінен бастап Қор қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жоспарланып отырғанын хабарлайды.
15.04.2026
НЕСВОЕВРЕМЕННЫЕ ПЛАТЕЖИ В ОСМС: ПОЧЕМУ ВАЖНО СОБЛЮДАТЬ СРОКИ
МӘМС ЖҮЙЕСІНДЕГІ ТӨЛЕМДЕРДІ УАҚТЫЛЫ ТӨЛЕМЕУ: МЕРЗІМДІ САҚТАУДЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры азаматтардың МӘМС жүйесіндегі медициналық көмекке үздіксіз қол жеткізуінің негізі – аударымдар мен жарналарды уақтылы төлеудің маңыздылығын еске салады.
15.04.2026
Барлығын қарау
Өтініш беру МӘМС калькуляторы Іздеу