1414
kk
kk ru
Нашар көретіндер нұсқасы
В ПОДДЕРЖКУ ВРАЧЕЙ: ГЛАВА ФСМС ПРЕДСТАВИЛ ПОСТАВЩИКАМ НОВЫЕ ПОДХОДЫ
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры медициналық көмекті мониторингтеу, төлеу және сатып алу тәсілдерін жүйелі түрде жаңғыртуды қолға алды. Астана мен Алматы қалаларында өткен жұмыс кездесулерінде Қордың басқарма төрағасы Айдын Құлсейітов жеткізушілерге жаңа тәсілдерді таныстырды. Өткен аптада Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры Астана және Алматы қалаларындағы медицина қауымдастығы өкілдерімен бірқатар кездесу өткізді.

Қордың басқарма төрағасы Айдын Құлсейітов республикалық және қалалық клиникалардың, қоғамдық денсаулық сақтау басқармаларының, Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің өкілдерімен кездесу барысында денсаулық сақтау саласына қатысты өз көзқарасымен бөлісіп, Қор жұмысын жаңғырту аясында іске асырылып жатқан жаңа тәсілдерді таныстырды.

«Қордың денсаулық сақтау жүйесіндегі қаржылық оператор ретіндегі негізгі бағыттары – жоспарлау, сатып алу, мониторинг және медициналық қызметтер үшін төлем. Ең көп сұрақ пен сын-ескертпелер соңғы екеуіне қатысты. Сондықтан біз дәл осы бағыттарды жедел қолға алдық. Оның нәтижесі 1 шілдеге дейін белгілі болады. Сонымен қатар жоспарлау және сатып алу үдерістерін де қатар жүргізіп жатырмыз, бірақ бұл бағыттар объективті түрде көбірек уақытты қажет етеді», – деп атап өтті Айдын Құлсейітов.
Мониторинг: алгоритмге негізделген, тәуелсіз әрі әділ жүйе Енді мониторинг бірыңғай платформада – Қордың ақпараттық жүйесінде жүргізілетін болады (бұрынғыдай әртүрлі жүйелерде емес), сонымен қатар үш сатылы апелляция мүмкіндігі пайда болады. Яғни ақпараттық жүйе ақауларды анықтаған кезде (бұл ретте алгоритмдер айтарлықтай жетілдіріліп, олардың дәлдігі мен сенімділігі артады), медициналық ұйым қарсылық білдіре алады. Олар автоматты түрде басқа өңірден таңдалатын сарапшыға жолданады (таңдау кездейсоқ түрде жүреді). Қазіргі жүйеде ол ақауды бастапқыда анықтаған адам қарайды және оның пікірі Қор деңгейінде түпкілікті шешім болып саналады.

Сонымен қатар, жаңа модель аясында Қор сарапшысының пікіріне келіспеген жағдайда, медициналық ұйымның қосымша негіздеме ұсынуға мүмкіндігі бар. Бұл жағдайда жүйе істі басқа өңірден тағы бір сарапшыға жібереді. Егер екі сарапшының пікірі сәйкес келмесе, жағдайға түпкілікті бағаны Қордың орталық аппаратындағы арнайы құрылым береді. Мұндай тәсіл субъективтілікті азайтып, процесті жеделдетуге және жеткізушілердің Қорға деген сенімін арттыруға мүмкіндік береді. Бұл механизм Ақмола облысында сынақтан өтіп, медициналық қызметтерді бағалауда жоғары дәлдік пен ашықтықты көрсетті.
Төлем: алдымен қаражат, кейін мониторинг Жақын арада енгізілетін келесі өзгеріс – медициналық қызмет көрсетушілерге ақы төлеу тәртібіне қатысты.

Қазір жеткізуші көрсеткен медициналық қызметтер үшін төлем тек есептік кезеңдегі (ай сайынғы) медициналық көмекті мониторинг толық жүргізілгеннен кейін ғана жүзеге асады. Енді ай сайынғы төлем есептік кезең аяқталғаннан кейін бірден жүргізіледі, ал анықталған ақаулар бойынша шегерілетін сома келесі есептік айда ескеріледі.

Бұдан бөлек, дәрігерлер тарапынан бірнеше рет сынға ұшыраған сызықтық шкаланы қолдануға қатысты маңызды өзгеріс енгізіліп отыр. Егер медициналық ұйым белгіленген айлық лимиттен асып кетсе, артық орындалған сома қазіргі таңда мониторинг барысында кесіледі (өткен жылы сызықтық шкала арқылы шамамен 20 млрд теңге шегерілген, бұл 3 трлн теңге көлеміндегі жылдық қаржыландырудың 1%-нан аз). Алайда бұл мәселеде де медициналық ұйымдардың сұранысына түсіністікпен қарап, оларға қолдау көрсету жөнінде шешім қабылданды.

Атап айтқанда, сызықтық шкаланы әр айдың қорытындысы бойынша емес, тоқсан сайын қолдану ұсынылуда. Бұл көлемдерді есептік кезең ішінде қайта бөлуге мүмкіндік береді. Алайда бұл тәсілдің нәтижелілігі медициналық ұйымдардың тәртіптілігіне және өз қызметін сауатты жоспарлауына байланысты болады.

Жақын арада енгізілетін тағы бір маңызды жаңашылдық — «алдымен ақаулар шегеріледі, содан кейін ғана сызықтық шкала бойынша артық көлем қысқартылады» деген қағидат. Бұл жеткізушілерден қаражатты екі есе шешу қаупінің алдын алуға және жалпы қызмет көлемінің артық орындалуына байланысты қаржылық ұсталымдарды азайтуға септігін тигізеді.
Медицина қауымдастығының ұсыныстары Ұлттық ғылыми медициналық орталықтың басшысы Абай Байгенжин Қор енгізіп жатқан өзгерістердің оң бағытта екенін атап өтті:

«Ұсыныстар өте орынды. Егер олар жүзеге асса, көп нәрсе қалпына келеді. Біз жеткізуші ретінде тәртіпке бағынып, сызықтық шкала бойынша жұмыс істейміз. Бірақ, бұл оңай емес — кей айларда госпитализацияға келетін пациенттер санында шек болмайды. Ал біз олардан бас тарта алмаймыз. Егер есеп тоқсандық форматта жүргізілсе, бұл бізге үлкен көмек болар еді».
Сондай-ақ ол мониторингтің Қордың бірыңғай ақпараттық жүйесінде жүргізілуінің ыңғайлылығын және ақауларды бірнеше сарапшының қарауы — әділ шешім екенін оң бағалады. Бұл ұсыныстарды орынды деп санаған Абай Байгенжин өз ұйымы пилоттық жобаға қатысуға дайын екенін білдірді.

Сонымен қатар, ол медициналық көмекті жоспарлау және сатып алу рәсімдерін жетілдіру мақсатында арнайы жұмыс тобын құруды ұсынды. Себебі қазіргі жүйеде материалдық-техникалық және кадрлық базасы жоқ медициналық ұйымдар баршылық. Олар өздерінің қызмет көлемін ірі медициналық орталықтарға орындауға тапсыруға мәжбүр.

Кездесу барысында Ақмола облысында жүргізілген пилоттық жобаның нәтижелері, жоғары технологиялық бірегей операцияларға мониторинг жүргізудің ерекшеліктері, сондай-ақ тәуелсіз сарапшылар пулын құру мүмкіндігі сияқты мәселелер де талқыланды. Жалпы, медициналық ұйымдар өкілдері мониторинг жүргізу кезінде жеткізушілерге әділ қарау қажеттігін ерекше атап өтті.

Кездесу соңында Айдын Құлсейітов Қор өз жұмысын жетілдіру және оңтайландыру мақсатында медицина қауымдастығынан түсетін барлық ұсыныстарды қарастыратынын атап өтті.
26.05.2025
66% считают статью полезной Была ли эта статья для вас полезной ?
Сонымен қатар оқыңыз
ПРОЗРАЧНОСТЬ, КОНТРОЛЬ, ЭФФЕКТИВНОСТЬ: ЧТО МЕНЯЕТ  ПЛАТФОРМА QALQAN В СИСТЕМЕ ОСМС
АШЫҚТЫҚ, БАҚЫЛАУ, ТИІМДІЛІК: QALQAN ПЛАТФОРМАСЫ МӘМС ЖҮЙЕСІНДЕ НЕНІ ӨЗГЕРТЕДІ
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры денсаулық сақтау жүйесін қаржыландыру бағытында ауқымды цифрлық жаңғырту басталғанын жариялады. Трансформацияның негізгі құралына айналған Qalqan платформасы «МӘМС 2.0» моделінің технологиялық негізі ретінде енгізілуде.
24.04.2026
ЕЖЕГОДНЫЙ ВНУТРЕННИЙ АНАЛИЗ КОРРУПЦИОННЫХ РИСКОВ ПРОВЕДУТ В ФОНДЕ
ҚОРДА ЖЫЛ САЙЫНҒЫ ІШКІ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІНЕ ТАЛДАУ ЖҮРГІЗЕДІ
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ осы жылдың 29 сәуірінен бастап Қор қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жоспарланып отырғанын хабарлайды.
15.04.2026
НЕСВОЕВРЕМЕННЫЕ ПЛАТЕЖИ В ОСМС: ПОЧЕМУ ВАЖНО СОБЛЮДАТЬ СРОКИ
МӘМС ЖҮЙЕСІНДЕГІ ТӨЛЕМДЕРДІ УАҚТЫЛЫ ТӨЛЕМЕУ: МЕРЗІМДІ САҚТАУДЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры азаматтардың МӘМС жүйесіндегі медициналық көмекке үздіксіз қол жеткізуінің негізі – аударымдар мен жарналарды уақтылы төлеудің маңыздылығын еске салады.
15.04.2026
Барлығын қарау
Өтініш беру МӘМС калькуляторы Іздеу