Премьер-министр Олжас Бектеновтің басшылығымен өткен кеңес барысында операциялық қаржыландырудан стратегиялық әрі зияткерлік басқаруға көшу мақсатында әзірленген МӘМС 2.0 жаңа моделі таныстырылды.
Жаңа архитектураға сәйкес, Қор тек қызметтерге ақы төлеумен шектелмей, бүкіл денсаулық сақтау жүйесінің дамуын болжау, бақылау, талдау жүргізу және оның тұрақтылығын қамтамасыз ету функцияларын да атқарады.
Реформаның төрт негізгі бағыты белгіленді, олардың ішінде:
- Актуарлық басқару демографияны, ауру түрлерін және медициналық технологиялардың дамуын ескере отырып, қаржылық міндеттемелердің жүзеге асуын ұзақмерзімді болжау тәсілін енгізуді көздейді. Бұл теңгерімсіздіктерді алдын ала анықтауға, қаржыландыру параметрлерін түзетуге және Қазақстанның денсаулық сақтау жүйесінің ұзақмерзімді тұрақтылығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
- Тәуекелге бағдарланған модель бойынша еліміздің барлық медициналық ұйымдарын senim, baqylau, qauyp деген үш санатқа бөліп, олардың қызметін интегралды тәуекел-скоринг бойынша бағалау жоспарлануда. Адал медициналық қызмет көрсетушілер жеңілдетілген режимде жұмыс істей алады, ал бұрын заңбұзушылықтар анықталған ұйымдар күшейтілген бақылау мен аудитке алынады.
- Цифрлық антифрод-қадағалау – бұл жалған тіркеулерді, қызметтердің қайталануын, негізсіз госпитализациялауды, көлемдердің жасанды өсуін және тағы да басқа жайттарды автоматты түрде анықтауға мүмкіндік беретін аналитикалық жүйе. Халықаралық тәжірибеге сәйкес, ол денсаулық сақтау жүйесінің тиімсіз шығындарын орта есеппен 5-10%-ға төмендетеді.
- Бірыңғай цифрлық архитектура жоспарлаудан бастап медициналық көмекке ақы төлеуге дейінгі қаржыландырудың барлық процестерін біріктіреді, онда ақша ағындары толық қадағаланады. Мұндағы негізгі элемент – цифрлық теңгені пайдалану. Қор «СК-Фармациямен» бірлесіп оны дәрілік заттарды сатып алу саласында қолдану бойынша жұмысты бастады.
Сондай-ақ Премьер-министрге МӘМС-тің жаңа архитектурасының технологиялық негізі және «цифрлық қалқаны» болып саналатын Qalqan жаңа цифрлық платформасының функционалдық мүмкіндіктері таныстырылды.
Ақпараттық-есепке алу орталығының басшысы Жанасыл Оспановтың айтуынша, платформа қаржыландыру процестерін толық цифрландыруды, медициналық ақпарат жүйелерімен (АЖ) интеграциялауды, барлық басқару шешімдерін талдамалық сүйемелдеуді және пациенттер мен клиникаларды қолдауды қамтамасыз етеді.
Мәселен, пациент деңгейінде Qalqan жүйесінде қызметтер, госпитализациялар, талдаулар, тағайындаулар, медициналық шығыстар, МӘМС, ТМККК бойынша шығындарды бөлу бойынша ақпарат жинақталады. Қазіргі уақытта бұл деректердің барлығы бытыраңқы, сол себепті пациент көп ретте өзіне қатысты ахуалдың толық сипатын көре алмайды. Qalqan пациенттің бірыңғай деректер тізбегін қамтамасыз етеді. Сонымен қатар азаматтар сәйкессіздіктер туралы хабарлауға мүмкіндік алады. Бұл «халықтық бақылау» механизмін құруға мүмкіндік береді.
Ал медициналық мекемелер деңгейінде платформа ресурстар, инфрақұрылымдар, кадр тапшылығы, ауытқулар, қаржы сияқты және тағы да басқа мәліметтерді талдайды. Осы деректер негізінде тәуекелдерді кешенді түрде бағалай отырып, оларды жою бойынша ұсынымдарды автоматты түрде әзірлейді. Осылайша ол елдегі барлық медициналық ұйымдардың рейтингін кезең-кезеңімен қалыптастырады. Одан бөлек, Qalqan қолданыстағы шектеулер мен басымдықтарды ескере отырып, бюджетті үйлестіре басқаруды қамтамасыз етеді.
Қор сарапшыларының есептеулеріне сәйкес, енгізілетін инновациялардың әлеуетті экономикалық әсері 200 млрд теңгеден асады. Реформа медициналық қызметтерді қаржыландыру мен оның сапасының айқындығын және толық қадағалануын, медицина қызметкерлеріне түсетін жүктеменің төмендеуін қамтамасыз етеді, бұл өз кезегінде жалпы денсаулық сақтаудың бүкіл жүйесіне оң әсер етеді.
Кеңес қорытындысы бойынша Олжас Бектенов ұсынылған тәсілдерді мақұлдап, мемлекеттік органдар мен ведомстволарға бірқатар тапсырма берді.
Әділет, Ұлттық экономика және Денсаулық сақтау министрліктері осы жылдың 25 наурызына дейін Қор қызметін жетілдіру бойынша түзетулер енгізуі тиіс.
Қаржы министрлігі Денсаулық сақтау, Әділет, Ұлттық экономика министрліктерімен бірлесіп, биылғы 31 наурызға дейін мемлекеттің жыл сайынғы жарнасы мөлшерін республикалық бюджет қаражатынан алынған инвестициялық кіріс сомасынан аспайтын сомаға қысқарту бойынша, сондай-ақ ТМККК мен МӘМС-ті қаржыландыру үшін қордың жинақталған активтерін пайдалану жөнінде нақты ұсыныстар беруі қажет.
Ал Астана, Алматы, Шымкент қалалары мен барлық өңір әкімдері, сондай-ақ Денсаулық сақтау министрлігі 2026 жылдың 15 сәуіріне дейін МӘМС және ТМККК шеңберінде қызмет көрсететін медициналық ұйымдардың Qalqan жүйесіне көшуін қамтамасыз етуі керек.
primeminister.kz
Реформаның төрт негізгі бағыты белгіленді, олардың ішінде:
- Актуарлық басқару демографияны, ауру түрлерін және медициналық технологиялардың дамуын ескере отырып, қаржылық міндеттемелердің жүзеге асуын ұзақмерзімді болжау тәсілін енгізуді көздейді. Бұл теңгерімсіздіктерді алдын ала анықтауға, қаржыландыру параметрлерін түзетуге және Қазақстанның денсаулық сақтау жүйесінің ұзақмерзімді тұрақтылығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
- Тәуекелге бағдарланған модель бойынша еліміздің барлық медициналық ұйымдарын senim, baqylau, qauyp деген үш санатқа бөліп, олардың қызметін интегралды тәуекел-скоринг бойынша бағалау жоспарлануда. Адал медициналық қызмет көрсетушілер жеңілдетілген режимде жұмыс істей алады, ал бұрын заңбұзушылықтар анықталған ұйымдар күшейтілген бақылау мен аудитке алынады.
- Цифрлық антифрод-қадағалау – бұл жалған тіркеулерді, қызметтердің қайталануын, негізсіз госпитализациялауды, көлемдердің жасанды өсуін және тағы да басқа жайттарды автоматты түрде анықтауға мүмкіндік беретін аналитикалық жүйе. Халықаралық тәжірибеге сәйкес, ол денсаулық сақтау жүйесінің тиімсіз шығындарын орта есеппен 5-10%-ға төмендетеді.
- Бірыңғай цифрлық архитектура жоспарлаудан бастап медициналық көмекке ақы төлеуге дейінгі қаржыландырудың барлық процестерін біріктіреді, онда ақша ағындары толық қадағаланады. Мұндағы негізгі элемент – цифрлық теңгені пайдалану. Қор «СК-Фармациямен» бірлесіп оны дәрілік заттарды сатып алу саласында қолдану бойынша жұмысты бастады.
Сондай-ақ Премьер-министрге МӘМС-тің жаңа архитектурасының технологиялық негізі және «цифрлық қалқаны» болып саналатын Qalqan жаңа цифрлық платформасының функционалдық мүмкіндіктері таныстырылды.
Ақпараттық-есепке алу орталығының басшысы Жанасыл Оспановтың айтуынша, платформа қаржыландыру процестерін толық цифрландыруды, медициналық ақпарат жүйелерімен (АЖ) интеграциялауды, барлық басқару шешімдерін талдамалық сүйемелдеуді және пациенттер мен клиникаларды қолдауды қамтамасыз етеді.Мәселен, пациент деңгейінде Qalqan жүйесінде қызметтер, госпитализациялар, талдаулар, тағайындаулар, медициналық шығыстар, МӘМС, ТМККК бойынша шығындарды бөлу бойынша ақпарат жинақталады. Қазіргі уақытта бұл деректердің барлығы бытыраңқы, сол себепті пациент көп ретте өзіне қатысты ахуалдың толық сипатын көре алмайды. Qalqan пациенттің бірыңғай деректер тізбегін қамтамасыз етеді. Сонымен қатар азаматтар сәйкессіздіктер туралы хабарлауға мүмкіндік алады. Бұл «халықтық бақылау» механизмін құруға мүмкіндік береді.
Ал медициналық мекемелер деңгейінде платформа ресурстар, инфрақұрылымдар, кадр тапшылығы, ауытқулар, қаржы сияқты және тағы да басқа мәліметтерді талдайды. Осы деректер негізінде тәуекелдерді кешенді түрде бағалай отырып, оларды жою бойынша ұсынымдарды автоматты түрде әзірлейді. Осылайша ол елдегі барлық медициналық ұйымдардың рейтингін кезең-кезеңімен қалыптастырады. Одан бөлек, Qalqan қолданыстағы шектеулер мен басымдықтарды ескере отырып, бюджетті үйлестіре басқаруды қамтамасыз етеді.
Қор сарапшыларының есептеулеріне сәйкес, енгізілетін инновациялардың әлеуетті экономикалық әсері 200 млрд теңгеден асады. Реформа медициналық қызметтерді қаржыландыру мен оның сапасының айқындығын және толық қадағалануын, медицина қызметкерлеріне түсетін жүктеменің төмендеуін қамтамасыз етеді, бұл өз кезегінде жалпы денсаулық сақтаудың бүкіл жүйесіне оң әсер етеді.
Кеңес қорытындысы бойынша Олжас Бектенов ұсынылған тәсілдерді мақұлдап, мемлекеттік органдар мен ведомстволарға бірқатар тапсырма берді.Әділет, Ұлттық экономика және Денсаулық сақтау министрліктері осы жылдың 25 наурызына дейін Қор қызметін жетілдіру бойынша түзетулер енгізуі тиіс.
Қаржы министрлігі Денсаулық сақтау, Әділет, Ұлттық экономика министрліктерімен бірлесіп, биылғы 31 наурызға дейін мемлекеттің жыл сайынғы жарнасы мөлшерін республикалық бюджет қаражатынан алынған инвестициялық кіріс сомасынан аспайтын сомаға қысқарту бойынша, сондай-ақ ТМККК мен МӘМС-ті қаржыландыру үшін қордың жинақталған активтерін пайдалану жөнінде нақты ұсыныстар беруі қажет.
Ал Астана, Алматы, Шымкент қалалары мен барлық өңір әкімдері, сондай-ақ Денсаулық сақтау министрлігі 2026 жылдың 15 сәуіріне дейін МӘМС және ТМККК шеңберінде қызмет көрсететін медициналық ұйымдардың Qalqan жүйесіне көшуін қамтамасыз етуі керек.
primeminister.kz
19.03.2026
66% считают статью полезной
Была ли эта статья для вас полезной ?
Сонымен қатар оқыңыз
АШЫҚТЫҚ, БАҚЫЛАУ, ТИІМДІЛІК: QALQAN ПЛАТФОРМАСЫ МӘМС ЖҮЙЕСІНДЕ НЕНІ ӨЗГЕРТЕДІ
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры денсаулық сақтау жүйесін қаржыландыру бағытында ауқымды цифрлық жаңғырту басталғанын жариялады. Трансформацияның негізгі құралына айналған Qalqan платформасы «МӘМС 2.0» моделінің технологиялық негізі ретінде енгізілуде.
24.04.2026
ҚОРДА ЖЫЛ САЙЫНҒЫ ІШКІ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІНЕ ТАЛДАУ ЖҮРГІЗЕДІ
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ осы жылдың 29 сәуірінен бастап Қор қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жоспарланып отырғанын хабарлайды.
15.04.2026
МӘМС ЖҮЙЕСІНДЕГІ ТӨЛЕМДЕРДІ УАҚТЫЛЫ ТӨЛЕМЕУ: МЕРЗІМДІ САҚТАУДЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры азаматтардың МӘМС жүйесіндегі медициналық көмекке үздіксіз қол жеткізуінің негізі – аударымдар мен жарналарды уақтылы төлеудің маңыздылығын еске салады.
15.04.2026



