1414
kk
kk ru
Нашар көретіндер нұсқасы

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мемлекеттік басқару академиясымен бірлесіп «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенсті ілгерілету бойынша оқыту семинарын өткізді.

Семинар жұмысына Қор басшылығы мен қызметкерлері, сондай-ақ Қордың өңірлік филиалдарының өкілдері қатысты.

Айта кету керек, квазимемлекеттік компанияларда сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенсті енгізу бойынша міндет өткен жылдың соңынан бастап заңнамалық деңгейде енгізілді және корпоративтік адалдық стандарттарының сақталуын бақылауды көздейді.

Кеңес барысында Агенттіктің парасаттылық департаменті директорының орынбасары Нұрсұлтан Бекинов елде комплаенс-қызметтерді енгізу бойынша Заңнамалық база құрылғанын, оларды дамыту бойынша әдістемелік ұсынымдар әзірленгенін атап өтті.

Осылайша, Н.Бекинов Қордағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс бойынша, оның ішінде кадрлардың біліктілігін тұрақты арттыру бойынша жұмысты күшейтуге шақырды.

Н.Бекинов комплаенс-қызметтердің негізгі басымдықтары сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізу және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау, мүдделер қақтығысын реттеу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді сақтау болуы тиіс екенін атап өтті.

Мемлекеттік басқару академиясының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы зерттеулер және комплаенс орталығының басшысы Жанар Рысбекова өз сөзінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс жүйесін құру процесінде ISO 37001 «Парақорлықпен күрес менеджменті жүйесі» халықаралық стандартын енгізу әлеуеті туралы айтты.

Өз кезегінде Қор Басқарма төрағасының орынбасары Рақымжан Төлебаев Қор сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, оның ішінде Қорда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау және жою бойынша бақылау функцияларын енгізу арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша белсенді жұмыс жүргізіліп жатқанын атап өтті.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Қордың және оның филиалдарының қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізді. Сондай-ақ, Қорда 2021 жылға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілді.

Қорда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі комплаенс-офицер анықталды. Сондай-ақ, Қор «Адалдық алаңы» жобалық офисімен бірлескен жұмыс жүргізуде.

Рахымжан Төлебаев Қордың комплаенс-қызметті одан әрі дамытуға және қызметкерлерді оқытуға мүдделі екенін атап өтті.

Іс-шара соңында Агенттік пен Академия өкілдері кеңеске қатысушылардың туындаған сұрақтарына толық жауап берді.

15.03.2021
66% считают статью полезной Была ли эта статья для вас полезной ?
Сонымен қатар оқыңыз
ПРОЗРАЧНОСТЬ, КОНТРОЛЬ, ЭФФЕКТИВНОСТЬ: ЧТО МЕНЯЕТ  ПЛАТФОРМА QALQAN В СИСТЕМЕ ОСМС
АШЫҚТЫҚ, БАҚЫЛАУ, ТИІМДІЛІК: QALQAN ПЛАТФОРМАСЫ МӘМС ЖҮЙЕСІНДЕ НЕНІ ӨЗГЕРТЕДІ
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры денсаулық сақтау жүйесін қаржыландыру бағытында ауқымды цифрлық жаңғырту басталғанын жариялады. Трансформацияның негізгі құралына айналған Qalqan платформасы «МӘМС 2.0» моделінің технологиялық негізі ретінде енгізілуде.
24.04.2026
ЕЖЕГОДНЫЙ ВНУТРЕННИЙ АНАЛИЗ КОРРУПЦИОННЫХ РИСКОВ ПРОВЕДУТ В ФОНДЕ
ҚОРДА ЖЫЛ САЙЫНҒЫ ІШКІ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІНЕ ТАЛДАУ ЖҮРГІЗЕДІ
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ осы жылдың 29 сәуірінен бастап Қор қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жоспарланып отырғанын хабарлайды.
15.04.2026
НЕСВОЕВРЕМЕННЫЕ ПЛАТЕЖИ В ОСМС: ПОЧЕМУ ВАЖНО СОБЛЮДАТЬ СРОКИ
МӘМС ЖҮЙЕСІНДЕГІ ТӨЛЕМДЕРДІ УАҚТЫЛЫ ТӨЛЕМЕУ: МЕРЗІМДІ САҚТАУДЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры азаматтардың МӘМС жүйесіндегі медициналық көмекке үздіксіз қол жеткізуінің негізі – аударымдар мен жарналарды уақтылы төлеудің маңыздылығын еске салады.
15.04.2026
Барлығын қарау
Өтініш беру МӘМС калькуляторы Іздеу