1414
kk
kk ru
Нашар көретіндер нұсқасы
В ФСМС ОТЧИТАЛИСЬ О ЗАВЕРШЕНИИ ФИНАНСОВОГО ГОДА
2023 жылға арналған медициналық көмекті сатып алу жоспары 2 трлн 589,4 млрд теңгені, оның ішінде ТМККК бюджеті – 1 трлн 565,1 млрд теңге, МӘМС бюджеті – 1 трлн 24,3 млрд теңгені құрады. Өткен жылмен салыстырғанда қаржыландыру 19%-ға өсті, деп хабарлайды әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры.

Сатып алу рәсімдерінің қорытындысы бойынша 2 трлн 567,3 млрд теңге сомасына 4 856 медициналық ұйыммен шарттар жасалды.

«2023 жылғы қаржыландыру қорытындысы бойынша Қор денсаулық сақтау субъектілерінің медициналық қызметтері үшін 2 трлн 567 млрд теңге сомасына, оның ішінде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру тізбесіндегі қызметтер бойынша 1 трлн теңгеден астам төлем жүргізді. Жасалған шарттар бойынша медициналық қызмет көрсетушілер алдындағы барлық міндеттемелер толық көлемде орындалды», – деді Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры Басқарма төрағасының орынбасары Индира Саркенова.

Қор өкілі ТМККК шеңберінде 7,4 млрд теңге сомасында пайдаланылмаған қаражат (бөлінген қаражат пен нақты төленген қаражат арасындағы айырмашылық) республикалық бюджеттің кірісіне қайтарылғанын атап өтті. МӘМС жүйесіндегі 15,1 млрд теңге сомасындағы қаражат қалдығы (сондай-ақ сатып алу жоспары мен төлем фактісі арасындағы айырма) 2024 жылғы бюджетке өтеді.

(«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына трансферттер беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 8 қыркүйектегі № 554 қаулысына сәйкес қаржы жылы ішінде пайдаланылмаған (толық пайдаланылмаған) өткен қаржы жылында бөлінген ТМККК шеңберінде қызметтер көрсеткені үшін ақы төлеуге арналған трансферттердің сомалары қор өткен жылдың міндеттемелерін өтегеннен кейін, бірақ ағымдағы қаржы жылының 1 наурызынан кешіктірмей республикалық бюджеттің кірісіне қайтарылуға жатады).

Медициналық көмек алу кезінде қосымша сұрақтар немесе мәселе туындаған жағдайда өз клиникасындағы Пациенттерді қолдау және ішкі сараптама қызметіне жүгіну қажет. Егер жағдайды сол жерде шешу мүмкін болмаса, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының келесі байланыс арналарының біріне өтініш қалдыра алады:

• Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы
• fms.kz ресми сайты
• Telegram-дағы @SaqtandyrýBot
• 1414 байланыс орталығы

Сондай-ақ Damumed, Halyk, BCC.KZ, Kaspi.kz мобильді қосымшалары МӘМС жүйесіндегі мәртебені тексеруге мүмкіндік береді. Сондай-ақ, электронды үкіметтің egov.kz сайтындағы «Денсаулық сақтау» бөлімінде «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі аясында көрсетілетін медициналық қызметті тұтынушы ретінде қатысу туралы және аударымдардың және (немесе) жарналардың аударылған сомалары туралы ақпарат ұсыну» мемлекеттік қызметі арқылы медициналық сақтандыру жүйесіндегі мәртебені тексеруге және жүргізілген төлемдер туралы ақпарат алуға болады.



11.03.2024
66% считают статью полезной Была ли эта статья для вас полезной ?
Сонымен қатар оқыңыз
ПРОЗРАЧНОСТЬ, КОНТРОЛЬ, ЭФФЕКТИВНОСТЬ: ЧТО МЕНЯЕТ  ПЛАТФОРМА QALQAN В СИСТЕМЕ ОСМС
АШЫҚТЫҚ, БАҚЫЛАУ, ТИІМДІЛІК: QALQAN ПЛАТФОРМАСЫ МӘМС ЖҮЙЕСІНДЕ НЕНІ ӨЗГЕРТЕДІ
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры денсаулық сақтау жүйесін қаржыландыру бағытында ауқымды цифрлық жаңғырту басталғанын жариялады. Трансформацияның негізгі құралына айналған Qalqan платформасы «МӘМС 2.0» моделінің технологиялық негізі ретінде енгізілуде.
24.04.2026
ЕЖЕГОДНЫЙ ВНУТРЕННИЙ АНАЛИЗ КОРРУПЦИОННЫХ РИСКОВ ПРОВЕДУТ В ФОНДЕ
ҚОРДА ЖЫЛ САЙЫНҒЫ ІШКІ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІНЕ ТАЛДАУ ЖҮРГІЗЕДІ
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ осы жылдың 29 сәуірінен бастап Қор қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жоспарланып отырғанын хабарлайды.
15.04.2026
НЕСВОЕВРЕМЕННЫЕ ПЛАТЕЖИ В ОСМС: ПОЧЕМУ ВАЖНО СОБЛЮДАТЬ СРОКИ
МӘМС ЖҮЙЕСІНДЕГІ ТӨЛЕМДЕРДІ УАҚТЫЛЫ ТӨЛЕМЕУ: МЕРЗІМДІ САҚТАУДЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры азаматтардың МӘМС жүйесіндегі медициналық көмекке үздіксіз қол жеткізуінің негізі – аударымдар мен жарналарды уақтылы төлеудің маңыздылығын еске салады.
15.04.2026
Барлығын қарау
Өтініш беру МӘМС калькуляторы Іздеу