Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорында ҚР Президентінің кеңесшісі Алексей Цойдың төрағалығымен денсаулық сақтау cұрақтары бойынша кеңес өтті. Іс-шара барысында Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова мен ӘМСҚ басқарма төрағасы Айдын Құлсейітов ведомство мен Қордың негізгі қызмет көрсеткіштерін таныстырып, МӘМС жүйесіне қатысты сұрақтарды талқылады.
Министрдің айтуынша, денсаулық сақтау саласын қаржыландыру көлемі тұрақты өсім көрсетуде. 2019 жылдан 2025 жылға дейін бөлінген қаражат көлемі 955 млрд теңгеден 3 трлн теңгеге дейін артқан. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 17%-ға көп. Қаржыландырудың негізгі бөлігі жоспарлы және жоғары технологиялық медициналық көмек шоғырланған міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне тиесілі. Соңғы бес жылда МӘМС бойынша қаржыландыру көлемі үш еседен аса өсіп, 420 млрд теңгеден 1 330 млрд теңгеге жетті.
Қаржыландыру көлемі артқан сайын медициналық қызмет көрсететін ұйымдардың саны да өсті. Егер 2019 жылы олардың саны 1 417 болса, 2025 жылы 1 941-ге жеткен. Оның ішінде жекеменшік клиникалар саны 690-нан 713-ке, ал мемлекеттік ұйымдар саны 727-ден 1 228-ге артты.
«Басты мақсат – әрбір азаматтың сапалы әрі дер кезінде медициналық көмек алу мүмкіндігін қамтамасыз ету. Қаржыландыру мен қызмет көрсетушілер санының өсуі тікелей түрде медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасын арттыруға бағытталған», – деп атап өтті Ақмарал Әлназарова.
ӘМСҚ басқарма төрағасы Айдын Құлсейітов өз кезегінде Қордың ағымдағы қаржылық жағдайы туралы баяндады. Оның айтуынша, 2025 жылғы 29 қазандағы жағдай бойынша Қорға түскен түсімдердің жалпы көлемі 2 трлн теңгеден асты. Халықтың қатысу деңгейі артып келеді – олардың жарналары 808 млн теңгеге жетті. Ал МӘМС бойынша мемлекеттік трансферттердің көлемі тұрақты деңгейде сақталуда. Сонымен қатар тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі бойынша қаржыландыру 1,1 трлн теңгеге дейін қысқарды. Бұл шығыстарды мақсатты бағдарламаларға қайта бөлу және қаражатты тиімді пайдалану шараларын көрсетеді.
Айдын Құлсейітов атап өткендей, Қор медициналық қызметтердің сапасын бақылау және сараптау үдерістеріне жасанды интеллект технологияларын белсенді енгізіп келеді. Цифрландырудың нәтижесі айқын көрінуде: 2024 жылмен салыстырғанда жалған мәліметтерді анықтау көрсеткіші 19 есе артқан, ал бұзушылықтар тіркелген медициналық ұйымдар саны 50 есе азайған. Ағымдағы жылдың қыркүйек айында бірде-бір жалған есеп тіркелмеген.
Кездесу соңында Алексей Цой Қор жүзеге асырып жатқан жүйелі реформалардың маңыздылығын атап өтіп, МӘМС жүйесін жетілдіру бойынша жұмысты жалғастыруды тапсырды.
Қаржыландыру көлемі артқан сайын медициналық қызмет көрсететін ұйымдардың саны да өсті. Егер 2019 жылы олардың саны 1 417 болса, 2025 жылы 1 941-ге жеткен. Оның ішінде жекеменшік клиникалар саны 690-нан 713-ке, ал мемлекеттік ұйымдар саны 727-ден 1 228-ге артты.
«Басты мақсат – әрбір азаматтың сапалы әрі дер кезінде медициналық көмек алу мүмкіндігін қамтамасыз ету. Қаржыландыру мен қызмет көрсетушілер санының өсуі тікелей түрде медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасын арттыруға бағытталған», – деп атап өтті Ақмарал Әлназарова.
ӘМСҚ басқарма төрағасы Айдын Құлсейітов өз кезегінде Қордың ағымдағы қаржылық жағдайы туралы баяндады. Оның айтуынша, 2025 жылғы 29 қазандағы жағдай бойынша Қорға түскен түсімдердің жалпы көлемі 2 трлн теңгеден асты. Халықтың қатысу деңгейі артып келеді – олардың жарналары 808 млн теңгеге жетті. Ал МӘМС бойынша мемлекеттік трансферттердің көлемі тұрақты деңгейде сақталуда. Сонымен қатар тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі бойынша қаржыландыру 1,1 трлн теңгеге дейін қысқарды. Бұл шығыстарды мақсатты бағдарламаларға қайта бөлу және қаражатты тиімді пайдалану шараларын көрсетеді.Айдын Құлсейітов атап өткендей, Қор медициналық қызметтердің сапасын бақылау және сараптау үдерістеріне жасанды интеллект технологияларын белсенді енгізіп келеді. Цифрландырудың нәтижесі айқын көрінуде: 2024 жылмен салыстырғанда жалған мәліметтерді анықтау көрсеткіші 19 есе артқан, ал бұзушылықтар тіркелген медициналық ұйымдар саны 50 есе азайған. Ағымдағы жылдың қыркүйек айында бірде-бір жалған есеп тіркелмеген.
Кездесу соңында Алексей Цой Қор жүзеге асырып жатқан жүйелі реформалардың маңыздылығын атап өтіп, МӘМС жүйесін жетілдіру бойынша жұмысты жалғастыруды тапсырды.
30.10.2025
66% считают статью полезной
Была ли эта статья для вас полезной ?
Сонымен қатар оқыңыз
АШЫҚТЫҚ, БАҚЫЛАУ, ТИІМДІЛІК: QALQAN ПЛАТФОРМАСЫ МӘМС ЖҮЙЕСІНДЕ НЕНІ ӨЗГЕРТЕДІ
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры денсаулық сақтау жүйесін қаржыландыру бағытында ауқымды цифрлық жаңғырту басталғанын жариялады. Трансформацияның негізгі құралына айналған Qalqan платформасы «МӘМС 2.0» моделінің технологиялық негізі ретінде енгізілуде.
24.04.2026
ҚОРДА ЖЫЛ САЙЫНҒЫ ІШКІ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІНЕ ТАЛДАУ ЖҮРГІЗЕДІ
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ осы жылдың 29 сәуірінен бастап Қор қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жоспарланып отырғанын хабарлайды.
15.04.2026
МӘМС ЖҮЙЕСІНДЕГІ ТӨЛЕМДЕРДІ УАҚТЫЛЫ ТӨЛЕМЕУ: МЕРЗІМДІ САҚТАУДЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры азаматтардың МӘМС жүйесіндегі медициналық көмекке үздіксіз қол жеткізуінің негізі – аударымдар мен жарналарды уақтылы төлеудің маңыздылығын еске салады.
15.04.2026



