Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорында басқарма төрағасының жаңа орынбасары таныстырылды. Бұл қызметке бұған дейін медициналық көмекті сатып алуды ұйымдастыру департаментінің директоры болған Светлана Пономарева тағайындалды.
Светлана Пономарева – білімі бойынша фтизиатр-дәрігер, медицина саласында 35 жыл еңбек еткен. Еңбек жолын Ақмола облыстық туберкулезге қарсы диспансерінде бастаған. Әр жылдары ол медициналық көмекті ұйымдастыру және статистиканы жетілдіру орталығында, денсаулық сақтау қызметтерін дамыту және медициналық көмекті стандарттау орталығында, Республикалық денсаулық сақтауды дамыту орталығының медициналық-экономикалық талдау және сараптама орталығында, медициналық ақпараттық талдау департаментінде жетекші лауазымдарда қызмет атқарды. 2019 жылдан бері «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ медициналық көмекті сатып алуды ұйымдастыру департаментінің директоры болды.
«Біз меритократия қағидатын ұстанамыз және өз кадрларымызды тәрбиелейміз. Светлана Владимировна – жоспарлау, болжау және медициналық көмекті сатып алу сұрақтары бойынша жетекшілік ететін тәжірибелі маман. Бұл – бір-бірімен байланысты үлкен жұмыс блогы. Алдарыңызда өзекті міндеттер тұр. Алда үш жылдық бюджетті қалыптастыру міндеті бар. Жұмысыңызға сәттілік тілеймін!» – деп тілек білдірді Әбілқайыр Сқақов.
Светлана Пономарева – білімі бойынша фтизиатр-дәрігер, медицина саласында 35 жыл еңбек еткен. Еңбек жолын Ақмола облыстық туберкулезге қарсы диспансерінде бастаған. Әр жылдары ол медициналық көмекті ұйымдастыру және статистиканы жетілдіру орталығында, денсаулық сақтау қызметтерін дамыту және медициналық көмекті стандарттау орталығында, Республикалық денсаулық сақтауды дамыту орталығының медициналық-экономикалық талдау және сараптама орталығында, медициналық ақпараттық талдау департаментінде жетекші лауазымдарда қызмет атқарды. 2019 жылдан бері «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ медициналық көмекті сатып алуды ұйымдастыру департаментінің директоры болды.«Біз меритократия қағидатын ұстанамыз және өз кадрларымызды тәрбиелейміз. Светлана Владимировна – жоспарлау, болжау және медициналық көмекті сатып алу сұрақтары бойынша жетекшілік ететін тәжірибелі маман. Бұл – бір-бірімен байланысты үлкен жұмыс блогы. Алдарыңызда өзекті міндеттер тұр. Алда үш жылдық бюджетті қалыптастыру міндеті бар. Жұмысыңызға сәттілік тілеймін!» – деп тілек білдірді Әбілқайыр Сқақов.
27.09.2024
66% считают статью полезной
Была ли эта статья для вас полезной ?
Сонымен қатар оқыңыз
АШЫҚТЫҚ, БАҚЫЛАУ, ТИІМДІЛІК: QALQAN ПЛАТФОРМАСЫ МӘМС ЖҮЙЕСІНДЕ НЕНІ ӨЗГЕРТЕДІ
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры денсаулық сақтау жүйесін қаржыландыру бағытында ауқымды цифрлық жаңғырту басталғанын жариялады. Трансформацияның негізгі құралына айналған Qalqan платформасы «МӘМС 2.0» моделінің технологиялық негізі ретінде енгізілуде.
24.04.2026
ҚОРДА ЖЫЛ САЙЫНҒЫ ІШКІ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІНЕ ТАЛДАУ ЖҮРГІЗЕДІ
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ осы жылдың 29 сәуірінен бастап Қор қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жоспарланып отырғанын хабарлайды.
15.04.2026
МӘМС ЖҮЙЕСІНДЕГІ ТӨЛЕМДЕРДІ УАҚТЫЛЫ ТӨЛЕМЕУ: МЕРЗІМДІ САҚТАУДЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры азаматтардың МӘМС жүйесіндегі медициналық көмекке үздіксіз қол жеткізуінің негізі – аударымдар мен жарналарды уақтылы төлеудің маңыздылығын еске салады.
15.04.2026



