2021 жылы медициналық сақтандыру Қоры алдын ала сомасы 6,2 млрд теңгені құрайтын 7000 ЭКҰ циклын қаржыландыруды жоспарлап отыр. Жасанды ұрықтандыру рәсімін жүргізуге квота саны 2020 жылмен салыстырғанда 7 есе өсті. Бұл туралы ӘМСҚ басқарма Төрағасы Болат Төкежанов ОКҚ-де өткен брифингте мәлімдеді.

Биыл экстракорпоральды ұрықтандырудың 526 процедурасы орындалды. Мәселен, өткен жылы 1-тоқсанда барлығы 59 ЭКҰ жасалған.

2021 жылдың басынан бастап Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Қазақстанда "Аңсаған сәби" бағдарламасы жүзеге асырылуда.

Естеріңізге сала кетейік, әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры ЭКҰ бағдарламасы аясында 2018 жылы ТМККК шеңберінде 902 циклды және 2019 жылы да  дәл осы көлемді қаржыландырған.

ДДСҰ мәліметтері бойынша, репродуктивті технологияны жүргізу нәтижесі 45-60% жетеді. ЭКҰ жүргізу тиімділігі біздің елімізде орта есеппен 15%-дан 42% -ға дейін өсті. Бала туу фактісі бойынша емдеу тиімділігінің көрсеткіші 30% деңгейінде, бұл ең жақсы еуропалық клиникалардың көрсеткішіне сәйкес келеді.

ЭКҰ кімдерге арналған? Ең басты аталған процедура терапевтік жолмен емдеуге келмейтін бедеулік диагнозы қойылғандарға арналған.  ЭКО-ға отбасылық жұптар да, жеке адам да қатыса алады. Міндетті түрде үміткердің ерікті жазбаша  келісімі болуы керек.

Сонымен қатар Қазақстан азаматы болуы және денсаулық сақтау министрлігі белгілеген медициналық параметрлерге сәйкес келуі қажет – бұл репродуктивті жас (18-ден 42 жасқа дейін), қалыпты соматикалық және эндокриндік мәртебе, жоғары фолликулярлық резерв.

Науқасқа ұрықтандырудан бас тарту бірнеше жағдайда әсер етуі мүмкін: жатырдың туа біткен немесе жүре біткен ауытқулары, соматикалық және психикалық бұзылулар, аналық без ісіктері, жедел қабыну және кез-келген локализацияның онкологиясы.

ЭКҰ-ға жолдама алу үшін тіркелген жері бойынша емханаға жүгіну қажет. Ұйым мамандары пациентті бедеулігі бар диспансерлік пациенттердің электрондық тіркеліміне қосады және бірқатар тексерулер тағайындайды. 12 ай ішінде МСАК ұйымы бейінді маманның қорытындысы негізінде пациенттің құжаттарын жоғары технологиялық медициналық қызметтер жөніндегі жергілікті комиссияға жібереді. Оң шешім қабылданған жағдайда, әйел «Емдеуге жатқызу бюросы» порталында тіркеліп, рәсімге дайындала бастайды. Пациент экстракорпоралдық ұрықтандыру үшін клиниканы өз бетінше таңдауға құқылы.

Айта кету керек, жылына бір рет МӘМС бойынша ЭКҰ процедурасынан тегін өтуге болады. МӘМС жүйесінде ЭКҰ жүргізу алдында ерлі-зайыптыларды тексеру көлемі көзделген тізбеге сәйкес жүзеге асырылады.

Еліміздің 8 өңірінен 19 медициналық ұйым ҚР-да ЭКҰ қызметтерін жеткізушілер болып табылады, олардың ішінде жеке меншігі -18. 

ЭКҰ жүргізу қағидалары және ілеспе іс-шаралар туралы толық ақпарат Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 15 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-272/2020 «Қосалқы репродуктивтік әдістер мен технологияларды жүргізу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы» бұйрығында жарияланған.

12.05.2021
66% считают статью полезной Была ли эта статья для вас полезной ?
Сонымен қатар оқыңыз
КАКАЯ МЕДПОМОЩЬ ПОЛОЖЕНА НЕЗАСТРАХОВАННЫМ
САҚТАНДЫРЫЛМАҒАН АЗАМАТТАРҒА ҚАНДАЙ МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТІЛЕДІ
Шамамен 1,63 трлн теңге кепілдендірілген медициналық көмек көлеміне кіретін қызметтерге қарастырылған. Мұндай қызметтер тегін көрсетіледі. Сақтандырылмаған пациенттер де тегін ала алады.
03.07.2025
БОЛЕЕ 1 ТРЛН ТЕНГЕ ПОСТУПИЛО В ВИДЕ ВЗНОСОВ И ОТЧИСЛЕНИЙ В 2024 ГОДУ
2024 ЖЫЛЫ ЖАРНАЛАР МЕН АУДАРМАЛАР СОМАСЫ 1 ТРЛН-НАН АСТЫ
2024 жылы МӘМС жүйесінде 15,9 млн адам сақтандырылған.
26.06.2025
НА 1,1 ТРЛН ТЕНГЕ ОКАЗАНА МЕДПОМОЩЬ ПО ОСМС В 2024 ГОДУ
2024 ЖЫЛЫ МӘМС АЯСЫНДА 1,1 ТРЛН ТЕҢГЕГЕ МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ
Көрсеткіш 2023 жылмен салыстырғанда 12%-ға жоғары. Жалпы, былтыр ТМККК және МӘМС аясында медициналық көмек көрсетуге 2 трлн 522 млрд теңге бөлінді.
26.06.2025
Барлығын қарау
Өтініш беру МӘМС калькуляторы Іздеу