Артқа
Артқа

МӘМС БОЙЫНША ЖЕКЕ КӘСІПКЕРЛЕРДІ ЖИІ ТОЛҒАНДЫРАТЫН СҰРАҚТАР

Соңғы кездері өзге де міндетті төлемдермен қатар, МӘМС-ке жарна төлеуі тиіс жеке кәсіпкерлерден түсетін сұрақтар жиіледі. Өтініштердің арасында ең көп қозғалатын тақырыптарға Қорда түсіндірмелер әзірледі. 1. 2024 жылы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға ЖК қанша төлеуі қажет? Жеке кәсіпкерлер мен жеке практикамен айналысатын азаматтар өзге де әлеуметтік аударымдармен қатар МӘМС-ке белгіленген жарналарды төлейді. Жарна мөлшері ЕТЖ-нің 1,4-еселенген мөлшерінің 5%-ын құрайды, яғни 5% * (85 000 * 1,4) = 5 950 теңге (2024 жылы).

2. ЖК МӘМС-ке жұмыс беруші ретінде қалай төлейді? Егер жеке кәсіпкердің жалдамалы қызметкерлері болса, онда олар үшін келесідей мөлшерлерде төлеуі қажет:
- жұмыс берушінің есебінен қызметкерлердің жалақысының 3% мөлшерінде, бірақ 25 500 теңгеден аспайтын (10 ЕТЖ-ден, яғни 2024 жылы 850 000 теңге) аударымдар;
- қызметкерлердің жалақысының 2% мөлшерінде, бірақ қызметкердің табысы есебінен 17 000 теңгеден (10 ЕТЖ-дан) аспайтын жарналар.

Төлемді МӘМС-ке банктің кез келген бөлімшесі немесе мобильді қосымшасы, «Қазпошта» АҚ кассасы арқылы аударуға болады. Төлем мақсаттық коды (ТМК): аударымдар – 121, жарналар – 122.

3. Жалдамалы қызметкер болып табылатын жеке кәсіпкер МӘМС-ке жарна төлей ме? Иә, себебі бұны «МӘМС туралы» Заң талап етеді. (28-баптың 3 және 5-тармақтары). Яғни ол ЖК ретінде (5 950 теңге), сонымен қатар жалдамалы қызметкер ретіндегі жалақысының 2%-ы мөлшерінде жарна төлейді.

Жұмысы тоқтатылғаны немесе жұмыс істемейтіндігі (салық заңнамасына сәйкес) туралы ресми қаулы ғана ЖК ретінде жарна төлеуден босатады.

4. Егер мүгедектігі бар болса, ЖК МӘМС-ке жарна төлеуі қажет пе? Жоқ, өйткені ол жеңілдетілген санатқа енеді. Сондай-ақ ол 18 жасқа дейінгі балалар; зейнеткерлер, оның ішінде ҰОС қатысушылары мен мүгедектері; «Алтын алқа», «Күміс алқа», «Батыр Ана» атағы, I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордені бар көп балалы аналар; мектептерде, лицейлерде, колледждерде, жоғары оқу орындарында, магистратурада күндізгі білім алушылар санаттарына енетін болса, ЖК жарналарын төлемейді.

5. Декреттегі ЖК әйелдің МӘМС үшін ақы төлеуі қажет пе? «МӘМС туралы» Заңның 26-бабында мемлекет жарна төлейтін 15 санат айқындалған. Олардың қатарында үш жасқа дейінгі баланы/балаларды тәрбиелеп отырған жұмыс істемейтін адам (баланың заңды өкілдерінің бірі) бар. Аталған бапта жұмыс істемейтіндер ретінде кәсіпкерлік немесе еңбек қызметін жүзеге асырмайтын және табысы жоқ адамдар белгіленген.

Соған сәйкес қызметі ресми түрде тоқтатылмаған және жұмыс істеп тұрған ЖК бар декреттегі әйел жеңілдікті санатқа енбейді. Сондықтан МӘМС-ке жарна төлеуі тиіс.

Ол сондай-ақ кәсіпкерлік қызметті ресми түрде жабуына немесе тоқтата тұруына болады. Бұл оған жеңілдік санатына енуге мүмкіндік береді.

6. Жүкті әйел бала тууына байланысты төлем алу үшін ЖК ашты. Неліктен ол МӘМС мәртебесінен айырылып қалды? Жұмыссыз әйел жүктілік бойынша есепке тұру кезінде «жұмыс істемейтін жүкті әйел» санаты бойынша жеңілдікке ие болады. Ол үшін жарналарды мемлекет төлейді және автоматты түрде сақтандырылады. Алайда, әйел ЖК тіркеген жағдайда, ресми түрде кәсіпкерлік қызметті бастағандықтан «жұмыс істемейтін азаматтар» санатынан шығарылады. Бұл жағдайда ол жеңілдік мәртебесінен айырылады.

7. ЖК жұмыс істемейді, ешқандай кіріс жоқ. Мұндай жағдайда жарна төлеу қажет пе? Иә, МӘМС жүйесінде жарна төлеу міндеті жұмыс істеп тұрған ЖК болу фактісі бойынша туындайды және ол табысқа байланысты емес. Салық есептілігін ұсынуды тоқтатқан немесе жұмыс істемейді деп танылған (ҚР Салық заңнамасына сәйкес) ЖК жарна төлеуден босатылған.

8. ЖК жарнаны есептік айдан кейін төлей ала ма? Жарналарды ай сайын да, алдағы кезең үшін де алдын-ала төлеуге болады. Егер сіз кейінірек төлесеңіз, онда берешек пайда болады және ЖК МӘМС-те мәртебесін жоғалтады. Сонымен қатар, Мемлекеттік кірістер органдары төлемді кешіктіргені үшін өсімпұл есептейді.

Төлем кезінде ЖСН, ТАӘ, төлем сомасын қатесіз көрсету маңызды, әйтпесе жарналар кері қайтарылуы мүмкін. 2-3 жұмыс күні ішінде қаражаттың кері қайтарылуын тексеріңіз.

9. Егер жеке клиникаларға жүгінетін болса, ЖК МӘМС жарналарын төлемеуіне бола ма? Заң жеке кәсіпкерлерді бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдермен қатар МӘМС жарналарын төлеуге міндеттейді. Сондықтан жарналарды төлеуден бас тартуға болмайды.

МӘМС жүйесі жеке клиникаларда да қызмет көрсетуге мүмкіндік беретінін еске сала кетейік. Сонымен қатар, қазір мемлекеттік емханаларда медициналық көмек көрсетудің қолжетімділігі мен сапасы айтарлықтай жақсарды. Көрсеткіштер болған жағдайда МӘМС бойынша бейінді мамандардың кеңесі, талдаулар, консультациялық-диагностикалық қызмет, жоспарлы емдеуге жатқызу қарастырылған. Бұл ретте алатын медициналық қызметтердің көлемі мен құнында шектеулер жоқ.

10. Азамат жеке кәсібін жапса, МӘМС жарналарын төлеуді тоқтатады ма? Егер жеке кәсіпкердің қызметі толығымен тоқтатылса, онда азамат ЖК ретінде жарналарды төлемейді. Бірақ МӘМС жүйесінде сақтандырылған мәртебесін сақтау үшін ол жарналарды дербес төлеуші ретінде төлей алады (2024 жылы ай сайын 4 250 теңгеден). Егер ол жалдамалы қызметкер болса, онда оның жұмыс берушісі жарналарды жалақының 2% мөлшерінде аударады.
30.07.2024
66% считают статью полезной Была ли эта статья для вас полезной ?
Сонымен қатар оқыңыз
ТОП 10 УНИКАЛЬНЫХ ОПЕРАЦИЙ ПО ОСМС ЗА НОЯБРЬ 2024 ГОДА
2024 ЖЫЛДЫҢ ҚАРАША АЙЫНДА МӘМС АЯСЫНДА ЖАСАЛҒАН ТОП 10 БІРЕГЕЙ ОПЕРАЦИЯ
Қазақстандық дәрігерлер заманауи технологияларды қолдана отырып, пациенттердің өмірін сақтап қалу жолында жоғары кәсібилік көрсетуде.
11.12.2024
КЛИЕНТЫ ЕВРАЗИЙСКОГО БАНКА БУДУТ ПОЛУЧАТЬ  PUSH-УВЕДОМЛЕНИЯ ПО ОСМС
ЕУРАЗИЯЛЫҚ БАНК КЛИЕНТТЕРІ МӘМС БОЙЫНША PUSH-ХАБАРЛАМА АЛАТЫН БОЛАДЫ
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры мен Еуразиялық банк МӘМС төлемдерін өткізу туралы клиенттерге push-хабарлама жіберу жөнінде келісімге келді. Осы мақсатта тараптар тиісті меморандумға қол қойды.
10.12.2024
ДОГОВОР ПРИСОЕДИНЕНИЯ – 2025: ЧТО ИЗМЕНИЛОСЬ
Қосылу шарты – 2025: не өзгерді
Қор медициналық көмек көрсету қызметтерін сатып алу туралы қосылу келісімін ТМККК және МӘМС жүйесі аясында бірқатар тармақ бойынша оңтайландырды.
10.12.2024
Барлығын көру
Подать обращение МӘМС калькуляторы Іздеу