2025 ЖЫЛДЫҢ ҚАҢТАР АЙЫНДА МӘМС АЯСЫНДА ЖАСАЛҒАН ТОП 10 БІРЕГЕЙ ОПЕРАЦИЯ
Қазақстандық дәрігерлер кәсібиліктің жоғары деңгейін дәлелдей отырып, күрделі хирургиялық операцияларды сәтті жүргізіп, заманауи медициналық технологияларды қолдануда. Елдің әртүрлі өңірлерінде ісікті алып тастау, омыртқадағы ісікті «цементтеу», сіңірді қалпына келтіру және бала жүрегіне жасалатын операция сияқты бірегей оталар жасалуда.
Біз осы жылдың қаңтар айында МӘМС қаражаты есебінен жүргізілген 10 бірегей және қымбат операцияларды тізіп шықтық.
Алматыда нейрохирургтер ми ісігі бар баланың өмірін аман алып қалды 9 жастағы баланың ауруы бас айналу, көздің қос көрінуі мен әлсіздіктен басталып, ақыры оның құлауына себеп болды. ДГКБ №2-де жасалған КТ зерттеуі ми діңінде ісік, қан құйылу және гидроцефалия барын анықтады. Сонымен қатар, балаға бульбарлық синдром, атаксия және гемипарез диагнозы қойылды.
Өміріне қауіп төнгендіктен, шұғыл ота жасау қажет болды. Нейрохирургтер ісікті интраоперациялық нейромониторинг арқылы алып тастады. 4,5 сағатқа созылған күрделі операциядан кейін бала өздігінен дем ала бастады, ал кейін химиотерапияға жіберілді. Дәрігерлер 20 күннен астам уақыт оның өмірі үшін күресіп, жағдайын тұрақтандырды.
Павлодарлық дәрігерлер омыртқадағы ісікті «цементтеп» бекітті Павлодарда омыртқаны цементтеу операциялары жүргізіледі. Бұл әдіс арқылы дәрігерлер омыртқаны арнайы медициналық цементпен тесу арқылы нығайтады, нәтижесінде науқастардың қозғалысы қалпына келеді. Мұндай емнің құны 1 млн теңгеге дейін жетеді, бірақ ол МӘМС аясында тегін қолжетімді.
Нейрохирург Ақылбек Искаков елдің түкпір-түкпірінен келген науқастарға көмектеседі. Олардың қатарында 40 жылдан бері ауырсынудан зардап шеккен Шульбинск тұрғыны мен омыртқасы сынғаннан кейін жүре алмай қалған 87 жастағы Александра Афанасьевна бар. Отадан бірнеше сағат өткен соң ол қайта жүре бастады.
ШҚО хирургтері сирек кездесетін ісікті сәтті алып тастады Зайсан ауданының 44 жастағы тұрғыны өңеш бөлігінің диафрагмалық жарығын жою үшін ауруханаға жатқызылды. Лапароскопиялық операция кезінде дәрігерлер гепатодуоденальды байлам аймағынан сирек кездесетін ісікті анықтады. Оны алып тастау үшін күрделі ашық ота қажет болды, себебі ісік өт өзектерін қысқан. Хирургтер ісікті капсуласымен және өт қабымен бірге сәтті алып тастады.
«Мұндай түзілім өте сирек кездеседі, өз тәжірибемде бар болғаны үш рет кездестірдім», – деді ШҚО облыстық ауруханасының хирургия бөлімінің меңгерушісі Марат Башабаев.
Алматыда жүрекке бірегей операция жасалды
75 жастағы әйел №7 ҚКА-ға жүгінді. УДЗ нәтижесінде тамырдың 90-95%-ға дейін тарылуымен рестеноз анықталды. Хирургтер ішкі тамыр ультрадыбысы (ІТУДЗ) арқылы стенттеу жүргізді. Бұл артериялардың жағдайын дәл бағалап, стентті толық ашуға және қан айналымын қалпына келтіруге мүмкіндік берді.
Операция МӘМС аясында және ІТУДЗ бойынша халықаралық курс шеңберінде сәтті өтті. ІТУДЗ – кардиологиядағы маңызды жаңалық, ол коронарлық артериялар мен аяқ-қол тамырларының жағдайын нақты бағалап, емнің тиімділігін арттырып, асқыну қаупін төмендетеді.
Атырау дәрігерлері жүкті әйелдің өмірін сақтап қалды Жүктіліктің 38 аптасында пациентке «плацентаның жатыр тыртығына өсуі» диагнозы қойылып, жоспарлы түрде ота жасалды. Аутогемотрансфузия және ультрадыбыстық скальпель қолданылған операция сәтті өтіп, әйелдің репродуктивтік органдарын сақтап қалуға мүмкіндік берді. Қазір ана мен баланың жағдайы жақсы.
Ота заманауи құрылғылар мен жоғары технологияларды қажет ететіндіктен, оның жалпы құны шамамен 1 миллион теңге тұрады. Алайда, бұл ота МӘМС жүйесі арқылы науқасқа тегін жасалды.
Қазақстандыққа МӘМС аясында 1,3 млн теңгелік ота жасалды Алматыдағы Орталық қалалық клиникалық ауруханаға 73 жастағы науқас құрсақ аортасы мен аяқтың негізгі артерияларының ауыр окклюзиясымен түсті. Амбулаторлық ем нәтиже бермей, аяқтарында қатты ауырсыну пайда болған. Хирургтер аортобифеморалды протездеу отасын сәтті жүргізді. Қазір пациенттің жағдайы тұрақты.
Аортобифеморалды протездеу – қан айналымын қалпына келтіріп, гангрена дамуын болдырмайтын және қозғалу қабілетін сақтайтын жоғары технологиялық тамырлық операция.
Алматы облысында төменгі жақ остеомиелиті сәтті емделді 1991 жылғы пациент ауруханаға сол жағының төменгі бөлігі ісіп әрі қатты ауырсынып түсті. 7 жыл бұрын жұлынған тістің орны зақымданып, жайсыздық белгілері күшейген. Тексеру барысында бет асимметриясы, ісіну, ауырсынатын инфильтрат байқалып, пациент ауызын еркін аша алмады. Компьютерлік томография нәтижесі остеомиелиттің өршу сатысында екенін көрсетті.
Дәрігерлер науқасқа титанды пластина орнату арқылы цистоэктомия және секвестрэктомия отасын жасады. Инфекцияның таралуы мен аурудың қайталануын болдырмау үшін зақымданған тістерді жұлуға тура келді. Ота МӘМС аясында сәтті өткізілді.
Маңғыстау облысының тұрғынынан үлкен көлемдегі ісік алынды 78 жастағы әйелдің алты айдан астам уақыт бойы оң жақ жамбасы ауырған. Тексеру нәтижесінде шұғыл операцияны қажет ететін жұмсақ тіндердің ісігі анықталды.
Пациенттің оң жақ жамбасының жоғарғы үштен бір бөлігінде орналасқан ірі жұмсақ тін ісігін алып тастау операциясы 4,5 сағатқа созылды. Ісіктің сан тамырларына жақын орналасуы дәрігерлерге қиындық тудырған.
Отадан кейінгі кезең тұрақты, асқынусыз өтті.
Петропавл дәрігерлері сіңірге операция жасады Қалалық көпсалалы аурухананың травматологтары сирек әрі ауыр жарақат алған науқастың жыртылған төртбасты бұлшықет сіңірлерін толық қалпына келтірді. Тері астындағы екі жақты толық жыртылу отаны күрделендіріп жіберді.
«Жоғары дәлдікті қажет еткен операцияда дәрігерлер жұмыла кірісті. Себебі бұл жарақат науқастың қозғалысын айтарлықтай шектеп, ауыр салдарға әкелуі мүмкін еді. Біз зақымданған тіндерді толық тексеріп, сіңірлердің тұтастығын қалпына келтіріп, пациенттің толық айығып кетуі үшін тер төктік», – деді мамандар.
Павлодарда бір жарым жасар қыздың жүрегіне ота жасалды
Кардиоорталықта балалар бөлімі қайта жұмысын бастады. Дәрігерлер туа бітті жүрек ақауы бар 1 жас 7 айлық пациентке операция жасады. Бала ентігіп, тез шаршап қала берген, ал консервативті терапия нәтиже бермеді.
Хирургтер жүрекшелер арасындағы қалқаның кемшілігін пластикалық әдіспен түзетті. Операция үш сағатқа созылды.
Жүрек ақауының пайда болуына көптеген фактор әсер етеді, соның бірі – тұқым қуалаушылық. Қыздың анасына да осы диагноз қойылып, операция жасалған екен.

11.02.2025
66% считают статью полезной
Была ли эта статья для вас полезной ?
Сонымен қатар оқыңыз
МӘМС КЕҢЕСШІЛЕРІН АСТАНА МЕДИЦИНАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ БАЗАСЫНДА ДАЙЫНДАЙДЫ
МӘМС негіздері мен пациенттердің құқықтары елордалық медицина университетінің оқу бағдарламаларында оқытылатын болады. «Әлеуметтік медициналық сақтандыру Қоры» КЕАҚ мен «Астана медицина университеті» КЕАҚ арасында өзара ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.
19.03.2025
2025 ЖЫЛДЫҢ АҚПАН АЙЫНДА МӘМС АЯСЫНДА ЖАСАЛҒАН ТОП 10 БІРЕГЕЙ ОПЕРАЦИЯ
Елдің әр өңірінде ағза трансплантациясы, буын эндопротездеу және ісік алу сияқты бірегей операциялар жасалуда.
Біз осы жылдың ақпан айында МӘМС қаражаты есебінен жүргізілген 10 бірегей және қымбат операцияларды тізіп шықтық.
18.03.2025
2024 ЖЫЛЫ ҚОРҒА ЖИІ ҚОЙЫЛҒАН СҰРАҚТАР
Мәртебесі барлар қатарынан шығып қалу, тегін дәрі-дәрмек беру және медициналық көмек алу кезіндегі пациенттердің құқығы… Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорында былтыр қазақстандықтардың қандай сұрақтарды жиі қойғанын айтып берді.
12.03.2025