2025 ЖЫЛДЫҢ НАУРЫЗ АЙЫНДА МӘМС АЯСЫНДА ЖАСАЛҒАН ТОП 10 БІРЕГЕЙ ОПЕРАЦИЯ
2025 жылдың наурыз айында МӘМС қаражаты есебінен жүргізілген 10 бірегей және қымбат операцияларды жинап шықтық. Павлодарлық әйелден 19 литр сұйықтығы бар алып киста алынды
55 жастағы әйелдің құрсақ қуысы мен кіші жамбас аймағынан ірі киста анықталды. Пациент Г. Сұлтанов атындағы облыстық ауруханаға жоспарлы операцияға жіберілді.
Хирургиялық араласу кезінде гинеколог дәрігерлер кистаны алып тастап, одан алдын ала 19 литр сұйықтықты шығарды. Операция 2,5 сағатқа созылды.
Дәрігерлердің айтуынша, операциядан кейінгі кезең асқынусыз өтіп жатыр, науқастың жағдайы тұрақты.
Шымкенттік нейрохирургтар ми тамырларындағы аневризмасы бар пациентті аман алып қалды Шымкент қалалық №2 ауруханасының дәрігерлері ми тамырларындағы аневризма диагнозы қойылған 48 жастағы әйелге сәтті ота жасады. Өміріне қауіп төндіретін жағдай профилактикалық тексеру кезінде анықталған. Ота 3 сағатқа созылды.
Бас дәрігер Бақытжан Позиловтың айтуынша, биыл дәрігерлер ми мен омыртқаға 40-қа жуық күрделі операция жасаған. Барлық процедуралар МӘМС аясында тегін жүргізіледі.
Қонаевта дәрігерлер лапароскопиялық отаны сәтті жасады
Қонаев қаласының 40 жастағы тұрғыны клиникаға эпигастрий аймағынан арқа мен кеуде тұсына таралатын қатты ауырсынуға шағымданып жүгінді. Тексеруден кейін пациент жоспарлы түрде ауруханаға жатқызылды.
Дәрігерлер оған асқынған калькулезді холецистит, яғни жедел реактивті панкреатит диагнозын қойды. Өт қабы лапароскопиялық әдіспен алынып тасталды.
Хирургтардың дер кезінде көрсеткен көмегінің арқасында ауыр асқынулардың алдын алуға мүмкіндік туды. Бірнеше күннен кейін пациент үйіне шығарылды.
Жамбылдық хирургтар ұйқы безіндегі қауіпті ісікті сәтті алды Жамбыл облыстық көпбейінді ауруханасында хирургтар ұйқы безіндегі рецидивті кистаны алып тастау бойынша жоғары технологиялық ота жасады.
58 жастағы науқас бұған дейін де осындай диагнозбен операция өткерген. Соңғы 6 айда ауырсыну күшейіп, МРТ нәтижесінде көлемі 9×7 см болатын киста анықталды.
Науқасқа көкбауырды сақтай отырып, ұйқы безінің зақымдалған бөлігін алып тастау бойынша жоғары дәлдіктегі ота жасалды. Операция сәтті өтті. Науқас оңалту кезеңінен кейін үйіне шығарылды. Ем МӘМС аясында тегін көрсетілді.
Түркістан облысында зейнеткерге жамбас буыны ауыстырылды
Ордабасы ауданы, Темірлан ауылындағы Аудандық орталық ауруханасында 70 жастағы пациентке жамбас буынын эндопротездеу отасы жасалды.
Науқас 25 ақпан күні тұрмыстық жарақат алып, жедел жәрдем бригадасымен аурухананың қабылдау бөліміне келіп түскен. Дәрігерлер қарауынан кейін жоспарлы түрде 1 наурыз күні оң жақ жамбас буынына цементпен биполярлы имплантпен эндопротез отасы жасалды. Ота сәтті өтті. Бүгінгі күнде науқастың жағдайы бірқалыпты.
Бұл жоғары технологиялық операция түрі міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі шеңберінде жүргізілді.
Павлодарда ишемия және онкология диагнозы бар науқасқа сәтті ота жасалды Жүректің ишемиялық ауруы бар пациент кардиоорталыққа жатқызылды. Ота алдындағы тексеріс кезінде сол жақ бүйректе ісік анықталды.
Науқасқа өмірлік маңызы бар екі хирургиялық араласу қажет болды – жүрекке шунттау жасау және нефрэктомия (бүйректі алып тастау).
Барлық қауіптерді ескере отырып, симультантты (бір мезгілде) операция жасау туралы шешім қабылданды. Онкологтардың қатысуымен кардиоорталық базасында алдымен бүйрек алынып, содан кейін жүрекке шунттау отасы жасалды. Қымбатқа түсетін бұл операция МӘМС аясында жүргізілді.
Өскеменде жараны тігу бойынша күрделі операция жасалды Қалалық №4 аурухана дәрігерлері әйелге асқазан мен ішек арасында тесік пайда болуына алып келген жараны тігу үшін ашық операция жасады. Операция күрделі болғанына қарамастан, ол сәтті өтті.
– Мен дәрігерлерге кәсібилігі үшін алғысымды білдіремін және емдеудің ОСМС арқылы тегін өткеніне таңғаламын, – деді пациент.
Хирургтың айтуынша, 2020 жылы науқасқа асқазанда реконструктивті операция жасалған — анастомоз (жіңішке ішекті асқазанмен қосу). Қабыну осы жерде пайда болып, ол шұғыл хирургиялық араласуды қажет етті.
Шымкентте қарияға күрделі нейрохирургиялық ота сәтті жасалды
Шымкент қалалық №2 ауруханасында жасы 70-тен асқан қарияға күрделі нейрохирургиялық ота сәтті жасалды. Зейнеткер ұзақ уақыт бойы омыртқа өзегінің тарылуынан зардап шегіп, ауырсыну мен қозғалыс қиындығына душар болған. Соңғы кездері ауруы асқынып операция жасау қажет етіледі. Жоғары технологиялы медициналық көмек МӘМС жүйесі есебінен көрсетілді.
— Барлығы жақсы өтті. Үш күннен кейін жүре бастадым. Бізде нейрохирургия саласы жалпы жақсы дамып жатыр. Көріп, біліп жүрміз. Тіпті шет елден ем алуға келіп жатыр,- дейді зейнеткер Жолымбет Қозыбақұлы.
Қалалық №2 ауруханасының дәрігер-нейрохирургы Айбол Сансызбаевтың айтуынша, ота барысында жұлын омыртқасы өзегінің тарылған бөлігі түзетіліп, жүйке қысымы жойылған. Қазіргі таңда науқастың жағдайы жақсы және алдағы уақытта медициналық оңалту шараларын қабылдайтын болады.
Аталмыш ауруханада жыл басынан бері 50-ге жуық жоғары технологиялы медициналық көмек көрсетілген. Қазіргі таңда қалада жоғары технологиялық медициналық көмек түрлерін ұсынатын жалпы 10 медициналық мекеме қызмет көрсетуде.
Петропавлда әйелдің өтінен тауық жұмыртқасындай тас алынды 58 жастағы әйел көпбейінді қалалық ауруханаға ішінің жоғарғы бөлігінде қатты ауырсыну, жүрек айну, ащы дәм сезіну және жалпы әлсіздік шағымымен түскен. Ауырсыну майлы және қуырылған тағамдардан кейін басталып, бір тәулік бойы басылмаған.
Дәрігерлердің тексеруінен өткеннен кейін науқасқа өт тас ауруы (холелитиаз) диагнозы қойылды. Ең таңқаларлығы — өт қабында тауық жұмыртқасындай ірі тас анықталды. Дәрігерлер шұғыл ота жасау туралы шешім қабылдады. Хирургиялық операция 1,5 сағатқа созылып, сәтті өтті.
Ота кезінде өт қабынан бірнеше тас алынып, науқастың өміріне қауіп төндіретін асқынулардың алдын алды. Қазір пациент үйіне жіберілген.
Орал қаласының тұрғынына екі рет стенттеу отасы жасалды Инфаркт алған пациент ентігу күшейіп, жүрек ауруы асқынған соң Қалалық көпбейінді ауруханаға жүгінді. Коронарография үш қан тамырының бітелгенін және рестенозды көрсетті. Пациент жоспарлы түрде ауруханаға жатқызылып, алдымен бір тамырға стент қою отасы жасалды. Біраз уақыттан кейін екінші рет стенттеу жүргізілді.
Пациент емге ақша шығармағанын айтып, МӘМС жүйесіне ризашылығын білдірді. Дәрігерлердің айтуынша, мұндай отаның құны 1,5 миллион теңгеден асады. Егер ақылы түрде жасалса, бұл айтарлықтай қаражат, ал МӘМС аясында емделу – үлкен мүмкіндік.
Хирургиялық араласу кезінде гинеколог дәрігерлер кистаны алып тастап, одан алдын ала 19 литр сұйықтықты шығарды. Операция 2,5 сағатқа созылды.
Дәрігерлердің айтуынша, операциядан кейінгі кезең асқынусыз өтіп жатыр, науқастың жағдайы тұрақты.
Шымкенттік нейрохирургтар ми тамырларындағы аневризмасы бар пациентті аман алып қалды Шымкент қалалық №2 ауруханасының дәрігерлері ми тамырларындағы аневризма диагнозы қойылған 48 жастағы әйелге сәтті ота жасады. Өміріне қауіп төндіретін жағдай профилактикалық тексеру кезінде анықталған. Ота 3 сағатқа созылды.
Бас дәрігер Бақытжан Позиловтың айтуынша, биыл дәрігерлер ми мен омыртқаға 40-қа жуық күрделі операция жасаған. Барлық процедуралар МӘМС аясында тегін жүргізіледі.
Қонаевта дәрігерлер лапароскопиялық отаны сәтті жасады

Дәрігерлер оған асқынған калькулезді холецистит, яғни жедел реактивті панкреатит диагнозын қойды. Өт қабы лапароскопиялық әдіспен алынып тасталды.
Хирургтардың дер кезінде көрсеткен көмегінің арқасында ауыр асқынулардың алдын алуға мүмкіндік туды. Бірнеше күннен кейін пациент үйіне шығарылды.
Жамбылдық хирургтар ұйқы безіндегі қауіпті ісікті сәтті алды Жамбыл облыстық көпбейінді ауруханасында хирургтар ұйқы безіндегі рецидивті кистаны алып тастау бойынша жоғары технологиялық ота жасады.
58 жастағы науқас бұған дейін де осындай диагнозбен операция өткерген. Соңғы 6 айда ауырсыну күшейіп, МРТ нәтижесінде көлемі 9×7 см болатын киста анықталды.
Науқасқа көкбауырды сақтай отырып, ұйқы безінің зақымдалған бөлігін алып тастау бойынша жоғары дәлдіктегі ота жасалды. Операция сәтті өтті. Науқас оңалту кезеңінен кейін үйіне шығарылды. Ем МӘМС аясында тегін көрсетілді.
Түркістан облысында зейнеткерге жамбас буыны ауыстырылды

Науқас 25 ақпан күні тұрмыстық жарақат алып, жедел жәрдем бригадасымен аурухананың қабылдау бөліміне келіп түскен. Дәрігерлер қарауынан кейін жоспарлы түрде 1 наурыз күні оң жақ жамбас буынына цементпен биполярлы имплантпен эндопротез отасы жасалды. Ота сәтті өтті. Бүгінгі күнде науқастың жағдайы бірқалыпты.
Бұл жоғары технологиялық операция түрі міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі шеңберінде жүргізілді.
Павлодарда ишемия және онкология диагнозы бар науқасқа сәтті ота жасалды Жүректің ишемиялық ауруы бар пациент кардиоорталыққа жатқызылды. Ота алдындағы тексеріс кезінде сол жақ бүйректе ісік анықталды.
Науқасқа өмірлік маңызы бар екі хирургиялық араласу қажет болды – жүрекке шунттау жасау және нефрэктомия (бүйректі алып тастау).
Барлық қауіптерді ескере отырып, симультантты (бір мезгілде) операция жасау туралы шешім қабылданды. Онкологтардың қатысуымен кардиоорталық базасында алдымен бүйрек алынып, содан кейін жүрекке шунттау отасы жасалды. Қымбатқа түсетін бұл операция МӘМС аясында жүргізілді.
Өскеменде жараны тігу бойынша күрделі операция жасалды Қалалық №4 аурухана дәрігерлері әйелге асқазан мен ішек арасында тесік пайда болуына алып келген жараны тігу үшін ашық операция жасады. Операция күрделі болғанына қарамастан, ол сәтті өтті.
– Мен дәрігерлерге кәсібилігі үшін алғысымды білдіремін және емдеудің ОСМС арқылы тегін өткеніне таңғаламын, – деді пациент.
Хирургтың айтуынша, 2020 жылы науқасқа асқазанда реконструктивті операция жасалған — анастомоз (жіңішке ішекті асқазанмен қосу). Қабыну осы жерде пайда болып, ол шұғыл хирургиялық араласуды қажет етті.
Шымкентте қарияға күрделі нейрохирургиялық ота сәтті жасалды

— Барлығы жақсы өтті. Үш күннен кейін жүре бастадым. Бізде нейрохирургия саласы жалпы жақсы дамып жатыр. Көріп, біліп жүрміз. Тіпті шет елден ем алуға келіп жатыр,- дейді зейнеткер Жолымбет Қозыбақұлы.
Қалалық №2 ауруханасының дәрігер-нейрохирургы Айбол Сансызбаевтың айтуынша, ота барысында жұлын омыртқасы өзегінің тарылған бөлігі түзетіліп, жүйке қысымы жойылған. Қазіргі таңда науқастың жағдайы жақсы және алдағы уақытта медициналық оңалту шараларын қабылдайтын болады.
Аталмыш ауруханада жыл басынан бері 50-ге жуық жоғары технологиялы медициналық көмек көрсетілген. Қазіргі таңда қалада жоғары технологиялық медициналық көмек түрлерін ұсынатын жалпы 10 медициналық мекеме қызмет көрсетуде.
Петропавлда әйелдің өтінен тауық жұмыртқасындай тас алынды 58 жастағы әйел көпбейінді қалалық ауруханаға ішінің жоғарғы бөлігінде қатты ауырсыну, жүрек айну, ащы дәм сезіну және жалпы әлсіздік шағымымен түскен. Ауырсыну майлы және қуырылған тағамдардан кейін басталып, бір тәулік бойы басылмаған.
Дәрігерлердің тексеруінен өткеннен кейін науқасқа өт тас ауруы (холелитиаз) диагнозы қойылды. Ең таңқаларлығы — өт қабында тауық жұмыртқасындай ірі тас анықталды. Дәрігерлер шұғыл ота жасау туралы шешім қабылдады. Хирургиялық операция 1,5 сағатқа созылып, сәтті өтті.
Ота кезінде өт қабынан бірнеше тас алынып, науқастың өміріне қауіп төндіретін асқынулардың алдын алды. Қазір пациент үйіне жіберілген.
Орал қаласының тұрғынына екі рет стенттеу отасы жасалды Инфаркт алған пациент ентігу күшейіп, жүрек ауруы асқынған соң Қалалық көпбейінді ауруханаға жүгінді. Коронарография үш қан тамырының бітелгенін және рестенозды көрсетті. Пациент жоспарлы түрде ауруханаға жатқызылып, алдымен бір тамырға стент қою отасы жасалды. Біраз уақыттан кейін екінші рет стенттеу жүргізілді.
Пациент емге ақша шығармағанын айтып, МӘМС жүйесіне ризашылығын білдірді. Дәрігерлердің айтуынша, мұндай отаның құны 1,5 миллион теңгеден асады. Егер ақылы түрде жасалса, бұл айтарлықтай қаражат, ал МӘМС аясында емделу – үлкен мүмкіндік.
14.04.2025
66% считают статью полезной
Была ли эта статья для вас полезной ?
Сонымен қатар оқыңыз
ОРТАЛЫҚ БУХГАЛТЕРЛЕР ҮЙІМЕН МӘМС КОНСУЛЬТАНТТАРЫН ДАЯРЛАУ ТУРАЛЫ МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің қызмет етуі туралы мақсатты аудиторияның хабардарлығын арттыруға бағытталған білім беру жобасы аясында Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры серіктестік бастамаларын кеңейтуді жалғастыруда.
22.04.2025
JUSAN BANK КЛИЕНТТЕРІ МӘМС ТУРАЛЫ АҚПАРАТ АЛАДЫ
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры және Jusan Bank ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды. Енді банктің мобильді қосымшасында медициналық қызметтерді тұтынушының мәртебесін тексеру сервисі пайда болады.
21.04.2025
ӘМСҚ ӨКІЛДЕРІ МЕРКІ ОРТАЛЫҚ АУДАНДЫҚ АУРУХАНАСЫНЫҢ ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Меркі аудандық орталық ауруханасында зейнетақы және өзге де аударымдардың кешіктірілуіне байланысты ұжыммен кездесу өтті. ӘМСҚ өкілдері Қор тарапынан медициналық қызметтер үшін төлемдер уақытылы жүргізілетінін және еңбек қатынастарына араласуға құқығы жоқ екенін түсіндірді.
17.04.2025