Артқа
Артқа

2025 ЖЫЛДЫҢ АҚПАН АЙЫНДА МӘМС АЯСЫНДА ЖАСАЛҒАН ТОП 10 БІРЕГЕЙ ОПЕРАЦИЯ

Қазақстандық дәрігерлер күн сайын жоғары кәсіби шеберліктерін дәлелдеп, заманауи медициналық технологияларды қолдану арқылы күрделі хирургиялық оталарды сәтті жүргізуде. Елдің әр өңірінде ағза трансплантациясы, буын эндопротездеу және ісік алу сияқты бірегей операциялар жасалуда. Біз осы жылдың ақпан айында МӘМС қаражаты есебінен жүргізілген 10 бірегей және қымбат операцияларды тізіп шықтық.
СҚО-да алғаш рет эпилепсиямен ауыратын науқасқа стимулятор орнатылды Облыстық көпбейінді ауруханада эпилепсиясы ауыр науқасқа VNS-стимулятор орнату бойынша алғаш рет операция жасалды. Шеберлік сағатын өткізу үшін Астанадан нейрохирург дәрігер келді.

45 жастағы пациент соңғы жылдары дәрі мөлшерін арттыруға мәжбүр болған. Ота кезінде оған ұстаманы жеңілдететін электронды стимулятор орнатылды. Құрылғы мойын мен кеуде аймағына қойылған электродтар арқылы жұмыс істейді және магниттік браслетпен басқарылады. Ұстама кезінде оны кеудеге жақындату арқылы ауырсынуды жеңілдетуге немесе тоқтатуға болады.

Шымкенттік дәрігерлер қарияны аяқ ампутациясынан сақтап қалды Қалалық №1 клиникалық ауруханасының дәрігерлері 60 жастағы пациентке сәтті ота жасады. Аяғындағы тамырлардың бітелуі салдарынан жара пайда болып, ампутация қаупі туындаған. Ота кезінде дәрігерлер науқастың жалғыз бітелген тамырын кеңейтіп, стент орнатты.

Инфаркт алған және қант диабеті мен бүйрек жетіспеушілігі сынды күрделі аурулары бар науқас үшін кез келген операция қауіпті болған.

«Ота жасамаған жағдайда аяқ ампутациясын жасауға тура келетін еді. Біз қолданған әдіс қан айналымын жақсартып, жараның тез жазылуына көмектеседі», — дейді ангиохирург Ерлан Аширбаев.

Алматыда 20 млн теңгенің операциясы тегін жасалды 60 жастағы талдықорғандық өмір бойы жүрек жеткіліксіздігімен күресіп келеді. Екі ота жасалып, кардиостимулятор қойылғанымен, ауру уақыт өте келе асқына берді, ал ашық ота оған қарсы көрсетілген болатын.

Алайда америкалық технологияның арқасында Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институтының хирургтары митральды қақпақты небәрі 5 мм шағын тілік арқылы қалпына келтірді. Ота испаниялық дәрігердің жетекшілігімен сәтті өтті.

Еуропаның жетекші клиникаларында жасалатын мұндай жоғары технологиялық ота енді институт пациенттеріне де қолжетімді. Құны 20 миллион теңге болғанымен, ол МӘМС аясында тегін жүргізіледі.

Абай облысының дәрігерлері мидағы эхинококк кистасын алып тастады Пациент ауруханаға қатты бас ауруы, бас айналу және сөйлеу бұзылысына шағымданып жүгінді. Тексеру барысында оның миының оң бөлігінде 6 см көлемінде кистозды түзіліс анықталды.
Асқынулардың алдын алу мақсатында нейронавигация әдісімен остеопластикалық краниотомия жасалды. Заманауи технологиялар кистаны дәл анықтап, оны қауіп-қатерсіз алып тастауға мүмкіндік берді.

Отадан кейін науқастың жағдайы жақсарып, ол өздігінен жүре бастады.

Павлодарда зейнеткердің өт жолдарынан 60-қа жуық тас алынды Салауатты өмір салтын ұстанатын 77 жастағы тұрғын серуендеу кезінде өзін нашар сезінді. Ауруханада дәрігерлер оның өт қабы мен өт жолдарында 60-қа жуық тас барын анықтады. Бұл – сирек кездесетін жағдай, әдетте пациенттерден 2-3 тас қана алынады.

Хирургтер бір наркозбен өт қабын алып тастап, өт жолдарын ауыз қуысы арқылы тазалады. Отадан кейін науқас тез қалпына келді, бірақ бастапқыда арнайы диета сақтау қажет.

МӘМС аясында пациентке 877 мың теңге тұратын екі ота тегін жасалды.

Алматы дәрігерлері бауыры зақымданған жүкті әйелді аман алып қалды 42 жастағы пациент 32 апталық жүктілікте HELLP синдромы, жедел бауыр жеткіліксіздігі және асцитпен ауруханаға түсті.

Алматы облыстық акушерлік гинекология және перинатология орталығының дәрігерлері шұғыл кесарь тілігін жасап, ана мен баланы құтқарды. Үшінші күні мамандар телемедициналық кеңес өткізді. Дәрігерлер төрт рет ота жасап, қан кетуді тоқтату және ішкі мықын артерияларын байлау бойынша шаралар қабылдады.

Қазір науқас сауығып, үйіне оралды.

Түркістан облысында алғаш рет бауыр трансплантациясы жасалды Облыстық ауруханада алғаш рет бауыр трансплантациясы жасалып, өңірде трансплантологияның дамуына жаңа мүмкіндік ашылды. Ота МӘМС аясында профессор Б.Баймаханов жетекшілігімен өткізілді.

48 жастағы Нурметова Ульяна бауыр циррозы ауруымен ауырды. 2019 жылдан бастап гастроэнтерологтың бақылауында болды. Ауруы асқынып, жағдайы қиындаған соң жалғыз емдеу жолы трансплантация болды. Донор – 19 жастағы қызы.

Отадан кейінгі кезең асқынусыз өтіп, бауырдың қызметі тұрақталып келеді.

Ұлытау облысында алғаш рет тізе және жамбас буынын эндопротездеу отасы жасалды Бұрын мұндай оталар тек ірі қалаларда жасалып, пациенттер ұзақ күтетін. Енді ұлытаулықтар үшін эндопротездеу Жезқазған медициналық орталығында қолжетімді.

Қаражал тұрғыны Лейла Шубаева бір ай жүре алмай, МӘМС арқылы тегін ота жасатып, қайта қозғала бастады. Ол медициналық сақтандыруға жылына 51 мың теңге төлеп, құны 2 млн теңгеден асатын отаны тегін алды.

Екі күнде орталықтың ортопед-дәрігерлері 3 жамбас, 3 тізе буынын алмастырды.
  
Шымкентте дәрігерлер инфаркт алған 39 жастағы науқасты құтқарды Шымкент Жүрек орталығының білікті кардиохирургтары күні кеше өміріне қауіп төнген 39 жастағы науқасты аман алып қалды. Пациент ауруханаға өткір инфаркт миокард диагнозымен түскен. 

Ангиографиялық бөлімінің меңгерушісі Исабек Керімқұлов оған күрделі ота жасап, зақымдалған қан тамырларын стент орнату арқылы қалпына келтірді. 

Қазіргі таңда пациенттің жағдайы жақсы.

Ұлытау облысында адам миынан жұдырықтай ісік алынды Жезқазғандық Назымгүл туған күнінде комаға түскен. Дәрігерлер тексеру барысында оның миында ісік барын анықтады.

Нейрохирургтар алып ми ісігіне күрделі ота жасап, 40 жастағы келіншекті мүгедектіктен сақтап қалды. Ісіктің көлемі 6 см құрады. Қазір пациент өзін жақсы сезінеді, жүріп-тұру және ойлау қабілеті сақталған.

Диагностика мен операция МӘМС аясында тегін жасалды. Ақылы түрде оның құны 1,3 млн теңге болар еді.
18.03.2025
66% считают статью полезной Была ли эта статья для вас полезной ?
Сонымен қатар оқыңыз
ПОДПИСАН МЕМОРАНДУМ С ЦЕНТРАЛЬНЫМ ДОМОМ БУХГАЛТЕРОВ О ПОДГОТОВКЕ КОНСУЛЬТАНТОВ ОСМС
ОРТАЛЫҚ БУХГАЛТЕРЛЕР ҮЙІМЕН МӘМС КОНСУЛЬТАНТТАРЫН ДАЯРЛАУ ТУРАЛЫ МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің қызмет етуі туралы мақсатты аудиторияның хабардарлығын арттыруға бағытталған білім беру жобасы аясында Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры серіктестік бастамаларын кеңейтуді жалғастыруда.
22.04.2025
КЛИЕНТЫ JUSAN BANK БУДУТ ПОЛУЧАТЬ ИНФОРМАЦИЮ ОБ ОСМС
JUSAN BANK КЛИЕНТТЕРІ МӘМС ТУРАЛЫ АҚПАРАТ АЛАДЫ
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры және Jusan Bank ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды. Енді банктің мобильді қосымшасында медициналық қызметтерді тұтынушының мәртебесін тексеру сервисі пайда болады.
21.04.2025
ПРЕДСТАВИТЕЛИ ФСМС ВСТРЕТИЛИСЬ С КОЛЛЕКТИВОМ МЕРКЕНСКОЙ ЦРБ
ӘМСҚ ӨКІЛДЕРІ МЕРКІ ОРТАЛЫҚ АУДАНДЫҚ АУРУХАНАСЫНЫҢ ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Меркі аудандық орталық ауруханасында зейнетақы және өзге де аударымдардың кешіктірілуіне байланысты ұжыммен кездесу өтті. ӘМСҚ өкілдері Қор тарапынан медициналық қызметтер үшін төлемдер уақытылы жүргізілетінін және еңбек қатынастарына араласуға құқығы жоқ екенін түсіндірді.
17.04.2025
Барлығын қарау
Подать обращение МӘМС калькуляторы Іздеу