МСҚ-на түскен жарна сомасы 4,6 млрд теңгеден асты
2017 жылдың 24 тамызын қоса алғанда, Қорға түскен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жарналары мен аударымдарының жалпы сомасы 4,6 млрд теңгеден асты.
Осы айдың басынан бері Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының ҚР Ұлттық банкіндегі шотына 3,8 млрд теңгеден астам қаржы түскен.
Түскен түсімдердің 78 % жұмыс берушілердің қарамағындағы жұмыскерлер үшін жасаған аударымдары болса, қалған 22 % - жеке кәсіпкерлер мен азаматтық-құқықтық келісімшарт (АҚК) негізінде жұмыс істейтін тұлғалардың жарнасы.
Аймақтық тұрғыдан алғанда, жарна төлеу жағынан Алматы қаласы, Астана қаласы және Шығыс Қазақстан облысы көш бастап тұр.
25.08.2017
66% считают статью полезной
Была ли эта статья для вас полезной ?
Сонымен қатар оқыңыз
2025 ЖЫЛДЫҢ ҚАҢТАР АЙЫНДА МӘМС АЯСЫНДА ЖАСАЛҒАН ТОП 10 БІРЕГЕЙ ОПЕРАЦИЯ
Қазақстандық дәрігерлер кәсібиліктің жоғары деңгейін дәлелдей отырып, күрделі хирургиялық операцияларды сәтті жүргізіп, заманауи медициналық технологияларды қолдануда. Елдің әртүрлі өңірлерінде ісікті алып тастау, омыртқадағы ісікті «цементтеу», сіңірді қалпына келтіру және бала жүрегіне жасалатын операция сияқты бірегей оталар жасалуда.
11.02.2025
МӘМС-ТЕГІ МӘРТЕБЕНІ ҚАЛАЙ ЖЫЛДАМ ТЕКСЕРУГЕ БОЛАДЫ
Медициналық көмек алу туралы сұрақтар бойынша 1414 байланыс орталығына қоңырау шалуға болатыны белгілі. Келіп түсетін өтініштердің бір бөлігі МӘМС жүйесіндегі мәртебені нақтылауға қатысты. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорындағылар оператордың жауабын күтуге уақыт жоғалтпай, мәртебені онлайн-сервис арқылы жылдам тексеруге болатынын еске салып өтті.
06.02.2025
2025 ЖЫЛЫ ҚАНША МЕДҰЙЫМ МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТЕДІ
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорында ағымдағы жылға сатып алу қорытындылары жарияланды.
31.01.2025