1414
kk
kk ru
Нашар көретіндер нұсқасы
СТАРТОВАЛ ЗАКУП МЕДУСЛУГ НА 2026 ГОД
1 желтоқсаннан 2026 жылға арналған медициналық қызмет көлемдерін орналастыруға өтінім қабылдау басталды.

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры 2026 жылға арналған медициналық қызмет көлемдерін орналастыру рәсімін жүргізуде. Бұл туралы хабарландыру веб-порталда жарияланды: https://fms.ecc.kz/searchanno. Осы жерден әр өңір бойынша жарияланған хабарландырулармен танысып, өтінім беруге болады.

Көлемдерді бөлуге МӘМС жүйесі мен ТМККК шеңберінде медициналық көмек көрсетуге үміткер, денсаулық сақтау субъектілерінің дерекқорына енгізілген мемлекеттік және жеке медициналық ұйымдар қатыса алады. Олар ТМККК және МӘМС шеңберінде медициналық көмек көрсетуге арналған денсаулық сақтау субъектілерінен қызметтер сатып алу қағидаларының 37-1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген критерийлерге сәйкес болуы тиіс.

«Өтінімдерді қабылдау кезеңінен кейін комиссия мүшелері 10 күн ішінде ұсынылған құжаттарды медициналық көмек көлемдерін орналастыруға жіберу талаптарына сәйкестігі тұрғысынан тексереді. Нәтижесінде денсаулық сақтау субъектісінің аталған талаптарға сәйкестігі/сәйкес еместігі туралы хаттама жасалады. Ескертулер анықталған жағдайда клиникаларға оларды жою үшін үш жұмыс күні беріледі. Кейін өтінімдер қайта қаралады және көлемдер комиссиялық тұрғыда бөлінеді», – дейді Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры басқарма төрағасының орынбасары Светлана Пономарева.

2026 жылға медициналық қызметтерді сатып алу жоспарында екі пакет бойынша 2,8 трлн теңгеден астам қаражат, оның ішінде 1,5 трлн теңгеден астамы – МӘМС бойынша көзделген.

2026 жылға арналған сатып алудағы өзгерістер Қор 2026 жылға арналған медициналық көмекті сатып алу рәсімдерін реттейтін өзгерістер туралы хабарлады. Өзгерістер денсаулық сақтау субъектілерін таңдау рәсімінен комиссия шешімімен көмек түрлері бойынша көлемдерді орналастыру рәсіміне өтуді қамтиды. Бұл мынадай қызметтерге қатысты: қан орталықтарының қызметтерін көрсету; шұғыл медициналық көмек пен санитариялық авиация қызметтерін көрсету; АИТВ инфекциясын жұқтырған адамдарға медико-әлеуметтік көмек көрсету; туберкулезбен ауыратын науқастарға медико-әлеуметтік көмек көрсету; психикалық ауытқулары бар адамдарға медико-әлеуметтік көмек көрсету.

Сонымен қатар өңірлік комиссия мүшелері нысандардың талаптарға сәйкестіктін айқындау үшін жаңа субъектілерге және медициналық көмектің жаңа түрлері бойынша өтінім берген ұйымдарға барады. Бұл әлеуетті жеткізушілерді дұрыс таңдауға мүмкіндік береді.
01.12.2025
66% считают статью полезной Была ли эта статья для вас полезной ?
Сонымен қатар оқыңыз
ПРОЗРАЧНОСТЬ, КОНТРОЛЬ, ЭФФЕКТИВНОСТЬ: ЧТО МЕНЯЕТ  ПЛАТФОРМА QALQAN В СИСТЕМЕ ОСМС
АШЫҚТЫҚ, БАҚЫЛАУ, ТИІМДІЛІК: QALQAN ПЛАТФОРМАСЫ МӘМС ЖҮЙЕСІНДЕ НЕНІ ӨЗГЕРТЕДІ
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры денсаулық сақтау жүйесін қаржыландыру бағытында ауқымды цифрлық жаңғырту басталғанын жариялады. Трансформацияның негізгі құралына айналған Qalqan платформасы «МӘМС 2.0» моделінің технологиялық негізі ретінде енгізілуде.
24.04.2026
ЕЖЕГОДНЫЙ ВНУТРЕННИЙ АНАЛИЗ КОРРУПЦИОННЫХ РИСКОВ ПРОВЕДУТ В ФОНДЕ
ҚОРДА ЖЫЛ САЙЫНҒЫ ІШКІ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІНЕ ТАЛДАУ ЖҮРГІЗЕДІ
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ осы жылдың 29 сәуірінен бастап Қор қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жоспарланып отырғанын хабарлайды.
15.04.2026
НЕСВОЕВРЕМЕННЫЕ ПЛАТЕЖИ В ОСМС: ПОЧЕМУ ВАЖНО СОБЛЮДАТЬ СРОКИ
МӘМС ЖҮЙЕСІНДЕГІ ТӨЛЕМДЕРДІ УАҚТЫЛЫ ТӨЛЕМЕУ: МЕРЗІМДІ САҚТАУДЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры азаматтардың МӘМС жүйесіндегі медициналық көмекке үздіксіз қол жеткізуінің негізі – аударымдар мен жарналарды уақтылы төлеудің маңыздылығын еске салады.
15.04.2026
Барлығын қарау
Өтініш беру МӘМС калькуляторы Іздеу