Артқа
Артқа

ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТІҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Қордың Қоғамдық-консультативтік кеңестің жаңартылған құрамы 2025 жылға арналған жұмыс жоспарын талқылады. Еске сала кетейік, Парламент Мәжілісінің депутаты Константин Авершин кеңес мүшелерінің басым даусымен Қоғамдық-консультативтік кеңеске төраға болып сайланды. Ол медициналық қауымдастықтың мүддесін қорғап қана қоймай, денсаулық сақтау жүйесіндегі өзекті мәселелерді ашық көтеріп, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін жетілдіруге бағытталған заң  жобасын талқылаған жұмыс тобының мүшесі болған халық қалаулысы.

Бұл Қордың қоғаммен ашық диалог орнатуға және барлық жұмыс барысын ашық жүргізуге дайын екенін көрсетеді.

Кеңес құрамы денсаулық сақтау саласының барлық мәселелерімен етене таныс әрі медицина жүйесін терең меңгерген сарапшылардан құралғандықтан (медициналық ұйымдардың басшылары, республикалық ғылыми орталықтардың өкілдері, бірлестіктер мен қауымдастықтар, депутаттар), олардың тарапынан әсіресе медициналық көмекті қаржыландыруға қатысты маңызды мәселелерді егжей-тегжейлі қарастыру ұсынылды. Атап айтқанда, Кеңес мүшелері медициналық ұйымдарға қаражатты бөлу тәртібін, мониторинг жүйесіндегі өзгерістерді, сондай-ақ көрсетілген медициналық қызметтер үшін ұйымдарға уақытылы ақы төлеуді қамтамасыз етуге бағытталған шараларды сараптауға баса назар аудармақ.

Кеңестің 2025 жылдың соңына дейінгі жұмыс жоспары екінші отырыс барысында талқыланды.

Қоғамдық-консультативтік кеңестің толық құрамымен Қордың ресми сайтында сілтеме арқылы танысуға болады: https://msqory.kz/kk/eshche/obshchestvenno-konsultativnyy-sovet/
04.06.2025
66% считают статью полезной Была ли эта статья для вас полезной ?
Сонымен қатар оқыңыз
НА 11,7% СОКРАТИЛОСЬ КОЛИЧЕСТВО ЖАЛОБ ПАЦИЕНТОВ
ПАЦИЕНТТЕРДІҢ ШАҒЫМДАРЫ 11,7%-ҒА АЗАЙДЫ
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорында халық тарапынан МӘМС жүйесіндегі медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігіне қатысты шағымдардың азаюына ықпал еткен шаралар туралы баяндалды.
18.06.2025
КАК СТУДЕНТАМ ПОЛУЧИТЬ СТАТУС ЗАСТРАХОВАННОГО
СТУДЕНТТЕР САҚТАНДЫРЫЛҒАН МӘРТЕБЕСІН ҚАЛАЙ АЛА АЛАДЫ?
Қазақстанда немесе шетелде күндізгі бөлімде оқитын студенттер жеңілдік санатына кіреді. Алайда, олардың сақтандырылған мәртебесін алу алгоритмі әртүрлі. Бұл туралы Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорында еске салды.
13.06.2025
ТОП 10 УНИКАЛЬНЫХ ОПЕРАЦИЙ ПО ОСМС ЗА МАЙ 2025 ГОДА
2025 ЖЫЛДЫҢ МАМЫР АЙЫНДА МӘМС АЯСЫНДА ЖАСАЛҒАН ТОП 10 БІРЕГЕЙ ОПЕРАЦИЯ
Біз осы жылдың мамыр айында МӘМС қаражаты есебінен жасалған 10 бірегей әрі күрделі операцияларды жинап шықтық.
12.06.2025
Барлығын қарау
Өтініш беру МӘМС калькуляторы Іздеу