1414
kk
kk ru
Нашар көретіндер нұсқасы

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорында медициналық сақтандыру үшін кімдерден көп төлем түскеніні жөнінде хабарлады. Ағымдағы жылдың 10 айының қорытындысы бойынша 823,2 млрд теңге көлемінде жарналар мен аударымдар түсті.

2022 жылдың 1 қаңтарынан 31 қазанға дейін МӘМС-ке 823,2 млрд теңге көлемінде жарналар мен аударымдар түсті. Олардың басым бөлігі мемлекеттен аударылған төлемдер. Аталған кезеңде жеңілдік санатына кіретін 11 млн азамат үшін төленген жарналар шамамен 300,9 млрд теңгені құрады.

Жұмыс берушілер - төлем жасау бойынша екінші орында. Олар аталған кезеңдер үшін аударымдар түрінде 293,7 млрд теңгеден астам қаражат бөлді.

Жалдамалы жұмысшылар, сондай-ақ азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша еңбек етіп жүргендер, ЖК, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар және дербес төлеушілер жалпы алғанда 227,8 млрд теңге жарна төледі.

Демек, 10 айдың қорытындысы бойынша елімізде 16,2 млн-нан астам сақтандырылған азамат бар (халықтың 82,1%-ы). Бұл ретте Қор өкілдері атап өткендей, сақтандыру мәртебесін алуға алдағы 12 ай үшін төлем жасау механизмін 6 мыңнан астам азамат пайдаланды.

Қор барлық жарналар мен аударымдар ҚР Ұлттық банкіндегі арнайы шотқа түсетінін еске салды. Сол жерден қаржы сақтандырылған азаматтарға көрсетілген қызмет ақысын төлеуге жіберіледі.

Сақтандырудың жаңа әдісі туралы

Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылдың 5-қыркүйегінен бастап МӘМС жарналарын төлеудің жаңа тетігі – алдағы 12 айға төлем жасау механизмі іске қосылды. Бұрын өткен 12 ай үшін жарналар төленуі керек еді. Қазір жаңа әдісті таңдасаңыз, өткен жылы төленбеген кезеңдерді төлемеуге болады.

Мәртебе мен төлемдерді тексеру

Алдағы жылға сақтандыру мәртебесін беру және төлемдердің бар-жоғы туралы ақпаратты сақтандыру мәртебесі тексерілетін келесі тәсілдермен алуға болады – Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы, Қордың fms.kz ресми сайты арқылы немесе SaqtandyrýBot Telegram арнасы арқылы.

Төлемдер мен мәртебе туралы ресми құжатты eGov.kz электрондық үкімет порталынан «Медициналық қызметтерді тұтынушы ретінде қатысу туралы және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде аударымдардың және (немесе) жарналардың аударылған сомалары туралы ақпарат беру» мемлекеттік қызметі арқылы алуға болады.

29.11.2022
66% считают статью полезной Была ли эта статья для вас полезной ?
Сонымен қатар оқыңыз
ПРОЗРАЧНОСТЬ, КОНТРОЛЬ, ЭФФЕКТИВНОСТЬ: ЧТО МЕНЯЕТ  ПЛАТФОРМА QALQAN В СИСТЕМЕ ОСМС
АШЫҚТЫҚ, БАҚЫЛАУ, ТИІМДІЛІК: QALQAN ПЛАТФОРМАСЫ МӘМС ЖҮЙЕСІНДЕ НЕНІ ӨЗГЕРТЕДІ
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры денсаулық сақтау жүйесін қаржыландыру бағытында ауқымды цифрлық жаңғырту басталғанын жариялады. Трансформацияның негізгі құралына айналған Qalqan платформасы «МӘМС 2.0» моделінің технологиялық негізі ретінде енгізілуде.
24.04.2026
ЕЖЕГОДНЫЙ ВНУТРЕННИЙ АНАЛИЗ КОРРУПЦИОННЫХ РИСКОВ ПРОВЕДУТ В ФОНДЕ
ҚОРДА ЖЫЛ САЙЫНҒЫ ІШКІ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІНЕ ТАЛДАУ ЖҮРГІЗЕДІ
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ осы жылдың 29 сәуірінен бастап Қор қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жоспарланып отырғанын хабарлайды.
15.04.2026
НЕСВОЕВРЕМЕННЫЕ ПЛАТЕЖИ В ОСМС: ПОЧЕМУ ВАЖНО СОБЛЮДАТЬ СРОКИ
МӘМС ЖҮЙЕСІНДЕГІ ТӨЛЕМДЕРДІ УАҚТЫЛЫ ТӨЛЕМЕУ: МЕРЗІМДІ САҚТАУДЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры азаматтардың МӘМС жүйесіндегі медициналық көмекке үздіксіз қол жеткізуінің негізі – аударымдар мен жарналарды уақтылы төлеудің маңыздылығын еске салады.
15.04.2026
Барлығын қарау
Өтініш беру МӘМС калькуляторы Іздеу