2025 ЖЫЛЫ ҚАНША МЕДҰЙЫМ МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТЕДІ
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорында ағымдағы жылға сатып алу қорытындылары жарияланды. Пациенттер 1900-ден астам клиникада, оның ішінде 1200 жекеменшік клиникада медициналық көмек ала алады. Жылдық жоспары
2025 жылға арналған МӘМС жүйесі мен ТМККК аясындағы медициналық қызметтерді сатып алу жоспары 2 трлн 953,3 млрд теңгені, оның ішінде ТМККК бойынша – 1 трлн 623,5 млрд теңгені, МӘМС жүйесінде – 1 трлн 329,8 млрд теңгені құрайды.
2024 жылмен салыстырғанда өсім 4%-ды құрады.
Жеткізушілер – 2025 2025 жылға арналған сатып алуды өткізу шеңберінде 2024 жылғы қараша-желтоқсан айларында медициналық ұйымдардан өтінімдер қабылданды. Берілген 2243 өтінімнің 155-і бойынша бас тартылды, қалған 2088 өтінім бойынша 2025 жылға арналған медициналық көмек көлемі шамамен 2,4 трлн теңгеге орналастырылды.
Жаңа медициналық ұйымдардан 184 өтінім берілді. Ережеге сәйкес, олардың барлығына өңірлік комиссиялар барды. Бұл шаралар азаматтарға сапалы медициналық көмек көрсету үшін медициналық ұйымдардың сәйкестігін қамтамасыз ету мақсатында жасалады. Комиссияның қорытындысы бойынша 77 субъект талаптарға сәйкес келмеді.
Ағымдағы күнгі жағдай бойынша Қор 1918 медициналық ұйыммен келісімшарттар жасасты, оның 63% – жекеменшік (1200-ден астам), 37% – мемлекеттік.
Сондай-ақ, бұған дейін хабарланғандай, 2025 жылы стационарлық жағдайларда мамандандырылған медициналық көмек көрсетуге ұзақ мерзімді шарттар жасасу практикасы енгізілді. Медициналық ұйымдарды критерийлерге сәйкестікке іріктеу қорытындысы бойынша 129 медициналық ұйыммен үш жыл мерзімге шарттар жасалды.
Айта кетерлігі, 2025 жылдан бастап сатып алу рәсімінсіз көлемдерді орналастыру жедел жәрдем, қан қызметі, туберкулез, психиатрия, АИТВ-инфекциясы бойынша жүргізіледі.
Басым бағыттар Ең көп қаражат амбулаториялық деңгейдегі медициналық көмек көрсетуге бағытталады, оның ішінде пациенттер жолындағы негізгі буын ретінде МСАК қызметтеріне – 474,7 млрд теңге, консультациялық-диагностикалық қызметтерге – 408,8 млрд теңге. Бұған қоса стоматология қызметтерінее – 36,4 млрд теңге, компьютерлік және магниттік-резонанстық томографияға – 25,5 млрд теңге қарастырылған. Ауылдық стационарларға – 186 млрд теңге, онкологияны диагностикалау мен емдеуге – 164,8 млрд теңге, жоғары технологиялық медициналық көмекке – 94,9 млрд теңге, оңалту қызметтеріне – 81,1 млрд теңге бағытталады.
«Жыл сайын медициналық көмекке қаржыландыру көлемі артып келеді. Мысалы, стационарлық көмек бойынша шығындар 615,7 млрд теңгені құрады, бұл 2024 жылмен салыстырғанда 4%-ға өсті. Өсім 2024 жылдың 1 маусымынан бастап босандыру, неонатология және кейбір терапевтік бейіндер бойынша тарифтердің өсуімен байланысты», – деп атап өтті ӘМСҚ басқарма төрағасының міндетін атқарушы Светлана Пономарева.
Ол 2025 жылы алдын алу шараларын қаржыландырудың өскенін де айтты. Бұл мақсатқа шамамен 100 млрд теңге қарастырылған.
Алдын алу шараларын күшейту Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Аналар саулығы» бағдарламасы аясында репродуктивті жастағы әйелдер үшін прегравидарлық дайындық қарастырылған. Қызметтердің тізімі ҚР акушерлік-гинекологиялық көмек көрсету стандарттарына сәйкес белгіленген.
Сондай-ақ, антенаталды бақылау қызметтері ҚР акушерлік-гинекологиялық көмек көрсету стандарттары мен клиникалық хаттамаларына сәйкес жоспарланған (ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2021 жылғы 26 тамыздағы № ҚР ДСМ-92 бұйрығы).
2025 жылға арналған сатып алу жоспарында жатыр мойны обыры, сүт безі обыры және колоректалды обырға арналған 3 түрлі скринингтерге және В, С гепатиттерін ерте анықтау скринингіне қаржы қарастырылған.
Балаларды профилактикалық тексеру шығындары жас ерекшеліктеріне, қызметтердің тізбесіне және зерттеулерді өткізу жиілігіне сәйкес жоспарланған (ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 15 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-264/2020 бұйрығы).

Қор жеткізушілерінің тізімін ресми сайттан табуға болады: https://msqory.kz («Жеткізушілер» бөлімінде).

31.01.2025
66% считают статью полезной
Была ли эта статья для вас полезной ?
Сонымен қатар оқыңыз
МӘМС КЕҢЕСШІЛЕРІН АСТАНА МЕДИЦИНАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ БАЗАСЫНДА ДАЙЫНДАЙДЫ
МӘМС негіздері мен пациенттердің құқықтары елордалық медицина университетінің оқу бағдарламаларында оқытылатын болады. «Әлеуметтік медициналық сақтандыру Қоры» КЕАҚ мен «Астана медицина университеті» КЕАҚ арасында өзара ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.
19.03.2025
2025 ЖЫЛДЫҢ АҚПАН АЙЫНДА МӘМС АЯСЫНДА ЖАСАЛҒАН ТОП 10 БІРЕГЕЙ ОПЕРАЦИЯ
Елдің әр өңірінде ағза трансплантациясы, буын эндопротездеу және ісік алу сияқты бірегей операциялар жасалуда.
Біз осы жылдың ақпан айында МӘМС қаражаты есебінен жүргізілген 10 бірегей және қымбат операцияларды тізіп шықтық.
18.03.2025
2024 ЖЫЛЫ ҚОРҒА ЖИІ ҚОЙЫЛҒАН СҰРАҚТАР
Мәртебесі барлар қатарынан шығып қалу, тегін дәрі-дәрмек беру және медициналық көмек алу кезіндегі пациенттердің құқығы… Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорында былтыр қазақстандықтардың қандай сұрақтарды жиі қойғанын айтып берді.
12.03.2025