МӘМС төлемдері бойынша ставкалар өзгеріссіз қалды, бірақ 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап елімізде ең төменгі жалақы (ЕТЖ) мөлшері ұлғайды. Ол бірнеше төлемнің көлеміне әсер етті. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорында үстіміздегі жылы қазақстандықтар медсақтандыру үшін қанша төлеу керектігін айтып берді.

Жұмыс берушілер қызметкер үшін жалақының 3% мөлшерінде аударымдар жүргізеді, бұл ретте салық салынатын ай сайынғы табыс 10 ЕТЖ (2024 жылы 850 000 теңге) аспауға тиіс, яғни жұмыс берушінің аударымдарының ең жоғары төленетін сомасы айына 25 500 теңгені құрайды.

Бұл қаражат қызметкердің жалақысынан ұсталмайды, оларды жұмыс беруші кәсіпорын есебінен төлейді.

Азаматтық-құқықтық сипаттағы шарты негізінде қызмет көрсететін жалдамалы жұмыскерлер мен қызметкерлер МӘМС-ке ай сайынғы табысының 2% мөлшерінде жарна төлейді. Салық салу объектісі барлық жұмыс орындарынан айына 10 ЕТЖ (2024 жылы 850 000 теңге) аспауы тиіс, яғни қызметкердің жалақысына қарай, төлейтін ең жоғары жарнасы 17 000 теңгені құрайды.

Жеке кәсіпкерлер 1,4 еселенген ЕТЖ-дан 5% төлейді. 2024 жылы: (1,4 * 85 000) * 5% = 5 950 теңге.

Егер жеке кәсіпкер есептілікті «нөлмен» тапсырса, бірақ өз қызметін ресми түрде тоқтатпаса, онда ол Салық кодексі талап еткендей жарналарды төлеуді жалғастыруы керек екенін есте ұстаған жөн. Әйтпесе, қарыз пайда болады.

Дербес төлеушілер ең төменгі жалақының 5% көлемінде, яғни 4 250 теңге жарна төлейді.

Естеріңізге сала кетейік, МӘМС жүйесінде сақтандырылу үшін өткен 12 айдың берешегін жабу керек немесе алдағы 1 жылға жарна төлеуге болады. Бұл жағдайда төлемді әр айға жеке-жеке төлеген жөн.

1 қаңтардан БЖТ қолданылу мерзімі аяқталғандықтан, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар мәртебені екі жолмен ала алады:
- жеке кәсіпкер ретінде тіркелу және жарналарды ЖК ретінде төлеу;
- жарналарды дербес төлеуші ретінде төлеу.

Мемлекет 15 жеңілдік санатына кіретін азаматтар үшін 2024 жылы 5852,63 теңге жарна төлейді.

ЕКІ ЖЕРДЕ ЖҰМЫС ЖАСАСА, ЖАРНАЛАРДЫ ҚАЛАЙ ТӨЛЕЙДІ?

Кейбір азаматтар екі жерде жұмыс істейді. Бұл жағдайда төлемдерді есептеу үшін шекті табысты ескеру керек – ол 10 ЕТЖ (2024 жылы 850 000 теңге).

МӘМС-ке аударымдар әр жұмыс орнынан аударылады, бірақ 25 000 теңгеден аспауы керек. (850 000 теңгенің 3%).

Ал жарналарды есептеу кезінде барлық жұмыс орынанан түсетін ортақ табысы ескеріледі, яғни әр айға жарна 17 000 теңгеден аспауы тиіс (850 000 теңгенің 2%).

Қызметкер төлемдерді дұрыс есептеу үшін бірінші жұмыс орнынан екіншісіне анықтама тапсыру керек.

Мысалы, А ұйымында қызметкер 550 000 теңге, ал Б ұйымында 400 000 теңге алады. Оның жалпы табысы 950 000 теңгені құрайды, яғни ең жоғары салық салынатын табыстан асады.

Бірінші жұмыс беруші ОСМС-қа 11 000 теңге (550 000 теңгенің 2%) мөлшерінде жарна, ОСМС-қа 16 500 теңге (550 000 теңгенің 3%) мөлшерінде аударымдар аударады. Екінші жұмыс орнында ОСМС-қа есептелген, ұсталған және аударылған төлемдер туралы анықтама берген жағдайда, аударуға жататын жарна сомасы 6 000 теңгені құрайды (максималды жарна мөлшері 17 000 теңге мен бірінші жұмыс орнынан аударылған жарна 11 000 теңгенің арасындағы айырмашылық). Екінші жұмыс берушінің аударым мөлшері 9 000 теңгені құрайды (максималды аударым мөлшері 25 500 теңге мен бірінші жұмыс орнынан аударылған 16 500 теңге арасындағы айырмашылық). Сондай-ақ, ресми қызметінен бөлек, жеке бизнесі бар жеке кәсіпкерлер де бар. Бұл жағдайда қызметкердің жалақысынан қажетті жарналар мен аударымдар төленеді әрі Салық кодексі талап еткендей жеке бизнесі үшін төлеуі қажет.

Сақтандыру мәртебесін келесі жолдармен тексеруге болады:
• Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы
• fms.kz ресми сайты
• Telegram-дағы @SaqtandyrýBot
• 1414 байланыс орталығы
• Damumed мобильді қосымшасы
• Halyk мобильді қосымшасы
• BCC.KZ мобильді қосымшасы
• Kaspi.kz мобильді қосымшасы
• egov.kz электрондық үкімет сайты – «Медициналық қызметтерді тұтынушы ретінде қатысу туралы және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде аударымдардың және (немесе) жарналардың аударылған сомалары туралы ақпарат беру» мемлекеттік қызметі арқылы.

10.01.2024
66% считают статью полезной Была ли эта статья для вас полезной ?
Сонымен қатар оқыңыз
ЗА ЧТО МЫ ПЛАТИМ ОСМС?
БІЗ МӘМС ЖАРНАЛАРЫН НЕ ҮШІН ТӨЛЕЙМІЗ?
Биыл МӘМС аясында медициналық көмек көрсетуге 1,3 трлн теңгеден астам қаражат бөлінді. Бұл қызметтерге не кіретінін Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорындағылар түсіндірді.
18.07.2025
ЧТО ДАДУТ ИЗМЕНЕНИЯ В ЗАКОН ОБ ОСМС
МӘМС ТУРАЛЫ ЗАҢҒА ЕНГІЗІЛГЕН ӨЗГЕРІСТЕР НЕ БЕРЕДІ
Мемлекет басшысы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы заңға енгізілген өзгерістерді ресми бекітіп, құжатқа қол қойды. Бұл өзгерістердің қарапайым азаматтар мен жалпы жүйеге қалай әсер ететіні жайында Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры түсініктеме берді.
14.07.2025
КАКАЯ МЕДПОМОЩЬ ПОЛОЖЕНА НЕЗАСТРАХОВАННЫМ
САҚТАНДЫРЫЛМАҒАН АЗАМАТТАРҒА ҚАНДАЙ МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТІЛЕДІ
Шамамен 1,63 трлн теңге кепілдендірілген медициналық көмек көлеміне кіретін қызметтерге қарастырылған. Мұндай қызметтер тегін көрсетіледі. Сақтандырылмаған пациенттер де тегін ала алады.
03.07.2025
Барлығын қарау
Өтініш беру МӘМС калькуляторы Іздеу