2020 жылдың 9 айында міндетті әлеуметік медициналық сақтандыруға (МӘМС) шамамен 399 млрд теңге аударылды. Экономикалық белсенді емес халық үшін мемлекеттен транш, ал бұл 11 млн адам, 222 млрд теңгені құрады. 115 млрд астам теңгені жұмыс берушілер, 49,5 млрд теңгені – жалдамалы жұмысшылар, 7 млрд теңгені – жеке кәсіпкерлер, 2,5 млрд теңгені – БЖТ төлеушілер, 1,5 млрд теңгені - азаматтық – құқықтық сипаттағы шарт бойынша еңбек ететін жеке тұлғалар, 1 млрд теңгені - өз-өзіне төлем жасаушылар жіберді.

Есеп беру кезеңінде ең көп аударымдарды Алматы, Нұр-сұлтан және Қарағанды облыстарының тұрғындары, ең аз аударымдарды Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан және Қызылорда облыстарының тұрғындары жүргізді.

МӘМС үшін жарналар мен аударымдар Ұлттық банктегі арнайы шотқа түсетінін атап өткен жөн. Бұл қаражат Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының жеткізуші - медициналық ұйымдары көрсеткен МӘМС пакетінің медициналық қызметтеріне ақы төлеуге жұмсалады.

Қазіргі уақытта медициналық сақтандырумен 15,8 млн адам қамтылды.

Қаңтардан қыркүйекке дейін Қор МӘМС пакетінің медициналық көмегін қаржыландыруға 215,4 млрд теңге жіберді. Шығындардың басым бөлігі – 90 млрд теңге-стационарлық және стационарды алмастыратын жағдайларда мамандандырылған медициналық көмекті қамтамасыз етумен байланысты. Жалпы, МӘМС бойынша тәуліктік стационарларда 591 мың пациент, күндізгі стационарларда 373 мың пациент емделді.

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры 17 млрд теңгеден астам соманы қаңтардан қыркүйекке дейін жоғары технологиялық медициналық қызметтерді төлеуге бағыттады – бұл, ең алдымен, қымбат тұратын операциялар: емделген жағдайлардың саны 5 мыңнан асады, олардың орташа құны - шамамен 3,1 млн теңге.

Қалпына келтіру емі мен медициналық оңалту үшін 16,6 млрд теңге төленді, емделген жағдайлардың саны – 80 мыңнан астам. Естеріңізге сала кетейік, қазіргі уақытта азаматтардың коронавирус пен коронавирустық инфекциямен аурығаннан кейін оңалтудан өту мүмкіндігі бар.

Есептік кезеңде консультациялық-диагностикалық қызметтерге ӘМСҚ 65,6 млрд теңге бағыттады, 7,7 млн зерттеу жүргізілді. Тұрғындар арасында жүргізілген скринингтер үшін 2 млрд теңгеден астам төлем жасалды.

9 айда халықтың жекелеген санаттарына 10 млрд теңгеге жуық сомаға 5,3 млн-нан астам стоматологиялық қызмет көрсетілді.

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры пациенттердің құқықтарын қорғау – Қордың жұмысындағы басымдық екенін еске салады. Егер пациент медициналық көмек көрсетуден бас тартуға тап болса немесе ол тиісті түрде көрсетілмесе, онда кері байланыс арналары – 1406 нөмірі бойынша байланыс орталығы, Qoldau 24\7 мобильді қосымшасы немесе SaqtandyruBot Telegram-боты арқылы ӘМСҚ-на жүгінуі қажет. Қордың мамандары мен сарапшылары Жедел әрекет етіп, қажетті көмек көрсетеді», – деп атап өтті ӘМСҚ баспасөз қызметінде.

Айта кету қажет, тек қаңтар-қыркүйек айларында Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына халықтан 469 мың өтініш түсті. Барлық өтініштердің 454 мыңнан астамы консультациялық сипатқа ие, алты мыңға жуығы – шағымдар, екі мыңнан астамы – медициналық ұйымдар мен дәрігерлерге алғыс.

20.11.2020
66% считают статью полезной Была ли эта статья для вас полезной ?
Сонымен қатар оқыңыз
КАКАЯ МЕДПОМОЩЬ ПОЛОЖЕНА НЕЗАСТРАХОВАННЫМ
САҚТАНДЫРЫЛМАҒАН АЗАМАТТАРҒА ҚАНДАЙ МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТІЛЕДІ
Шамамен 1,63 трлн теңге кепілдендірілген медициналық көмек көлеміне кіретін қызметтерге қарастырылған. Мұндай қызметтер тегін көрсетіледі. Сақтандырылмаған пациенттер де тегін ала алады.
03.07.2025
БОЛЕЕ 1 ТРЛН ТЕНГЕ ПОСТУПИЛО В ВИДЕ ВЗНОСОВ И ОТЧИСЛЕНИЙ В 2024 ГОДУ
2024 ЖЫЛЫ ЖАРНАЛАР МЕН АУДАРМАЛАР СОМАСЫ 1 ТРЛН-НАН АСТЫ
2024 жылы МӘМС жүйесінде 15,9 млн адам сақтандырылған.
26.06.2025
НА 1,1 ТРЛН ТЕНГЕ ОКАЗАНА МЕДПОМОЩЬ ПО ОСМС В 2024 ГОДУ
2024 ЖЫЛЫ МӘМС АЯСЫНДА 1,1 ТРЛН ТЕҢГЕГЕ МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ
Көрсеткіш 2023 жылмен салыстырғанда 12%-ға жоғары. Жалпы, былтыр ТМККК және МӘМС аясында медициналық көмек көрсетуге 2 трлн 522 млрд теңге бөлінді.
26.06.2025
Барлығын қарау
Өтініш беру МӘМС калькуляторы Іздеу