Артқа
Артқа

Қазақстанда шұғыл госпитализацияның өсімі байқалады

Соңғы үш жылда шұғыл госпитализацияның өсімі (53%-дан 62%-ға дейін) байқалады. Бұл туралы Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының басқарма төрағасының орынбасары Ілияс Мұхамеджан Орталық коммуникациялар қызметінде айтты.

Дөңгелек үстел барысында спикер атап өткендей, 2020 жылы шұғыл емдеуге жатқызылғандардың үлес салмағы 49%, 2021 жылы-53%, 2022 жылы – 55% құрады. 2023 жылдың 5 айының қорытындысы бойынша бқл көрсеткіш 62% құрады.

«Бұл ретте ауыр жағдайдағы пациенттерді емдеуге жатқызудың өсуі байқалады, бұл реанимациялық бөлімше жағдайында қарқынды терапияны талап етеді. Ал бірнеше асқынулардың болуы пациенттің орташа болу ұзақтығын және шұғыл көмек көрсетуге байланысты стационарлардың шығындарын едәуір арттырады», - деп Ілияс Мұхамеджан мәселенің басын ашты.

Ағымдағы жылдың жағдайы бойынша шұғыл емдеуге жатқызудың жалпы санынан 15% жағдайда алғашқы медициналық санитарлық көмек деңгейінде басқарылатын аурулары бар пациенттер келіп түсті (37 млрд теңге сомасына 128,4 мың жағдай).

«Жалпы тәжірибелік дәрігердің осы ауруларды басқаруға арналған құралдарының толық арсеналы бар (динамикалық бақылау, консультациялық-диагностикалық қызметтер, амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету», - деді спикер.

1 тоқсанның қорытындысы бойынша талдау жіті аурумен (жай-күймен) немесе созылмалы аурудың шиеленісуімен (өтініштердің барлық түрлерінің 95%-дан 99,3%-ға дейін) өтініштердің өсуі байқалғанын көрсетті. Бұл ретте емханалар динамикалық байқау жөніндегі жоспарды орындамайды (өтініштердің барлық себептерінің 1%-на дейін).

«Осыған сүйене отырып, медициналық ұйымдарда қайталама профилактика – диспансерлік науқастарды динамикалық бақылау, сондай-ақ әлеуметтік маңызды ауруларды ерте анықтау бойынша шаралар толық орындалмайды деген қорытынды жасауға болады. Яғни алғашқы медициналық санитарлық көмек өз қызметін толық атқармайды», - деді спикер.

Талдауға сүйене отырып, медициналық ұйымдарда қайталама профилактика бойынша іс-шаралар толық көлемде орындалмайды – диспансерлік науқастарды динамикалық бақылау, сондай-ақ әлеуметтік маңызы бар ауруларды ерте анықтау, яғни МСАК-тың негізгі функционалы орындалмайды деген қорытынды жасауға болады. Бұл «Артериялық гипертензия» диагнозы қойылған диспансерлік есепте тұрған пациенттердің жалпы санының 0,34%-ы, яғни 1,4 млн пациент. 2021 жылы – 6 733 пациент немесе 0,48%, 2022 жылы-шамамен 1%. Бұл зерттеулерді пациент жылына бір рет өтуге құқылы. Қант диабетімен ауыратын науқастарды динамикалық бақылау бойынша ұқсас жағдай - жыл сайын пациенттер санының өсуі байқалады. Егер 2020 жылы диспансерлік есепте 374 мың пациент болса, 2022 жылы – 425 мың.

Диспансерлік есепте тұрған адамдарды гликацияланған гемоглобин деңгейіне тексерумен қамту үлесі 2020 жылы 9,2%, 2021 жылы 10,7%, 2022 жылы 18% құрады. Бұл жағдайда пациенттер әр 3 ай сайын осы талдаудан өтуі керек.

06.09.2023
66% считают статью полезной Была ли эта статья для вас полезной ?
Сонымен қатар оқыңыз
ТОП ВОПРОСОВ В ФСМС ЗА 2024 ГОД
2024 ЖЫЛЫ ҚОРҒА ЖИІ ҚОЙЫЛҒАН СҰРАҚТАР
Мәртебесі барлар қатарынан шығып қалу, тегін дәрі-дәрмек беру және медициналық көмек алу кезіндегі пациенттердің құқығы… Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорында былтыр қазақстандықтардың қандай сұрақтарды жиі қойғанын айтып берді.
12.03.2025
КТО ЗАЩИЩАЕТ ПРАВА ПАЦИЕНТОВ В ПОЛИКЛИНИКЕ?
ЕМХАНАДА ПАЦИЕНТТЕРДІҢ ҚҰҚЫҒЫН КІМ ҚОРҒАЙДЫ?
Кейде пациенттер дәрігер кабинетінен немесе қабылдаудан соң мәселенің байыбына жету үшін бірден Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына хабарласады. Олардың басым бөлігі емхана немесе ауруханада жұмыс істейтін Пациенттерді қолдау және ішкі сараптама қызметіне (ПҚІСҚ) сұрақтарын қойып, көмек ала алатындарын білмейді.
06.03.2025
ФСМС РК И ГОСАГЕНТСТВО ПО ОМС АЗЕРБАЙДЖАНА ПОДПИСАЛИ МЕМОРАНДУМ О СОТРУДНИЧЕСТВЕ
ҚР ӘМСҚ МЕН ӘЗЕРБАЙЖАННЫҢ ММС ЖӨНІНДЕГІ МЕМЛЕКЕТТІК АГЕНТТІГІ ӘРІПТЕСТІК ТУРАЛЫ МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙДЫ
3 наурызда Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Олжас Бектеновтің Әзербайжанға ресми сапары барысында Қазақстан Республикасының Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры мен Әзербайжан Республикасының Міндетті медициналық сақтандыру жөніндегі мемлекеттік агенттігі арасында әріптестік туралы меморандумға қол қойылды.
04.03.2025
Барлығын көру
Подать обращение МӘМС калькуляторы Іздеу