Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры 2020 жылдың 1 қазанына дейін МӘМС жарна мен аударым төлеуден босатылған шағын және орта бизнес субъектілеріне қызметкерлер сақтандырылған мәртебесін сақтап қалу үшін әр айдың 25-не дейін жұмысшылар туралы мәліметті жаңарту қажеттігін еске салады.

«Жұмыс берушілердің өз қызметкерлері үшін жауапкершілікті сезінуі маңызды. Сондықтан кәсіпорындардағы қызметкерлер сақтандырылып, МӘМС жүйесінде барлық қажетті медициналық көмек алуы үшін тізімдерді үнемі жаңартып отыруды сұраймыз. Біз кәсіпкерлермен, оның ішінде «Атамекен» ҰКП, Мемлекеттік кіріс комитеті және олардың аймақтардағы ұйымдарында түсіндіру жұмыстарын жүргізудеміз», – деді Қордағылар.

2020 жылғы 20 тамыздағы жағдай бойынша жарналар мен аударымдарды төлеуден босатылған кәсіпорындардағы жұмыскерлерінің тағы 61% бойынша ақпарат өзектендірілмеген күйінде қалып отыр. Егер деректерді жұмыс беруші енгізбесе, қыркүйекте ШОБ қызметкерлерінің бір бөлігі жүйеде сақтандырылмаған болуы мүмкін деген қауіп бар.
«Сараптама көрсеткендей, өз қызметкерлеріне қамқорлықпен қарап, уақытылы ақпарат берген ең белсенді бизнес субъектілері Алматы облысында, мұнда ШОБ 67% мәліметті жаңартты, Қостанай облысында - 54% және Ақмола облысында - 50% астам», - деді ӘМСҚ-да.

Естеріңізге сала кетейік, алгоритмге сәйкес жұмыс беруші әр айдың 25-не дейін мына сілтемеге https://msb.fms.kz/login өтіп, БСН бойынша тізімнен өз ұйымын тауып, заңды тұлғаның немесе ЖК ЭЦҚ көмегімен Қордың ақпараттық жүйесіне тіркеліп, пайдаланушы келісіміне қол қою ерек. Бұдан әрі МӘМС төлеуден босатылған қызметкерлердің ЖСН қосу (Excel-де бір файлмен немесе әр қызметкерге жолма-жол). Кейіннен деректерді қайта енгізудің қажеті жоқ, оларды жаңарту керек болады. Ақпарат ай сайын мемлекеттік кірістер комитетіне беріледі.

Егер кәсіпорын қызметкері өзінің сақтандырылмағанын байқаса, онда ол деректерді qoldau 24/7 мобильді қосымшасы арқылы дербес жібере алады. Электрондық мекен-жайын, тегін, ЖСН, телефон нөмірін көрсете отырып, ШОБ субъектісінің атауын, жұмыс берушінің БСН / ЖСН көрсете отырып, өтінішті ресімдеу және еңбек шартын немесе тағайындау туралы бұйрықты бекіту қажет. Сәйкестікті растау кезінде қызметкерге бір айға уақытша мәртебе беріледі. Алайда, қызметкер жұмыс берушіге ол туралы

24.08.2020
66% считают статью полезной Была ли эта статья для вас полезной ?
Сонымен қатар оқыңыз
КАКАЯ МЕДПОМОЩЬ ПОЛОЖЕНА НЕЗАСТРАХОВАННЫМ
САҚТАНДЫРЫЛМАҒАН АЗАМАТТАРҒА ҚАНДАЙ МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТІЛЕДІ
Шамамен 1,63 трлн теңге кепілдендірілген медициналық көмек көлеміне кіретін қызметтерге қарастырылған. Мұндай қызметтер тегін көрсетіледі. Сақтандырылмаған пациенттер де тегін ала алады.
03.07.2025
БОЛЕЕ 1 ТРЛН ТЕНГЕ ПОСТУПИЛО В ВИДЕ ВЗНОСОВ И ОТЧИСЛЕНИЙ В 2024 ГОДУ
2024 ЖЫЛЫ ЖАРНАЛАР МЕН АУДАРМАЛАР СОМАСЫ 1 ТРЛН-НАН АСТЫ
2024 жылы МӘМС жүйесінде 15,9 млн адам сақтандырылған.
26.06.2025
НА 1,1 ТРЛН ТЕНГЕ ОКАЗАНА МЕДПОМОЩЬ ПО ОСМС В 2024 ГОДУ
2024 ЖЫЛЫ МӘМС АЯСЫНДА 1,1 ТРЛН ТЕҢГЕГЕ МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ
Көрсеткіш 2023 жылмен салыстырғанда 12%-ға жоғары. Жалпы, былтыр ТМККК және МӘМС аясында медициналық көмек көрсетуге 2 трлн 522 млрд теңге бөлінді.
26.06.2025
Барлығын қарау
Өтініш беру МӘМС калькуляторы Іздеу