Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының ұжымына сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл тақырыбында оқу өткізді. Іс-шара барысында қолданыстағы заңнаманың нормалары мен жоспарланған өзгерістер талқыланды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің превенция қызметінің офицері Асан Айдарханов ӘМСҚ ұжымымен кездесу барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, мүдделер қақтығысын болдырмау және жалпы сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы түсіндіру сұрақтарына жан-жақты тоқталды.
«Ұйымдарыңызда комплаенс-қызметі жұмыс істейтіндіктен, бұл тақырып сіздерге жақсы таныс деп ойлаймын. Сіздерді заңның қолданыстағы редакциясымен және жоспарланған түзетулерімен танысуға шақырамын. Мысалы, Агенттік сайтында сыбайлас жемқорлық бойынша сотталған азаматтардың тізімі жарияланады деп күтілуде. Сотталушы бұл тізімнен тек жазасын өтеген жағдайда шығарылады», – деп атап өтті Антикор өкілі.
Сондай-ақ, ол ұжымға сыйлық алу мен оған қатысты шектеулерді түсіндіріп, еңбек міндеттерін орындау кезінде туындауы мүмкін мүдделер қақтығысына назар аударды. Қызметкерлерді сыбайлас жемқорлықтың кез келген көрінісіне төзбеуге шақырды.
«Жалпы алғанда, Қор квазимемлекеттік сектордың субъектісі ретінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы субъектілер қатарына жатады. Біздің міндетіміз – өз құзыретіміз шегінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу», – деді Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының комплаенс-менеджері Меруерт Узденбаева.

07.11.2024
66% считают статью полезной
Была ли эта статья для вас полезной ?
Сонымен қатар оқыңыз
БІЗ МӘМС ЖАРНАЛАРЫН НЕ ҮШІН ТӨЛЕЙМІЗ?
Биыл МӘМС аясында медициналық көмек көрсетуге 1,3 трлн теңгеден астам қаражат бөлінді. Бұл қызметтерге не кіретінін Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорындағылар түсіндірді.
18.07.2025
МӘМС ТУРАЛЫ ЗАҢҒА ЕНГІЗІЛГЕН ӨЗГЕРІСТЕР НЕ БЕРЕДІ
Мемлекет басшысы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы заңға енгізілген өзгерістерді ресми бекітіп, құжатқа қол қойды. Бұл өзгерістердің қарапайым азаматтар мен жалпы жүйеге қалай әсер ететіні жайында Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры түсініктеме берді.
14.07.2025
САҚТАНДЫРЫЛМАҒАН АЗАМАТТАРҒА ҚАНДАЙ МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТІЛЕДІ
Шамамен 1,63 трлн теңге кепілдендірілген медициналық көмек көлеміне кіретін қызметтерге қарастырылған. Мұндай қызметтер тегін көрсетіледі. Сақтандырылмаған пациенттер де тегін ала алады.
03.07.2025