Артқа
Артқа

Міндетті медициналық сақтандыру жүйесіне төлемдерді қабылдау жұмыстары белгіленген мерзімде – 2017 жылы 1-шілдеде басталады

Мемлекеттік органдар 2017 жылдың 1-шілдесінен бастап міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне төлемдер қабылдауды бастауға дайындық жұмыстарын аяқтады.

«1-шілдеден бастап төлемдерді қабылдауға кірісу үшін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясымен және Ұлттық банкпен бірге тиісті жұмыстар атқарылды», - деді «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ басқарушы директоры Забира Оразалиева міндетті сақтандыру жарналарын қабылдауға дайындық мәселелеріне арналған баспасөз мәслихатында.

Баспасөз мәслихатына сондай-ақ, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Қызмет көрсету саласы департаменті директоры Жанна Оспанова, Денсаулық сақтау министрлігі өкілдері, Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кіріс департаменті өкілдері қатысты.

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры өкілі З.Оразалиева «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» заңға енгізілген түзетулердің парламент қарауында жатқанын және ұсынылған өзгерістердің жұмыс берушілер мен жеке кәсіпкерлер төлейтін жарна мөлшерін төмендетуге бағытталғанын атап өтті.

«Жұмыс берушілер төлейтін ең жоғарғы жарна мөлшері 5 пайыздан 3 пайызға дейін, жеке кәсіпкерлердің жарнасы 7 пайыздан 5 пайызға дейін төмендеді. Жалпы, жүйеге қатысатын барлық санаттар үшін төлейтін жарна мөлшері төмендетілді», - деді З.Оразалиева.

«Жарна мөлшерін төмендету туралы ұсынысты әу баста Ұлттық кәсіпкерлер палатасы ұсынған болатын. 2017 жылдың 1-шілдесінен бастап жұмыс берушілер қарамағындағы жұмыскердің айлық жалақысының 1 пайызын Қорға аударады. Бірақ аударылатын жарна мөлшері 15 төменгі айлық жалақыдан аспауы тиіс», - деді «Атамекен» ҰКП Қызмет көрсету саласы департаменті директоры Ж.Оспанова.

МӘМС жүйесіне жарнаны 2017 жылдың 1-шілдесінен бастап жұмыс берушілер мен жеке кәсіпкерлер, адвокаттар және жекеменшік нотариустар төлейді. Соңғы санаттағылар 2017 жылы ай сайын 2 төменгі айлық жалақының 5 пайызы немесе 2 445,9 теңге көлемінде жарна төлейді.

Мемлекет 2018 жылдың 1-қаңтарынан бастап әлеуметтік жағынан аз қамтылған 14 санатқа жататын 10 миллионға жуық адам үшін МӘМС жарналарын төлейді.

«Бүгінгі таңда Денсаулық сақтау министрлігінің алдында тұрған негізгі міндет – бәсекелестікті арттыру үшін жеке меншік және мемлекеттік медицина ұйымдарының міндетті медициналық сақтандыру жүйесіне теңдей қатысуына жағдай жасау, сол арқылы Қазақстан халқына көрсетілетін қызмет сапасы мен қолжетімділігін арттыру», - деді Денсаулық сақтау министрлігінің Жобаларды басқару департаменті директоры Тимур Сұлтанғазиев.

Айтуынша, бүгінгі күні денсаулық сақтау рыногына қатысушыларның бір-бірімен жұмыс істеу тетіктері қалыптасқан. 2016 жылдан бері Бизнес-кеңес жұмыс істеп жатыр. Кеңес құрамына жекеменшік, сақтандыру, халықаралық консалтингтік компаниялардың, «Атамекен» ҰКП өкілдері, ірі медицина ұйымдары мен қауымдастықтардың басшылары енген.

«Министрлік жекеменшік денсаулық сақтау субъектілерінің Кепілдендірілген тегін медициналық көмек (КТМКК) шеңберінде қызмет көрсетуіне кедергі келтіретін тосқауылдарды азайту мақсатында Қызметтерді жеткізушіні таңдау тәртібін өзгертті. Енгізіліп отырған өзгерістер ең алдымен, КТМКК шеңберінде қызмет көрсететін потенциалды субмердігерді таңдау сатысын және осы субмердігерлердің бірыңғай реестрін алып тастауға бағытталған. Бұл қадамдар медициналық қызметтерді жеткізуші компаниялардың құқықтарын кеңейтіп, жауапкершілігін арттыру, мемлекеттік реттеуді қысқарту мақсатында жасалып отыр. Сонымен қатар, бастапқы медициналық-санитарлық көмек мекемесіне тіркелу науқанына қатысу үшін талап етілетін құжаттар тізімі, КТМКК шеңберінде қызмет көрсететін жеткізушілерді таңдауға қатысу үшін өткізілетін құжаттар тізімі де қысқартылды. Қалалық жерлерде бастапқы медициналық-санитарлық көмек мекемелеріне тіркелетін халық саны 2000-нан 1500-ге дейін төмендетілді. Бұл КТМКК және МӘМС шеңберінде тек мемлекеттік қана емес, жеке меншік клиникалардың да қызмет көрсетуіне мүмкіндік береді», - деді министрлік өкілі.

Т.Сұлтанғазиев МӘМС шеңберінде медициналық қызмет сапасы қалай қамтамасыз етіледі деген сұраққа да жауап бере кетті. Айтуынша, сапа денсаулық сақтау саласындағы стандарттарды енгізу, клиникалық протоколдар мен медициналық қызмет көрсетуді ұйымдастыру алгоритмдерін енгізу, денсаулық сақтау субъектілері арасында медициналық көмек көрсету бойынша конкурстар ұйымдастыру, медициналық қызметтерді аккредитациялау, көрсетілген қызмет ақысын оның сапасы мен көлеміне қарай төлеу арқылы қамтамасыз етілмек.

Брифинг барысында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі қаражаттың қозғалу схемасы да таныстырылды. Атап айтқанда, төлеуші жарнаны екінші деңгейлі банк немесе «Қазпошта» бөлімшесі арқылы төлейді. Мәліметтер «Азаматтарға арналған үкімет» терминалы арқылы өңделеді. Онда соманың дұрыстығы, алушының аты-жөні мен жеке сәйкестендіру нөмірі тексеріледі. Егер берілген мәліметтер дұрыс болса, қаржы Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының есеп-шотына, ал, төлемдерге қатысты мәліметтер салық органдарына жіберіледі. Мәліметтер дұрыс енгізілмеген жағдайда ақша төлеушінің шотына қайтып оралады.

01.06.2017
66% считают статью полезной Была ли эта статья для вас полезной ?
Сонымен қатар оқыңыз
ВСЕ ОБ ОСМС: ФОНД СОЦМЕДСТРАХОВАНИЯ ПРЕДСТАВИЛ СПЕЦИАЛЬНЫЙ ПРОЕКТ
МӘМС ТУРАЛЫ ТОЛЫҚ АҚПАРАТ: ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ҚОРЫ АРНАЙЫ ЖОБАНЫ ҰСЫНДЫ
ӘМСҚ міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне арналған ауқымды жобаны танымал Тengrinews.kz ақпараттық порталында іске қосты.
04.12.2024
ЗАКЛЮЧЕНИЕ ДОЛГОСРОЧНЫХ ДОГОВОРОВ С ФСМС: УСЛОВИЯ ДЛЯ ПОСТАВЩИКОВ
ӘМСҚ-МЕН ҰЗАҚ МЕРЗІМДІ ШАРТТАР ЖАСАСУ: ҚЫЗМЕТТЕР БЕРУШІЛЕР ҮШІН ШАРТТАР
29 қарашадан бастап ұзақ мерзімді сатып алу шарттарын жасасу үшін тиісті денсаулық сақтау субъектілерін айқындауға өтінімдер қабылдау басталды.
29.11.2024
СТАРТУЕТ ЗАКУП МЕДПОМОЩИ НА 2025 ГОД
2025 ЖЫЛҒА МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕКТІ САТЫП АЛУ НАУҚАНЫ БАСТАЛАДЫ
Қорда 27 қарашадан бастап 2025 жылға арналған медициналық қызметтер көлемін орналастыруға өтінімдерді қабылдау басталғанын және сатып алу рәсімдеріндегі жаңашылдықтарды хабарлады.
27.11.2024
Барлығын көру
Подать обращение МӘМС калькуляторы Іздеу