Артқа
Артқа

МӘМС бойынша жеңілдікті кезеңі ұзартылды

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры сақтандырылмағандарға медициналық көмекті алу құқығы ұзартылғандығы туралы хабарлайды

ӘМСҚ-ға аударымдар мен (немесе) жарналар түсірмеген тұлғалардың міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмекті алу құқығы 2020 жылдың 1 шілдесіне дейін ұзартылды.

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры 2020 жылдың 1 сәуірінен бастап МӘМС-ке толық көшу үшін қажетті дайындық жұмыстарын жүргізді. Алайда, қазіргі жағдайды ескере отырып, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша сақтандырылмағандарған азаматтардың  міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмекті алу құқығы 2020 жылдың 1 шілдесіне дейін ұзартылды. Осыған орай әрбір азаматтың медициналық қызметтерге қолжемтілігін арттыру үшін Қор 20 млрд. теңгеден астам соманы ішкі резервтерден бөлуді жоспарлауда», - деп Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Басқарма төрағасы Айбатыр Жұмағұлов атап өтті.

Осы мерзімге дейін елдің барлық азаматтары, МӘМС қатысушы статусына қарамай, шартты сақтандырылған болып саналады және  медициналық көмекті алуына тиіс деп түсіндірді Қорда.

Қазір елде шамамен 16,4 миллион адам сақтандырылған. Оның ішінде 11 миллионға жуығы - әлеуметтік осал топтардың өкілдері. Олар үшін жарналарды мемлекет жасайды. Осылайша, ел халқының жартысынан көбі автоматты түрде сақтандырылған.

ӘМСҚ жүйенің қаржылық операторы болып табылады. Оның жеткізушілері болып табылатын медициналық ұйымдар өзінің медициналық қызметтерін көрсетіп болғасын Қордан ақы алады. 2020 жылға 1250-ден астам медициналық қызмет көрсетушілермен шарттар жасалды, олардың 650-ден астамы мемлекеттік, 600-ден астамы жеке меншік. Жасалған келісім-шарттардың сомасы 1,3 трлн теңгені құрайды, оның ішінде 877 млрд теңге -  ТМККК және 432,5 млрд теңге - МӘМС.

Қазақстанда МӘМС жүйесі 1 қаңтардан бастап іске қосылды. Өткен кезеңнің қорытындылары бойынша бұрын ақылы болып есептелетін КТ/MРТ, ультрадыбыстық қызметтердің тұтынуы өсуі байқалады. Сондай-ақ, оңалту және қалпына келтіру емдеріне де сұраныс бар.

Қор пациенттердің құқығын қорғауға бағытталғандықтан, медициналық ұйымдардың көрсеткен қызметтерінің сапасын тексергеннен кейін ғана, олар бойынша ақысын төлейді.

Жеңілдікті кезеңінде азаматтар өздерінің сақтандыру мәртебесін анықтап, жарналарды төлеп, МӘМС қатысушысы болуы тиіс.

01.04.2020
66% считают статью полезной Была ли эта статья для вас полезной ?
Сонымен қатар оқыңыз
КОНСУЛЬТАНТОВ ПО ОСМС БУДУТ ГОТОВИТЬ НА БАЗЕ  МЕДИЦИНСКОГО УНИВЕРСИТЕТА АСТАНА
МӘМС КЕҢЕСШІЛЕРІН АСТАНА МЕДИЦИНАЛЫҚ УНИВЕРСТИТІНІҢ БАЗАСЫНДА ДАЙЫНДАЙДЫ
МӘМС негіздері мен пациенттердің құқықтары елордалық медицина университетінің оқу бағдарламаларында оқытылатын болады. «Әлеуметтік медициналық сақтандыру Қоры» КЕАҚ мен «Астана медицина университеті» КЕАҚ арасында өзара ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.
19.03.2025
ТОП 10 УНИКАЛЬНЫХ ОПЕРАЦИЙ ПО ОСМС ЗА ФЕВРАЛЬ 2025 ГОДА
2025 ЖЫЛДЫҢ АҚПАН АЙЫНДА МӘМС АЯСЫНДА ЖАСАЛҒАН ТОП 10 БІРЕГЕЙ ОПЕРАЦИЯ
Елдің әр өңірінде ағза трансплантациясы, буын эндопротездеу және ісік алу сияқты бірегей операциялар жасалуда. Біз осы жылдың ақпан айында МӘМС қаражаты есебінен жүргізілген 10 бірегей және қымбат операцияларды тізіп шықтық.
18.03.2025
ТОП ВОПРОСОВ В ФСМС ЗА 2024 ГОД
2024 ЖЫЛЫ ҚОРҒА ЖИІ ҚОЙЫЛҒАН СҰРАҚТАР
Мәртебесі барлар қатарынан шығып қалу, тегін дәрі-дәрмек беру және медициналық көмек алу кезіндегі пациенттердің құқығы… Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорында былтыр қазақстандықтардың қандай сұрақтарды жиі қойғанын айтып берді.
12.03.2025
Барлығын көру
Подать обращение МӘМС калькуляторы Іздеу