Артқа
Артқа

Медициналық сақтандыру қоры сақтандырылмаған азаматтарға уақытша мәртебе беруді ұсынады

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры МӘМС жүйесінен жеңілдетілген санаттағы азаматтардың «түсіп қалу» жағдайлары туралы түсінік берді.
15 жеңілдік категориясының өкілдері үшін, яғни 11 млн-ға жуық қазақстандықтар үшін мемлекет жарнаны төлейді, Медициналық сақтандыру қоры өз емханасына немесе өз бетінше Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы бойынша жүгіну арқылы уақытша мәртебе беру алгоритмін (бір айға) әзірледі.
Осылайша, халықтың жеңілдікті санаты өкілдерінің сақтандыру мәртебесімен туындайтын мәселелер жедел мерзімде шешіледі, пациент медициналық қызметтерге қол жеткізе алады.

Пациент медициналық ұйымға жүгінген кезде оның қызметкері пациенттің растайтын құжатын сканерлейді (суретке түсіреді) және оны «Qoldau 24/7» мобильді қосымшасы арқылы ӘМСҚ-ға жібереді. Қор пациентке 1 айға мәртебе береді, оған тиісті хабарлама жіберіледі.
Жеңілдікті санаттағы дәл осындай өкіл мұны App Store және Play Market-те «Qoldau 24/7» мобильді қосымшасын жүктеу арқылы өз бетінше жасай алады. Жеңілдікті санатқа қатыстылығы туралы растайтын құжатты жүктеп алып, ӘМСҚ-ға жіберу қажет. Қор өтініш берушіге 1 айға мәртебе береді және тиісті хабарлама жібереді.

Қор мәртебені ресми қызметтер арқылы - ӘМСҚ сайтында fms.kz, Qoldau 24/7 мобильдік қосымшасында, Telegram-дағы Saqtandyru-bot арқылы тексеру қажет екенін атап өтті. Барлық жүйелер дұрыс және айқын жұмыс істейді.

Айына екі рет «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына жеңілдетілген санаттар бойынша жаңартылған деректер базасын ұсынады. Тұрақты сақтандыру мәртебесін растау үшін Мемлекеттік корпорацияға 1414 нөмірі бойынша хабарласу қажет.

Сондай-ақ, төлемдердің болуы немесе болмауы, жүзеге асырылған қайтарулар туралы ақпаратты https://egov.kz/ «Электрондық үкімет» порталынан алуға болады. Ол үшін «Медициналық қызметтерді тұтынушы ретінде қатысу туралы және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі аударымдардың және (немесе) жарналардың аударылған сомалары туралы ақпарат беру» электрондық мемлекеттік қызметіне тапсырыс беріледі.

18.08.2020
66% считают статью полезной Была ли эта статья для вас полезной ?
Сонымен қатар оқыңыз
ПОДПИСАН МЕМОРАНДУМ С ЦЕНТРАЛЬНЫМ ДОМОМ БУХГАЛТЕРОВ О ПОДГОТОВКЕ КОНСУЛЬТАНТОВ ОСМС
ОРТАЛЫҚ БУХГАЛТЕРЛЕР ҮЙІМЕН МӘМС КОНСУЛЬТАНТТАРЫН ДАЯРЛАУ ТУРАЛЫ МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің қызмет етуі туралы мақсатты аудиторияның хабардарлығын арттыруға бағытталған білім беру жобасы аясында Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры серіктестік бастамаларын кеңейтуді жалғастыруда.
22.04.2025
КЛИЕНТЫ JUSAN BANK БУДУТ ПОЛУЧАТЬ ИНФОРМАЦИЮ ОБ ОСМС
JUSAN BANK КЛИЕНТТЕРІ МӘМС ТУРАЛЫ АҚПАРАТ АЛАДЫ
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры және Jusan Bank ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды. Енді банктің мобильді қосымшасында медициналық қызметтерді тұтынушының мәртебесін тексеру сервисі пайда болады.
21.04.2025
ПРЕДСТАВИТЕЛИ ФСМС ВСТРЕТИЛИСЬ С КОЛЛЕКТИВОМ МЕРКЕНСКОЙ ЦРБ
ӘМСҚ ӨКІЛДЕРІ МЕРКІ ОРТАЛЫҚ АУДАНДЫҚ АУРУХАНАСЫНЫҢ ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Меркі аудандық орталық ауруханасында зейнетақы және өзге де аударымдардың кешіктірілуіне байланысты ұжыммен кездесу өтті. ӘМСҚ өкілдері Қор тарапынан медициналық қызметтер үшін төлемдер уақытылы жүргізілетінін және еңбек қатынастарына араласуға құқығы жоқ екенін түсіндірді.
17.04.2025
Барлығын қарау
Подать обращение МӘМС калькуляторы Іздеу