Артқа
Артқа

Енді балаларды емханаға онлайн режимінде тіркеуге болады

Электронды үкімет порталы мен egov.kz Telegram-ботында балаларды емханаға тіркеу қызметі іске қосылды.

Қызметті әзірлеген «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ хабарлауынша, ол үшін пайдаланушы egov.kz порталына тіркеліп, электронды цифрлық қолтаңбасы болса жеткілікті. Тағы бір айта кетерлігі, онлайн-қызмет 2007 жылға дейін туған балаларға көрсетілмейді.

Қызметті пайдалану үшін алдымен порталдағы «Денсаулық сақтау» бөліміне кіреміз. «Бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін медицина ұйымына тіркелу» қызметін таңдап, балаға қызмет көрсету опциясын басамыз.

Содан соң жүйе баланың ЖСН енгізуді сұрайды. ЖСН негізінде туыстық байланыстарды анықтау үшін АХАТ бөлімінің ақпараттық жүйесіне автоматты түрде сауал жолдайды. Бұл көп уақыт алмайды. Процесс аяқталғаннан кейін сіз онлайн-өтінімге тұратын аймағы, медицина ұйымы, тіркеу себебі, учаскелік дәрігер деген сынды тағы да басқа мәліметтерді толтыруға мүмкіндік аласыз.

Көрсетілген қызметтің нәтижесі өтініш жолдаушының порталдағы жеке кабинетіне жолданады. Қызмет көрсету мерзімі – бір жұмыс күнінен аспауы тиіс.

Аталған қызметті Telegram Bot арқылы алу үшін https://t.me/EgovKzBot сілтемесін пайдалануға болады. «Бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін медицина ұйымына тіркеу» қызметін басып, чаттағы тиісті батырмаларды басу қажет. Қызметті бот арқылы алу үшін оған жазылу шарт (Чаттағы «Start» батырмасын басып, ұялы телефон нөмірін пайдалануға рұқсат ету).

Естеріңізге сала кетсек, қазір елімізде жыл сайынғы емханаға тіркеу науқаны жүріп жатыр. Екі айлық дәстүрлі кампания 15 қарашада аяқталады.

30.10.2018
66% считают статью полезной Была ли эта статья для вас полезной ?
Сонымен қатар оқыңыз
ТОП ВОПРОСОВ В ФСМС ЗА 2024 ГОД
2024 ЖЫЛЫ ҚОРҒА ЖИІ ҚОЙЫЛҒАН СҰРАҚТАР
Мәртебесі барлар қатарынан шығып қалу, тегін дәрі-дәрмек беру және медициналық көмек алу кезіндегі пациенттердің құқығы… Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорында былтыр қазақстандықтардың қандай сұрақтарды жиі қойғанын айтып берді.
12.03.2025
КТО ЗАЩИЩАЕТ ПРАВА ПАЦИЕНТОВ В ПОЛИКЛИНИКЕ?
ЕМХАНАДА ПАЦИЕНТТЕРДІҢ ҚҰҚЫҒЫН КІМ ҚОРҒАЙДЫ?
Кейде пациенттер дәрігер кабинетінен немесе қабылдаудан соң мәселенің байыбына жету үшін бірден Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына хабарласады. Олардың басым бөлігі емхана немесе ауруханада жұмыс істейтін Пациенттерді қолдау және ішкі сараптама қызметіне (ПҚІСҚ) сұрақтарын қойып, көмек ала алатындарын білмейді.
06.03.2025
ФСМС РК И ГОСАГЕНТСТВО ПО ОМС АЗЕРБАЙДЖАНА ПОДПИСАЛИ МЕМОРАНДУМ О СОТРУДНИЧЕСТВЕ
ҚР ӘМСҚ МЕН ӘЗЕРБАЙЖАННЫҢ ММС ЖӨНІНДЕГІ МЕМЛЕКЕТТІК АГЕНТТІГІ ӘРІПТЕСТІК ТУРАЛЫ МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙДЫ
3 наурызда Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Олжас Бектеновтің Әзербайжанға ресми сапары барысында Қазақстан Республикасының Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры мен Әзербайжан Республикасының Міндетті медициналық сақтандыру жөніндегі мемлекеттік агенттігі арасында әріптестік туралы меморандумға қол қойылды.
04.03.2025
Барлығын көру
Подать обращение МӘМС калькуляторы Іздеу