Медициналық сақтандыру қорына түскен жарна мөлшері 186 млрд теңгеден асты
Маусым айында түскен сақтандыру жарнасының көлемі 9,5 млрд теңгеге жетті.
2017 жылдың 1 шілдесінен 2019 жылдың 30 маусымына дейінгі аралықта Қорға 186,2 млрд теңге түсті. Аударымдар жүйе іске қосылған алғашқы жарты жылда өзі үшін жарна төлеуге міндеттелген жеке кәсіпкерлер мен азаматтық-құқықтық келісімшарт (АҚК) негізінде еңбек ететін тұлғаларға, сондай-ақ жұмыс берушілерге тиесілі.
Атап айтқанда, жинақталған қаражаттың 95,3% немесе 177,4 млрд теңгесін жұмыс берушілер, қалған 4,7% немесе 8,8 млрд теңгені – жеке кәсіпкерлер мен АҚК негізінде еңбек ететін санат аударған.
Аймақтық тұрғыдан алғанда, жарна төлеу жағынан бұрынғыша Алматы, Нұр-Сұлтан қалалары мен Қарағанды облысы көш бастап тұр.
Естеріңізге сала кетсек, жинақталған қаржы Ұлттық банкте сақталады және 2020 жылдан бастап МӘМС пакетінде көрсетілетін медициналық қызметтер ақысын төлеуге жұмсалмақ.