Артқа
Артқа

МСҚ-на 2019 жылдың тамыз айында 9 млрд теңгеден астам жарна түсті

2019 жылдың 1-31 тамызы аралығында «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына» 9,3 млрд теңге түсті.

Жүйе іске қосылған 2017 жылдың 1 шілдесі мен 2019 жылдың 31 тамызы аралығында жұмыс берушілер мен жекеменшік кәсіпкерлерден міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға түскен жарнаның жалпы сомасы 205,1 млрд теңгені құрады.

Оның 196,2 млрд теңгесі (шамамен 95,6%) жұмыс берушілердің аударымдары болса, қалған 8,9 млрд теңге (4,4% жуығы) – жеке кәсіпкерлер мен азаматтық-құқықтық келісімшарт негізінде еңбек ететін тұлғаларға тиесілі. 

Аймақтық тұрғыдан алғанда, жарна төлеу жағынан бұрынғыша Алматы, Нұр-Сұлтан қалалары мен Қарағанды облысы көш бастап тұр.

Жинақталған қаржы Ұлттық банкте сақталады. Болашақта МӘМС пакеті шеңберіндегі қызметтер ақысын төлеуге жұмсалады. Еліміздің бас банкімен қаржыны сенімгерлік басқару туралы келісім бекітілген. 

09.09.2019
66% считают статью полезной Была ли эта статья для вас полезной ?
Сонымен қатар оқыңыз
ФСМС ПРЕЗЕНТОВАЛ НАПРАВЛЕНИЯ «ПЕРЕЗАГРУЗКИ» СВОЕЙ РАБОТЫ
ӘМСҚ ӨЗ ЖҰМЫСЫНДАҒЫ «ЖАҢҒЫРТУ» БАҒЫТТАРЫН ТАНЫСТЫРДЫ
12 мамырда өткен Қоғамдық-консультативтік кеңестің алғашқы отырысында Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының жұмысын кезең-кезеңімен өзгерту жоспары ұсынылды.
13.05.2025
ПОДПИСАН МЕМОРАНДУМ С ЦЕНТРАЛЬНЫМ ДОМОМ БУХГАЛТЕРОВ О ПОДГОТОВКЕ КОНСУЛЬТАНТОВ ОСМС
ОРТАЛЫҚ БУХГАЛТЕРЛЕР ҮЙІМЕН МӘМС КОНСУЛЬТАНТТАРЫН ДАЯРЛАУ ТУРАЛЫ МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің қызмет етуі туралы мақсатты аудиторияның хабардарлығын арттыруға бағытталған білім беру жобасы аясында Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры серіктестік бастамаларын кеңейтуді жалғастыруда.
22.04.2025
КЛИЕНТЫ JUSAN BANK БУДУТ ПОЛУЧАТЬ ИНФОРМАЦИЮ ОБ ОСМС
JUSAN BANK КЛИЕНТТЕРІ МӘМС ТУРАЛЫ АҚПАРАТ АЛАДЫ
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры және Jusan Bank ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды. Енді банктің мобильді қосымшасында медициналық қызметтерді тұтынушының мәртебесін тексеру сервисі пайда болады.
21.04.2025
Барлығын қарау
Подать обращение МӘМС калькуляторы Іздеу