Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры хабарлағандай, 2020 жылы мектеп медицинасы қаржыландырудың жеке бағытына шығарылды. Ол кезде оған 18,5 млрд теңге, ал 2021 жылы – 22,2 млрд теңге бөлінді. Биылғы жылы мектеп оқушылары үшін кәсіптік қарау мен сауықтыру іс-шараларына 26,1 млрд теңгеге шарт жасалды.

Балалардың денсаулығы – ел дамуының маңызды басымдықтарының бірі. Балалар жеңілдікті санатқа кіреді және мемлекет есебінен МӘМС-да сақтандырылған. Тегін медициналық қызметтерді балалар медициналық сақтандыру қорымен шарт жасасқан медициналық ұйымдардан ала алады.

Мектеп оқушылары мен мектепке дейінгі мекемелердің медициналық қамтамасыз етілуін ұйымдастыру туралы ойлайтындар аз. Мектеп медицинасы білім беру ұйымдарында, яғни тікелей мектептерде, балабақшаларда, шағын орталықтарда немесе басқа да білім беру ұйымдарындағы балаларға медициналық қызмет көрсетуді көздейді.

Бұрын мектеп медицинасы учаскелік қызметке бөлінген қаражат есебінен қаржыландырылған. МӘМС жүйесін енгізу арқылы ол жеке позицияға шығарылды. Бұл мектеп жасындағы балаларға арналған алдын алу шараларының кең ауқымын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ, бұл медицинаның осы бөліміне кәсіби тексерулердің толықтығын тексеруге, аурулары анықталған балаларды дер кезінде Д есебіне тіркеуге, барлық стандарттардың сақталуын бақылауға және тағы басқаға ерекше назар аударылатындығын білдіреді.

Осы жылы Қор білім беру ұйымдарында медициналық қызмет көрсетуге 436 емханамен 26,1 млрд теңгеге жуық сомаға шарт жасады. Салыстыру үшін: 2020 жылы мектеп медицинасының қызметін 417 медициналық ұйым, 2021 жылы – 430 медициналық ұйым көрсетті, шарттардың құны 22,2 млрд теңгені құрады.

Алдын ала қорытынды бойынша, 2022 жылдың 1 тоқсанында мектеп медицинасы қызметі шамамен 6,4 млрд теңгеге көрсетілді.

Қорда атап өткендей, мектеп медицинасының мәні – білім беру ұйымдарындағы балаларды қажетті медициналық қызметтермен қамтамасыз ету. Бұл жұмыс мектеп немесе балабақша орналасқан аумаққа қарасты емхана жауапкершілігінде болады. Ол үшін мектепте медицина қызметкерінің жабдықталған кабинеттері бар арнайы қызмет құрылады. Профилактикалық тексеру немесе вакцинация жүргізу үшін мектепке (немесе балабақшаға) тиісті профильдегі дәрігерлер келеді. Мұндай іс-шаралар алдын-ала жоспарланады, және ата-аналар олар туралы хабардар етіледі.

Мектеп медицинасының тарифіне вакцинация, жыл сайынғы профилактикалық тексеру, тіс дәрігерінің тікелей оқу орнында өткізілетін тексеруі кіреді. Сондай-ақ, оқу орнындағы дәрігерлер балалардың салауатты өмір салтын ұстануы бойынша іс-шаралар өткізеді. Егер кәсіби тексеруде патология анықталған болса, онда бала тіркелген жері бойынша емханаға тереңдетілген медициналық тексеруге жіберіледі. Балалардың вакцинациялауы ата-аналарының келісімімен Ұлттық егу күнтізбесі бойынша жүргізіледі. Шұғыл жағдайларда медициналық пунктте жедел жәрдем бригадасы келгенге дейін балаларға алғашқы көмек көрсетіледі.

Осылайша, мектеп медицинасы мектеп оқушыларының денсаулық жағдайын үздіксіз бақылауды қамтамасыз етуге және қажет болған жағдайда уақтылы алғашқы көмек көрсетуге мүмкіндік береді.

Егер сұрақтарыңыз болса, сіз оларды емханаңыздан Пациенттерге қолдау көрсету қызметіне хабарласып сұрай аласыз. Егер сізге сол жерде көмектесе алмаса, онда өзіңізге ыңғайлы байланыс арнасы арқылы Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына өтініш жібере аласыз: fms.kz ресми сайты, 1406 байланыс орталығы, Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы және Telegram-дағы SaqtandyryBot. Дәл осы құралдар сақтандырылу мәртебесін тексеруге мүмкіндік береді. Сондай-ақ, медициналық сақтандыру жүйесіндегі өз мәртебеңізді тексеріп, жүргізілген төлемдер туралы ҚР egov.kz электрондық үкіметінің сайтындағы «Денсаулық сақтау» бөлімінде «Медициналық қызметтер туралы және МӘМС-те аударылған сомалар туралы ақпарат» мемлекеттік қызметі арқылы біле аласыз.


27.05.2022
66% считают статью полезной Была ли эта статья для вас полезной ?
Сонымен қатар оқыңыз
КАКАЯ МЕДПОМОЩЬ ПОЛОЖЕНА НЕЗАСТРАХОВАННЫМ
САҚТАНДЫРЫЛМАҒАН АЗАМАТТАРҒА ҚАНДАЙ МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТІЛЕДІ
Шамамен 1,63 трлн теңге кепілдендірілген медициналық көмек көлеміне кіретін қызметтерге қарастырылған. Мұндай қызметтер тегін көрсетіледі. Сақтандырылмаған пациенттер де тегін ала алады.
03.07.2025
БОЛЕЕ 1 ТРЛН ТЕНГЕ ПОСТУПИЛО В ВИДЕ ВЗНОСОВ И ОТЧИСЛЕНИЙ В 2024 ГОДУ
2024 ЖЫЛЫ ЖАРНАЛАР МЕН АУДАРМАЛАР СОМАСЫ 1 ТРЛН-НАН АСТЫ
2024 жылы МӘМС жүйесінде 15,9 млн адам сақтандырылған.
26.06.2025
НА 1,1 ТРЛН ТЕНГЕ ОКАЗАНА МЕДПОМОЩЬ ПО ОСМС В 2024 ГОДУ
2024 ЖЫЛЫ МӘМС АЯСЫНДА 1,1 ТРЛН ТЕҢГЕГЕ МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ
Көрсеткіш 2023 жылмен салыстырғанда 12%-ға жоғары. Жалпы, былтыр ТМККК және МӘМС аясында медициналық көмек көрсетуге 2 трлн 522 млрд теңге бөлінді.
26.06.2025
Барлығын қарау
Өтініш беру МӘМС калькуляторы Іздеу