ӘМСҚ қабылдаған шұғыл шаралары Қордың медициналық ұйымдар алдындағы 4 айлық қарызын 1,5-2 айға дейін қысқартуға мүмкіндік берді.
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорында қазан айындағы медициналық ұйымдарды қаржыландыру барысы туралы есеп берілді. Бүгінде ел бойынша амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді қоса алғанда, шамамен 1 трлн 891 млрд теңге төленген.

«Өткен жылдары осы уақытта Қор қыркүйек айына төлем жүргізіп келді. Биыл шамамен 2-3 аптаға кешігу байқалады. Десе де республикалық бюджеттен ТМККК бойынша қаражат тұрақты түсіп тұрса, қараша айында оны еңсеруді жоспарлап отырмыз. МӘМС аясында көрсетілетін медициналық көмекті қаржыландыру бойынша төлемдерде мәселе туындап жатқан жоқ», - деді басқарма төрағасының орынбасары Индира Саркенова.

22 қазанда әзірленген ақпарат бойынша, қаңтардан тамызға дейін көрсетілген қызметтер үшін 1956 медициналық ұйымға 948,7 млрд теңге төленді. Қазір тамыз айына төлем жүргізілуде және 28 қазаннан бастап қыркүйек айын жабу бойынша жұмысты бастауды жоспарлануда.

Сонымен қатар қаңтар, ақпан және наурыз айларындағы медициналық қызметтер үшін төлем 100% жабылса, сәуірге – 99,9%, мамырға – 99,8%, маусымға – 99,6%, шілдеге – 98,3%, тамызға – 60% төленді.

Осылайша, бұрын төленген авансты ескере отырып, төлемнің жалпы сомасы 1,9 трлн теңгені құрады, бұл 2024 жылға арналған қаржыландыру көлемінің (2 837,4 млрд теңге) 67%-ын құрайды.
23.10.2024
66% считают статью полезной Была ли эта статья для вас полезной ?
Сонымен қатар оқыңыз
ЗА ЧТО МЫ ПЛАТИМ ОСМС?
БІЗ МӘМС ЖАРНАЛАРЫН НЕ ҮШІН ТӨЛЕЙМІЗ?
Биыл МӘМС аясында медициналық көмек көрсетуге 1,3 трлн теңгеден астам қаражат бөлінді. Бұл қызметтерге не кіретінін Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорындағылар түсіндірді.
18.07.2025
ЧТО ДАДУТ ИЗМЕНЕНИЯ В ЗАКОН ОБ ОСМС
МӘМС ТУРАЛЫ ЗАҢҒА ЕНГІЗІЛГЕН ӨЗГЕРІСТЕР НЕ БЕРЕДІ
Мемлекет басшысы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы заңға енгізілген өзгерістерді ресми бекітіп, құжатқа қол қойды. Бұл өзгерістердің қарапайым азаматтар мен жалпы жүйеге қалай әсер ететіні жайында Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры түсініктеме берді.
14.07.2025
КАКАЯ МЕДПОМОЩЬ ПОЛОЖЕНА НЕЗАСТРАХОВАННЫМ
САҚТАНДЫРЫЛМАҒАН АЗАМАТТАРҒА ҚАНДАЙ МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТІЛЕДІ
Шамамен 1,63 трлн теңге кепілдендірілген медициналық көмек көлеміне кіретін қызметтерге қарастырылған. Мұндай қызметтер тегін көрсетіледі. Сақтандырылмаған пациенттер де тегін ала алады.
03.07.2025
Барлығын қарау
Өтініш беру МӘМС калькуляторы Іздеу