1414
kk
kk ru
Нашар көретіндер нұсқасы

Бұған дейін хабарланғандай, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорында ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметтегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді. Оның нәтижелері бойынша Жұмыс тобы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою бойынша ұсынымдар берді.

 

Талдау көздері ретінде Қор қызметін реттейтін нормативтік-құқықтық актілер мен ішкі құжаттар, жалпыға қолжетімді материалдар мен құжаттар, заңды және жеке тұлғалардың өтініштері алынды. Комплаенс менеджері Меруерт Узденбаева бастаған жұмыс тобы аудит барысында 2021 жыл мен ағымдағы жылдың өткен кезеңін қарастырды.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі аудитінің нәтижелеріне сәйкес келесі бөлімдер бойынша сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою мақсатында ұсынымдар берілді: персоналды басқару – 5 ұсыным, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл-1 ұсыным, кешенді қауіпсіздіктің нысаналы индикаторлары негізінде Қор филиалдарының қызметіне мониторинг жүргізу, оның ішінде денсаулық сақтау субъектілері арасында медициналық қызметтер көлемін таңдау және орналастыру жөніндегі өңірлік комиссиялардың шешімдері (хаттамалары), денсаулық сақтау субъектілерінің шарттық міндеттемелерді орындауын мониторингтеу актілері – 3 ұсыным, медициналық қызметтерді сатып алу – 1 ұсыным, тариф белгілеу мәселелері бойынша – 1 ұсыным, дәрі – дәрмекпен қамтамасыз ету мәселелері бойынша – 6 ұсыным, құқықтық реттеу және норма шығармашылық жұмыс-1 ұсыным, мемлекеттік сатып алу бойынша – 1 ұсыным.

03.08.2022
66% считают статью полезной Была ли эта статья для вас полезной ?
Сонымен қатар оқыңыз
ПРОЗРАЧНОСТЬ, КОНТРОЛЬ, ЭФФЕКТИВНОСТЬ: ЧТО МЕНЯЕТ  ПЛАТФОРМА QALQAN В СИСТЕМЕ ОСМС
АШЫҚТЫҚ, БАҚЫЛАУ, ТИІМДІЛІК: QALQAN ПЛАТФОРМАСЫ МӘМС ЖҮЙЕСІНДЕ НЕНІ ӨЗГЕРТЕДІ
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры денсаулық сақтау жүйесін қаржыландыру бағытында ауқымды цифрлық жаңғырту басталғанын жариялады. Трансформацияның негізгі құралына айналған Qalqan платформасы «МӘМС 2.0» моделінің технологиялық негізі ретінде енгізілуде.
24.04.2026
ЕЖЕГОДНЫЙ ВНУТРЕННИЙ АНАЛИЗ КОРРУПЦИОННЫХ РИСКОВ ПРОВЕДУТ В ФОНДЕ
ҚОРДА ЖЫЛ САЙЫНҒЫ ІШКІ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІНЕ ТАЛДАУ ЖҮРГІЗЕДІ
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ осы жылдың 29 сәуірінен бастап Қор қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жоспарланып отырғанын хабарлайды.
15.04.2026
НЕСВОЕВРЕМЕННЫЕ ПЛАТЕЖИ В ОСМС: ПОЧЕМУ ВАЖНО СОБЛЮДАТЬ СРОКИ
МӘМС ЖҮЙЕСІНДЕГІ ТӨЛЕМДЕРДІ УАҚТЫЛЫ ТӨЛЕМЕУ: МЕРЗІМДІ САҚТАУДЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры азаматтардың МӘМС жүйесіндегі медициналық көмекке үздіксіз қол жеткізуінің негізі – аударымдар мен жарналарды уақтылы төлеудің маңыздылығын еске салады.
15.04.2026
Барлығын қарау
Өтініш беру МӘМС калькуляторы Іздеу