1414
kk
kk ru
Нашар көретіндер нұсқасы

«Баршаға қолжетімді медицина» әлеуметтік медициналық сақтандыру тақырыбын насихаттау бойынша үздік журналистік жұмыстардың шығармашылық байқауына сарапшы қазылар алқасы отырысының хаттамасы

15 желтоқсан 2019 жыл

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры

Қазылар алқасының құрамы:

  1. Айбатыр Жұмағұлов, «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ басқарма төрағасы
  2. Сейтқазы Матаев, Қазақстан журналистер Одағының төрағасы
  3. Құрманбек Жұмағали, «Астана» телеарнасының бас директоры
  4. Болат Қалиянбеков, «Nur Media» холдингінің бас директоры
  5. Ержан Сейтқазинов, аймақтық БАҚ Ассоциациясының президенті

Қазылар алқасының отырысы кезінде Қазақстанның әр аймағының баспасөз, электронды БАҚ, телевидение және радио өкілдері болып табылатын 62 қатысушыдан түскен өтінімдер қаралды.  

Жеңімпаздар мына аталымдар бойынша анықталды:

  • Телевидениедегі ең үздік материал (сюжет, репортаж, сұхбат, талдама);
  • Баспасөздегі ең үздік материал (мақала, репортаж, фоторепортаж, сұхбат, талдама, очерк, шолу);
  • Интернет-порталдағы ең үздік материал (мақала, сұхбат, очерк, талдама, шолу, колумнистика, лонгрид);
  • Радиодағы ең үздік материал (бағдарлама, сұхбат, тікелей эфир, талдама);
  • Ең үздік визуалды қатар(видео, фотогалерея, графика, комикстер).

АТАЛЫМ: «Телевидениедегі ең үздік материал»

«Қазақстан» РТРК" АҚ Қарағанды облыстық филиалы

ӘМСҚ басшылығы, медицина қызметкерлері, пациенттердің Қарағанды облысындағы тәжірибе туралы сұхбаттары, МӘМС бойынша пилоттық жоба нәтижелері, реформа көмегі тиген пациенттер тарихы.

Жеңімпаз – Вера Шеллер, автор және жүргізуші,  редактор

АТАЛЫМ: «Баспасөздегі ең үздік материал»

Жеңімпаз– Айнагүл Ескенқызы Бәкімбаева, шолушы

«Дидар» облыстық газеті, «Шығыс-Ақпарат»  ЖШС, Өскемен қаласы

Байқаудың барлық кезеңдерінде қызықты графикалық безендірулер арқылы түрлі тақырыптарда жазылған өзекті материалдар сериясы

АТАЛЫМ: «Интернет-порталдағы ең үздік материал»

Жеңімпаз – Ерғали Қайтарған, «Aq jol» қоғамдық-саяси газетінің Жамбыл облысындағы Шу және Мойынқұм аудандары бойынша меншікті тілшісі

 Жамбыл облыстық «Aq jol» қоғамдық-саяси газетінің интернет-порталы

МӘМС-тің ауылдық жерлердегі медициналық қызмет көрсету сапасына қалай әсер ететіні, медициналық қызметтерге қол жетімділікті арттыру туралы мақала. МӘМС-тің түрлі қырларын түсіндіру

АТАЛЫМ: «Радиодағы ең үздік материал»

Жеңімпаз – Константин Должанский, «КН» радиосының жүргізушісі («Караван новостей» ЖШС), Қостанай

«Жергілікті уақыт.  Арнайы шығарылым» радиохабары сарапшылар,  шенеуніктерді қатыстыра отырып Қазақстанда басталып жатқан медициналық сақтандыру дәуіріне арналған, онда автордың жеке басынан өткен тәжірибесі көрініс тапқан.

АТАЛЫМ: «Ең үздік визуалды қатар»

Жеңімпаз – Айнұр Тажина, дәрігер терапевт, м. ғ. к., bestdoctor.kz медициналық ақпараттық порталының негізін қалаушы bestdoctor.kz медициналық ақпараттық порталы

Нұр-Сұлтан қаласындағы халықтың МӘМС туралы анағұрлым көп айтылатын сұрақтарына жауаптар ұсынылған №4 емханада дәрігерлердің қатысуымен бейнеролик. 

Ролик www.bestdoctor.kz  порталында,  сонымен қатар жобаның youtube, instagram, facebook әлеуметтік желілерінде жарияланған

Әрбір жеңімпаз ноутбукпен марапатталады.

20.12.2019
66% считают статью полезной Была ли эта статья для вас полезной ?
Сонымен қатар оқыңыз
ПРОЗРАЧНОСТЬ, КОНТРОЛЬ, ЭФФЕКТИВНОСТЬ: ЧТО МЕНЯЕТ  ПЛАТФОРМА QALQAN В СИСТЕМЕ ОСМС
АШЫҚТЫҚ, БАҚЫЛАУ, ТИІМДІЛІК: QALQAN ПЛАТФОРМАСЫ МӘМС ЖҮЙЕСІНДЕ НЕНІ ӨЗГЕРТЕДІ
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры денсаулық сақтау жүйесін қаржыландыру бағытында ауқымды цифрлық жаңғырту басталғанын жариялады. Трансформацияның негізгі құралына айналған Qalqan платформасы «МӘМС 2.0» моделінің технологиялық негізі ретінде енгізілуде.
24.04.2026
ЕЖЕГОДНЫЙ ВНУТРЕННИЙ АНАЛИЗ КОРРУПЦИОННЫХ РИСКОВ ПРОВЕДУТ В ФОНДЕ
ҚОРДА ЖЫЛ САЙЫНҒЫ ІШКІ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІНЕ ТАЛДАУ ЖҮРГІЗЕДІ
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ осы жылдың 29 сәуірінен бастап Қор қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жоспарланып отырғанын хабарлайды.
15.04.2026
НЕСВОЕВРЕМЕННЫЕ ПЛАТЕЖИ В ОСМС: ПОЧЕМУ ВАЖНО СОБЛЮДАТЬ СРОКИ
МӘМС ЖҮЙЕСІНДЕГІ ТӨЛЕМДЕРДІ УАҚТЫЛЫ ТӨЛЕМЕУ: МЕРЗІМДІ САҚТАУДЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры азаматтардың МӘМС жүйесіндегі медициналық көмекке үздіксіз қол жеткізуінің негізі – аударымдар мен жарналарды уақтылы төлеудің маңыздылығын еске салады.
15.04.2026
Барлығын қарау
Өтініш беру МӘМС калькуляторы Іздеу