1414
kk
kk ru
Нашар көретіндер нұсқасы

Өткен екі айда жұмыс берушілер мен жеке кәсіпкерлер "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" КЕАҚ-ның Ұлттық банктегі есеп-шотына  6,6 млрд теңге аударды.

Аталған уақыт ішінде жұмыс берушілер қарамағындағы жұмыскерлер үшін 5,2 млрд теңге (жалпы соманың 78,5%) аударым жасаған. Қалған 1,4 млрд теңге немесе жалпы соманың 21,5 % жеке кәсіпкерлер мен азаматтық-құқықтық келісімшарт негізінде жұмыс істейтін азаматтарға тиесілі.

Жарна төлеу жағынан Алматы (20,5%) мен  Астана (1­1,6%) қалалары, Қарағанды (8,7%) және Шығыс Қазақстан облыстары (8,3%) көш бастап тұр.

Екі айдың көрсеткіштері қордың алдын ала болжамдарына толық сай келеді. Естеріңізге сала кетсек, жыл соңына дейін 23 млрд теңгеге жуық сақтандыру төлемдері түсуі тиіс.

Бұған дейін хабарланғандай, 1 шілдеден бастап жұмыс берушілер, жеке кәсіпкерлер мен азаматтық-құқықтық келісімшарт негізінде жұмыс істейтін азаматтар міндетті сақтандыру жарнасын /аударымдарын/ төлеуге кірісті.
Заңға сәйкес, жұмыс беруші ай сайын жұмыскер жалақысының 1 пайызы мөлшерінде аударым жасайды. Бірақ ай сайынғы жарна мөлшері 3669 теңгеден аспауы тиіс (бұл 15 ең төменгі жалақының 1%).

Ал, жеке кәсіпкерлер мен осы санатқа жатқызылған жеке меншік нотариустар, жеке сот орындаушылары, кәсіби медиаторлар 2 ең төменгі жалақының 5 пайызы мөлшерінде жарна аударады. 2017 жылы бұл сома 2446 теңгені құрап отыр. Сонымен қатар, жеке кәсіпкерлер қарамағындағы жұмыскерлер үшін жұмыс беруші ретінде аударым жасауы тиіс.

Азаматтық-құқықтық келісімшарт негізінде еңбек ететіндер ай сайын табысының 5 пайызы мөлшерінде жарна аударады. Бірақ бұл санаттағылардың жарнасы да 3669 теңгеден аспауы тиіс.

05.09.2017
66% считают статью полезной Была ли эта статья для вас полезной ?
Сонымен қатар оқыңыз
ПРОЗРАЧНОСТЬ, КОНТРОЛЬ, ЭФФЕКТИВНОСТЬ: ЧТО МЕНЯЕТ  ПЛАТФОРМА QALQAN В СИСТЕМЕ ОСМС
АШЫҚТЫҚ, БАҚЫЛАУ, ТИІМДІЛІК: QALQAN ПЛАТФОРМАСЫ МӘМС ЖҮЙЕСІНДЕ НЕНІ ӨЗГЕРТЕДІ
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры денсаулық сақтау жүйесін қаржыландыру бағытында ауқымды цифрлық жаңғырту басталғанын жариялады. Трансформацияның негізгі құралына айналған Qalqan платформасы «МӘМС 2.0» моделінің технологиялық негізі ретінде енгізілуде.
24.04.2026
ЕЖЕГОДНЫЙ ВНУТРЕННИЙ АНАЛИЗ КОРРУПЦИОННЫХ РИСКОВ ПРОВЕДУТ В ФОНДЕ
ҚОРДА ЖЫЛ САЙЫНҒЫ ІШКІ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІНЕ ТАЛДАУ ЖҮРГІЗЕДІ
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ осы жылдың 29 сәуірінен бастап Қор қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жоспарланып отырғанын хабарлайды.
15.04.2026
НЕСВОЕВРЕМЕННЫЕ ПЛАТЕЖИ В ОСМС: ПОЧЕМУ ВАЖНО СОБЛЮДАТЬ СРОКИ
МӘМС ЖҮЙЕСІНДЕГІ ТӨЛЕМДЕРДІ УАҚТЫЛЫ ТӨЛЕМЕУ: МЕРЗІМДІ САҚТАУДЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры азаматтардың МӘМС жүйесіндегі медициналық көмекке үздіксіз қол жеткізуінің негізі – аударымдар мен жарналарды уақтылы төлеудің маңыздылығын еске салады.
15.04.2026
Барлығын қарау
Өтініш беру МӘМС калькуляторы Іздеу