АТЫРАУ ДӘРІГЕРЛЕРІ ҚАРЖЫЛАНДЫРУ ТӘСІЛДЕРІН ҚАЙТА ҚАРАУДЫ ҰСЫНДЫ
Атырау облысына жұмыс сапары барысында Қор басшысы Әбілқайыр Сқақов медициналық қоғамдастық өкілдерімен кездесті. Қатысушыларды көбіне қаржыландыру жайы қызықтырды.
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының басқарма төрағасы Әбілқайыр Сқақов Атырау облысына барды. Ол жұмыс сапары барысында өңірдің медициналық ұйымдарының өкілдерімен кездесіп, Қорда құрылған Ситуациялық-талдамалық орталығының жұмысын таныстырды.
Өз кезегінде денсаулық сақтау басқармасының басшысы Қайсар Әбдалиев бұл жоба мемлекеттік органға да, медициналық мекемелер үшін де маңызды екенін атап өтті. Себебі Ситуациялық-талдамалық орталығының функционалы әртүрлі мәселелерді талдауға және шешу жолдарын табуға мүмкіндік береді.
Қалалық перзентхананың бас дәрігері Гүлзейнеп Дюсупова өткен жылы Атырауда «Самұрық-Қазына» АҚ демеушілігімен ерте араласу орталығы ашылғанын айтты. Ол демеушінің талабы бойынша ай сайын даму ерекшеліктері бар кемінде 50 баланы қабылдауы керек. Бірақ Қормен жасалған шартқа сәйкес ай сайынғы қызмет көлемі үш есе төмен. Артық тұтынуды сызықтық шкала шешеді. Перзентхана басшысы Әбілқайыр Сқақовтан «Самұрық-Қазына»-мен медициналық орталықтың шығындарын ішінара жабу мәселесі бойынша келіссөздерге ықпал етуін сұрады. Ол жағдайға талдау жасап, мәселені «Самұрық-Қазына» және денсаулық сақтау басқармасымен бірлесіп қарау қажеттігін атап өтті.
«Болашақ» оңалту орталығының басшысы Жібек Бисенова оңалту қызметтеріне тарифтердің төмен екенін және бюджет тапшылығын атап өтті. Оның айтуынша, Атырау облысында мүгедектігі бар адамдардың саны 24 мыңнан асады, оның ішінде балалар саны – үш мыңнан асып жығылады. Сондай-ақ, ерекше қажеттіліктері бар 10 мың балаға мүгедектік әлі ресімделмеген.
«Олар жүйелі, кешенді оңалтуды қажет етеді. Қаржыландырудың аздығына байланысты «Болашақ» орталығында ай сайын 28 пациент оңалтудан өте алады. Қазір біз 2024 жылдың ақпан айынан бастап порталда кезекте тұрғандарды қабылдап жатырмыз. Себебі 2023 жылдан бері кезекте болғандарды емдедік», – деді дәрігер. Сонымен қатар дәрігерлердің ең төменгі жалақысы мен салықты әрең жабатын балаларды оңалту тарифтерінің төмендігін атап өтті.
Жеке клиникалардың бірінің басшысы көпсалалы медициналық орталықтарды қаржыландыруды ұлғайту туралы ұсыныс айтты, өйткені бұл деңгейде медициналық қызметтердің үлкен көлемі көрсетіледі, сондай-ақ олардың сапасы мен қолжетімділігін арттыру қажеттілігі бар.
«Стационарлар қаражаттың көп бөлігін оларға бағыттау керек дейді. МСАК ұйымдары негізгі жүктеме оларға түсетінін айтады. Медициналық көмек көлемін жоспарлауды жергілікті атқарушы органдар жүзеге асыратынын атап өткім келеді. Олар демографиялық көрсеткіштерді, сырқаттанушылық деңгейін, экономикалық жағдайды, инфрақұрылымның жай-күйін ескереді. 3-5 жылға жоспарлау керек», - деп атап өтті Сқақов.
Кездесу соңында Қор басшысы жеткізушілерге сүбелі әңгіме үшін алғысын білдірді.
«Медициналық сақтандыруға қатысты сұрақтар аз емес. Біз көбін өз деңгейімізде шешеміз, кейбіреуін бірге қарастырамыз. Бұл бәріміз үшін нәтижелі кездесу болды. Қазір қиын кезеңді бастан өткеріп жатырмыз, бірақ үстіміздегі жылды нәтижелі аяқтап, келесі жылға жоспар құра аламыз деп үміттенемін. Барлығыңызға сәттілік тілеймін!», - деді ол.
Жиыннан кейін Қор басшысы Атырау облыстық кардиологиялық орталығының жұмысымен танысты. Мұнда тек Атырау ғана емес, көршілес облыстардың тұрғындарына да МӘМС аясында мамандандырылған жоғары технологиялық медициналық көмек көрсетіледі. Қызметтердің негізгі профилі – кардиология, кардиохирургия, тамырлы хирургия, интервенциялық кардиология және аритмология. Әбілқайыр Сқақов жүргізіліп жатқан күрделі операциялар мен диагностикалық манипуляциялардың жоғары деңгейін, сондай-ақ 70 жылдан астам уақыт бойы аурухана ұжымының үйлесімді жұмысын атап өтті.
Естеріңізге сала кетейік, Қор басшысы өңірлерге жұмыс сапары барысында жергілікті жерлерде медициналық ұйымдардың жұмысымен танысуда.

Қалалық перзентхананың бас дәрігері Гүлзейнеп Дюсупова өткен жылы Атырауда «Самұрық-Қазына» АҚ демеушілігімен ерте араласу орталығы ашылғанын айтты. Ол демеушінің талабы бойынша ай сайын даму ерекшеліктері бар кемінде 50 баланы қабылдауы керек. Бірақ Қормен жасалған шартқа сәйкес ай сайынғы қызмет көлемі үш есе төмен. Артық тұтынуды сызықтық шкала шешеді. Перзентхана басшысы Әбілқайыр Сқақовтан «Самұрық-Қазына»-мен медициналық орталықтың шығындарын ішінара жабу мәселесі бойынша келіссөздерге ықпал етуін сұрады. Ол жағдайға талдау жасап, мәселені «Самұрық-Қазына» және денсаулық сақтау басқармасымен бірлесіп қарау қажеттігін атап өтті.

«Олар жүйелі, кешенді оңалтуды қажет етеді. Қаржыландырудың аздығына байланысты «Болашақ» орталығында ай сайын 28 пациент оңалтудан өте алады. Қазір біз 2024 жылдың ақпан айынан бастап порталда кезекте тұрғандарды қабылдап жатырмыз. Себебі 2023 жылдан бері кезекте болғандарды емдедік», – деді дәрігер. Сонымен қатар дәрігерлердің ең төменгі жалақысы мен салықты әрең жабатын балаларды оңалту тарифтерінің төмендігін атап өтті.
Жеке клиникалардың бірінің басшысы көпсалалы медициналық орталықтарды қаржыландыруды ұлғайту туралы ұсыныс айтты, өйткені бұл деңгейде медициналық қызметтердің үлкен көлемі көрсетіледі, сондай-ақ олардың сапасы мен қолжетімділігін арттыру қажеттілігі бар.
«Стационарлар қаражаттың көп бөлігін оларға бағыттау керек дейді. МСАК ұйымдары негізгі жүктеме оларға түсетінін айтады. Медициналық көмек көлемін жоспарлауды жергілікті атқарушы органдар жүзеге асыратынын атап өткім келеді. Олар демографиялық көрсеткіштерді, сырқаттанушылық деңгейін, экономикалық жағдайды, инфрақұрылымның жай-күйін ескереді. 3-5 жылға жоспарлау керек», - деп атап өтті Сқақов.
Кездесу соңында Қор басшысы жеткізушілерге сүбелі әңгіме үшін алғысын білдірді.
«Медициналық сақтандыруға қатысты сұрақтар аз емес. Біз көбін өз деңгейімізде шешеміз, кейбіреуін бірге қарастырамыз. Бұл бәріміз үшін нәтижелі кездесу болды. Қазір қиын кезеңді бастан өткеріп жатырмыз, бірақ үстіміздегі жылды нәтижелі аяқтап, келесі жылға жоспар құра аламыз деп үміттенемін. Барлығыңызға сәттілік тілеймін!», - деді ол.

Естеріңізге сала кетейік, Қор басшысы өңірлерге жұмыс сапары барысында жергілікті жерлерде медициналық ұйымдардың жұмысымен танысуда.
12.07.2024
66% считают статью полезной
Была ли эта статья для вас полезной ?
Сонымен қатар оқыңыз
ҚОҒАМДЫҚ-КОНСУЛЬТАТИВТІК КЕҢЕС 2024 ЖЫЛҒЫ ЖҰМЫСЫН АЯҚТАДЫ
Кеңес сарапшылары отырыс қорытындылары бойынша 20-дан астам шара қабылдады.
14.02.2025
2025 ЖЫЛДЫҢ ҚАҢТАР АЙЫНДА МӘМС АЯСЫНДА ЖАСАЛҒАН ТОП 10 БІРЕГЕЙ ОПЕРАЦИЯ
Қазақстандық дәрігерлер кәсібиліктің жоғары деңгейін дәлелдей отырып, күрделі хирургиялық операцияларды сәтті жүргізіп, заманауи медициналық технологияларды қолдануда. Елдің әртүрлі өңірлерінде ісікті алып тастау, омыртқадағы ісікті «цементтеу», сіңірді қалпына келтіру және бала жүрегіне жасалатын операция сияқты бірегей оталар жасалуда.
11.02.2025
МӘМС-ТЕГІ МӘРТЕБЕНІ ҚАЛАЙ ЖЫЛДАМ ТЕКСЕРУГЕ БОЛАДЫ
Медициналық көмек алу туралы сұрақтар бойынша 1414 байланыс орталығына қоңырау шалуға болатыны белгілі. Келіп түсетін өтініштердің бір бөлігі МӘМС жүйесіндегі мәртебені нақтылауға қатысты. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорындағылар оператордың жауабын күтуге уақыт жоғалтпай, мәртебені онлайн-сервис арқылы жылдам тексеруге болатынын еске салып өтті.
06.02.2025