1414
kk
kk ru
Нашар көретіндер нұсқасы

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорында сақтандыру мәртебесі болмаған жағдайда, азаматтарға ТМККК пакеті бойынша тегін медициналық қызмет көрсетіледі, деп мәлімдеді ОКҚ брифингінде «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Басқарма төрағасы Болат Төкежанов.

«Егер адам сақтандырылмаған болса да, ол мемлекет кепілдік берген тегін медициналық көмек алуға құқылы, одан ешбір медициналық ұйым  бас тартпау керек. Біз азаматтардың қорға жазған шағымдарын өте  мұқият қараймыз», - деді Б. Төкежанов.

Ол ТМККК негізінде әрбір адам үшін медициналық көмектің қажетті көлемі қамтамасыз етілетінін еске салды. ТМККК-і  медициналық-санитариялық алғашқы көмекті, шұғыл стационарлық көмекті, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді қоса алғанда, әлеуметтік мәні бар және негізгі созылмалы аурулар кезінде медициналық көмектің толық спектрін қамтиды. Мысалы, жалпы практика дәрігері, учаскелік терапевт, педиатр пациентті  МӘМС жүйесінде сақтандырылған-сақтандырылмағанына қарамастан қабылдайды.

«Егер сізде созылмалы ауру болса, сіз әлеуметтік мәні бар аурулар және динамикалық бақылауға жататын созылмалы аурулар бойынша есепте тұрсаңыз, онда бейінді маманның қабылдауы ТМККК пакеті бойынша да жүзеге асырылады. Қазір Қорға Qoldau 24\7 қосымшасы және әлеуметтік желілер арқылы кепілдендірілген көмек көрсетуден бас тартқан емханалар туралы шағымдар жиілеп кетті. Тағы да қайталаймын, ТМККК пакетіне кіретін көмекті көрсетуден бас тартуға жол берілмейді», - деді Қор басшысы.

Сонымен қатар, сақтандырылған азаматтарға медициналық көмек қызметтердің кеңейтілген тізбесі бойынша көрсетіледі. Пациенттердің жекелеген санаттарына стоматологиялық көмек, халықтың нысаналы топтарын профилактикалық тексеру, мектеп медицинасы, бекітілген тізбе бойынша шұғыл және жоспарлы медициналық көмек көрсетіледі. МӘМС пакетінде медициналық көрсеткіштер бойынша инфаркт, инсульт, түрлі жарақаттар мен операциялық араласулардан кейін, сондай-ақ балалардың созылмалы аурулары кезінде пациенттер үшін медициналық оңалту қолжетімді.

«Әрине, биыл еліміздің  денсаулық сақтау жүйесі үшін үлкен сынақ болды, пандемия медициналық сақтандыру есебінен ұсынылатын консультацияларға, диагностикаға, оңалтуға қолжетімділікті арттыру бойынша біздің жоспарларымызды өзгертті. Емханалар мен ауруханалар енді қалыпты режимге оралды және халыққа жоспарлы көмек көрсетуде», - деп атап өтті Төкежанов.

24.09.2020
66% считают статью полезной Была ли эта статья для вас полезной ?
Сонымен қатар оқыңыз
ПРОЗРАЧНОСТЬ, КОНТРОЛЬ, ЭФФЕКТИВНОСТЬ: ЧТО МЕНЯЕТ  ПЛАТФОРМА QALQAN В СИСТЕМЕ ОСМС
АШЫҚТЫҚ, БАҚЫЛАУ, ТИІМДІЛІК: QALQAN ПЛАТФОРМАСЫ МӘМС ЖҮЙЕСІНДЕ НЕНІ ӨЗГЕРТЕДІ
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры денсаулық сақтау жүйесін қаржыландыру бағытында ауқымды цифрлық жаңғырту басталғанын жариялады. Трансформацияның негізгі құралына айналған Qalqan платформасы «МӘМС 2.0» моделінің технологиялық негізі ретінде енгізілуде.
24.04.2026
ЕЖЕГОДНЫЙ ВНУТРЕННИЙ АНАЛИЗ КОРРУПЦИОННЫХ РИСКОВ ПРОВЕДУТ В ФОНДЕ
ҚОРДА ЖЫЛ САЙЫНҒЫ ІШКІ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІНЕ ТАЛДАУ ЖҮРГІЗЕДІ
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ осы жылдың 29 сәуірінен бастап Қор қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жоспарланып отырғанын хабарлайды.
15.04.2026
НЕСВОЕВРЕМЕННЫЕ ПЛАТЕЖИ В ОСМС: ПОЧЕМУ ВАЖНО СОБЛЮДАТЬ СРОКИ
МӘМС ЖҮЙЕСІНДЕГІ ТӨЛЕМДЕРДІ УАҚТЫЛЫ ТӨЛЕМЕУ: МЕРЗІМДІ САҚТАУДЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры азаматтардың МӘМС жүйесіндегі медициналық көмекке үздіксіз қол жеткізуінің негізі – аударымдар мен жарналарды уақтылы төлеудің маңыздылығын еске салады.
15.04.2026
Барлығын қарау
Өтініш беру МӘМС калькуляторы Іздеу