1414
kk
kk ru
Нашар көретіндер нұсқасы

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры медициналық көмекті қаржыландыру бойынша 2023 жылдың қорытындысын шығарды. Осыған бірнеше есеп арналады. Алғашқысы ана мен баланы қорғау саласындағы медициналық қызметтерге қатысты. Қор сарапшыларының есебінше, былтыр МӘМС қаражатынан жүкті әйелдер мен босанған әйелдерге медициналық көмек көрсетуге 169 млрд теңге бағытталған. Орташа есеппен алғанда бір әйелге 433 мың теңгеден келеді. Бұдан бөлек, ЭКҰ-ның 7 мың ем-шарасын жүзеге асыруға 8,1 млрд теңге бөлінді.

Жүктілікті жүргізу және скринингтер

2023 жылы жүкті әйелдерге дәрігерлердің бақылауымен байланысты 12,2 млн қызмет көрсетілді. Бұл зертханалық және диагностикалық зерттеулер, скринингтер және басқа да қажетті медициналық қызметтер. Осыны қаржыландыруға МӘМС бойынша жалпы 31,2 млрд теңге қарастырылды. Олардың төрттен бір бөлігі іштегі сәбидің ауруларын ерте диагностикалау үшін пренатальды скринингтік қызметтерге бағытталды.

Дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету

Фертильді жастағы 35,4 мың әйелге темір тапшылығы анемиясын емдеуге арналған препараттар берілді. Осыған 57 млн теңге жұмсалды. Айта кетерлігі, МӘМС бойынша іштегі сәбидің туа біткен ақауларының алдын алу үшін дәрі-дәрмектерді қаржыландыруға 87 млн теңге қарастырылған.

Бала туу

100,4 млрд теңге акушерлік бейіндегі тәулік бойы және күндізгі стационарларда 636 мың әйелді емдеуге жұмсалды. Олардың жартысына жуығы босану қызметтерін көрсетті. Перинаталдық кезең аурулары бар 79 мың жаңа туған нәрестеге ем қажет болды. Осыған 37,4 млрд теңгеге МӘМС жүйесі есебінен қаржыландырылды.

Жүкті әйелдерге қандай медициналық көмек қажет екендігі туралы толығырақ мына жерден және ҚР акушерлік-гинекологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру Акушерлік-гинекологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартынан оқыңыз. Жүкті әйелдердің патронажы туралы Педиатриялық қызметті ұйымдастыру стандартынан білуге болады.

слайд каз 1.jpeg

слайд каз 2.jpeg

слайд каз 3.jpeg

слайд каз 4.jpeg

слайд каз 5.jpeg


12.01.2024
66% считают статью полезной Была ли эта статья для вас полезной ?
Сонымен қатар оқыңыз
ПРОЗРАЧНОСТЬ, КОНТРОЛЬ, ЭФФЕКТИВНОСТЬ: ЧТО МЕНЯЕТ  ПЛАТФОРМА QALQAN В СИСТЕМЕ ОСМС
АШЫҚТЫҚ, БАҚЫЛАУ, ТИІМДІЛІК: QALQAN ПЛАТФОРМАСЫ МӘМС ЖҮЙЕСІНДЕ НЕНІ ӨЗГЕРТЕДІ
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры денсаулық сақтау жүйесін қаржыландыру бағытында ауқымды цифрлық жаңғырту басталғанын жариялады. Трансформацияның негізгі құралына айналған Qalqan платформасы «МӘМС 2.0» моделінің технологиялық негізі ретінде енгізілуде.
24.04.2026
ЕЖЕГОДНЫЙ ВНУТРЕННИЙ АНАЛИЗ КОРРУПЦИОННЫХ РИСКОВ ПРОВЕДУТ В ФОНДЕ
ҚОРДА ЖЫЛ САЙЫНҒЫ ІШКІ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІНЕ ТАЛДАУ ЖҮРГІЗЕДІ
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ осы жылдың 29 сәуірінен бастап Қор қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жоспарланып отырғанын хабарлайды.
15.04.2026
НЕСВОЕВРЕМЕННЫЕ ПЛАТЕЖИ В ОСМС: ПОЧЕМУ ВАЖНО СОБЛЮДАТЬ СРОКИ
МӘМС ЖҮЙЕСІНДЕГІ ТӨЛЕМДЕРДІ УАҚТЫЛЫ ТӨЛЕМЕУ: МЕРЗІМДІ САҚТАУДЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры азаматтардың МӘМС жүйесіндегі медициналық көмекке үздіксіз қол жеткізуінің негізі – аударымдар мен жарналарды уақтылы төлеудің маңыздылығын еске салады.
15.04.2026
Барлығын қарау
Өтініш беру МӘМС калькуляторы Іздеу