Слайд каз 1.jpeg
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры медициналық көмекті қаржыландыру бойынша 2023 жылдың қорытындысымен бөлісуін жалғастырады.  Келесі есебіміз ауылдық жерлерде көрсетілген медициналық қызметке арналады.

2023 жылы аудандық деңгейдегі медициналық ұйымдар медициналық қызметтерді көрсету үшін 600 млрд теңге көлемінде қаражат алды. Аталған қаражат алғашқы медициналық-санитариялық, консультациялық-диагностикалық көмек, амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, медициналық оңалту, стационарларда емдеуге жұмсалды. Осы қаражаттың 40%-ы МӘМС активтері болып табылады.

1 млн-ға жуық тұрғын аудандық ауруханалардағы тәулік бойғы және күндізгі стационарларда ем алды. Тиісті қызметтерге әлеуметтік сақтандыру қаражаттарынан 102 млрд теңге бағытталды. Қалалық, облыстық көпбейінді ауруханаларда және мамандандырылған стационарларда 700 мыңға жуық ауыл тұрғындарына 213 млрд теңгенің медициналық көмегі көрсетілді. Оның ішінде 21 млрд теңгеге жоғары технологиялық медициналық көмек көрсетілгенін айта кету керек. Сонымен бірге 88 мың ауыл тұрғындары 21,5 млрд теңге МӘМС қаражатына медициналық оңалтудан өтті.

7,7 млн қазақстандық ауылдық емханаларға тіркелген. 2023 жылы емханаға жүгінушілерің саны 53 млн-ға жетті. Олардың төрттен бірі профилактикалық мақсатта қаралды, бұл былтырғы дәл осындай көрсеткіштен 1,5 есе көп. 2 млн-ға жуық ауыл тұрғындары профилактикалық тексеруден өтіп, ТМККК бойынша 5,4 млрд теңгенің 8 млн-ға жуық қызметін алған. Оның ішінде: бүйрек, асқазан-ішек жолдары, тыныс алу және қуықасты безі органдарының ауруларын ерте кезеңде диагностикалау үшін кеңейтілген скрининг.

МӘМС қаражатынан 5,6 млрд теңге КТ және МРТ зерттеулеріне бағытталды. Жалпы алғанда, жарты миллиондай қызмет көрсетілді. Оның ішінде: 207,4 мың КТ және 238,2 мың МРТ. 

Сонымен қатар, былтыр ауыл тұрғындарына 483,6 мың қызмет қашықтан көрсетілді. Бұл мақсатқа ТМККК және МӘМС-тен 1,2 млрд теңге бағытталды. Осыған 37,4 млрд теңгеге МӘМС жүйесі есебінен қаржыландырылды. 

МӘМС жүйесі бойынша 5,1 млрд теңгеге ауыл тұрғындарына автомобильдік жылжымалы медициналық кешендермен 1,7 млн қызмет көрсетілді. Дәл осындай теміржолдағы кешендер 3,6 мың елді мекенді қамтыды: 80 мың тұрғынның денсаулығын тексеруге әлеуметтік медициналық сақтандыру қаражатынан 768 млн теңге жұмсалды.

Слайд каз 3.jpeg

Слайд каз 4.jpeg

Слайд каз 5.jpeg

Слайд каз 6.jpeg


23.01.2024
66% считают статью полезной Была ли эта статья для вас полезной ?
Сонымен қатар оқыңыз
КАКАЯ МЕДПОМОЩЬ ПОЛОЖЕНА НЕЗАСТРАХОВАННЫМ
САҚТАНДЫРЫЛМАҒАН АЗАМАТТАРҒА ҚАНДАЙ МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТІЛЕДІ
Шамамен 1,63 трлн теңге кепілдендірілген медициналық көмек көлеміне кіретін қызметтерге қарастырылған. Мұндай қызметтер тегін көрсетіледі. Сақтандырылмаған пациенттер де тегін ала алады.
03.07.2025
БОЛЕЕ 1 ТРЛН ТЕНГЕ ПОСТУПИЛО В ВИДЕ ВЗНОСОВ И ОТЧИСЛЕНИЙ В 2024 ГОДУ
2024 ЖЫЛЫ ЖАРНАЛАР МЕН АУДАРМАЛАР СОМАСЫ 1 ТРЛН-НАН АСТЫ
2024 жылы МӘМС жүйесінде 15,9 млн адам сақтандырылған.
26.06.2025
НА 1,1 ТРЛН ТЕНГЕ ОКАЗАНА МЕДПОМОЩЬ ПО ОСМС В 2024 ГОДУ
2024 ЖЫЛЫ МӘМС АЯСЫНДА 1,1 ТРЛН ТЕҢГЕГЕ МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ
Көрсеткіш 2023 жылмен салыстырғанда 12%-ға жоғары. Жалпы, былтыр ТМККК және МӘМС аясында медициналық көмек көрсетуге 2 трлн 522 млрд теңге бөлінді.
26.06.2025
Барлығын қарау
Өтініш беру МӘМС калькуляторы Іздеу