Артқа
Артқа

МӘМС: БЖТ бойынша өзін-өзі жұмыспен қамтығандардан ТОП-6 сұрақ

БЖТ дегеніміз не, оның мөлшері қандай, қалай төлеу керек, біз өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтардың міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне қатысуының ең өзекті мәселелерін талқылауға тырыстық.

БЖТ кім төлей алады?

Бірыңғай жиынтық төлемді жеке қосалқы шаруашылық қызметкерлері, отбасылық кәсіпорындардың ақы төленбейтін қызметкерлері және жыл сайынғы айналымы 1 175 АЕК-тен кем немесе жылына 3,2 млн. теңгеден кем қызметкерлері жоқ кәсіпкерлер төлей алады. Басқа жағдайда, бұл төлемді пайдалануға болмайды. Ел аумағында тұрақты тұратындарды және оралмандарды қоспағанда, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар да жарналарды төлеушілер бола алмайды.  

БЖТ-ны  қандай мөлшерде және қайда төлейді?

Осы жылдың сәуір айында АЕК мөлшерінің ұлғаюына қарамастан, БЖТ мөлшері 1 АЕК немесе қалаларда тұратын жеке тұлғалар үшін - 2 651 теңге және басқа елді мекендерде тұратын жеке тұлғалар үшін - 0,5 АЕК немесе 1 326 теңге деңгейінде қалды. Салық кодексінің 775-бабына сәйкес БЖТ есептеу және төлеу тәртібі тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына АЕК мөлшері негізінде белгіленеді. Төленген сома келесідей бөлінеді: 30% - зейнетақы қорына, 40% - ӘМС қорына, 20% - әлеуметтік сақтандыру қорына, 10% - табыс салығын төлеуге кетеді.

БТЖ төлемін әр түрлі жолдармен төлеуге болады - екінші деңгейлі банктер және олардың мобильді қосымшалары, «Халық банкі» терминалдары, KASSA 24, QIWI, медициналық мекемелердегі жедел төлем терминалдары, «Қазпошта» АҚ филиалдары, Kaspi.kz мобильдік қосымшасы арқылы.

БЖТ төлемегені немесе уақтылы төлемегені үшін айыппұлдар немесе өсімпұлдар бар ма?

Жоқ. Өзін-өзі жұмыспен қамтыған төлеушілер үшін айыппұл мен өсімпұл қарастырылмаған.

Егер сіз БЖТ-ны 1 шілдеге дейін төлемеген болсаңыз, өткен 6 ай үшін төлеуіңіз керек пе?

Иә. Жеңілдік кезеңі алдымен 31 наурызға дейін жарамды болды, содан кейін 1 шілдеге дейін төлемдерді кейінге қалдыру ғана болды, бірақ оларды төлеу бойынша міндеттемелерді жоймады. Осылайша, «МӘМС туралы» Заңның 5-бабының 3-тармағына сәйкес, қорға аударымдар және (немесе) жарналар төленбеген тұлғалар міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек алу құқығын алу үшін қорға төленбеген кезең үшін, бірақ төлеу күнінің алдындағы он екі айдан аспайтын мерзімде жарналарды төлеуге міндетті. Сондықтан МӘМС пакетін пайдалану мүмкіндігі болу үшін сізге 1 қаңтардан бастап 2125 теңге мөлшерінде дербес төлеуші ретінде төлем жасау қажет.

 Сіз БЖТ төледіңіз, бірақ МӘМС жүйесіндегі мәртебе «сақтандырылмаған» болып шығады. Неге және не істеу керек? 

Егер сіз БЖТ үшін алғаш рет төлеген болсаңыз немесе салыстырмалы түрде жақында төлей бастасаңыз, бірыңғай ақпараттық жүйе 2020 жылдың қаңтарынан бастап алдыңғы айлар үшін жарналарды төлегенге дейін «сақтандырылмаған»  мәртебесін береді. Яғни, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі жұмыс істей бастаған сәттен бастап.

Егер сіз БЖТ-ны жыл басынан бастап үзіліссіз ай сайын төлесеңіз, бірақ бұл ретте сізде «сақтандырылмаған»   мәртебесі болса, Халыққа қызмет көрсету орталығында («Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы) төлем өткендігін нақтылау қажет. Көбінесе жарналар төлеу кезінде қате көрсетілген деректер себеп болады. Болмаса, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының бірыңғай байланыс орталығына жүгінуіңіз немесе өтінімді Qoldau 24/7 мобильді қосымшасына жолдауыңыз немесе өз өңіріңіздегі қордың филиалына жүгінуіңіз қажет. Әрбір жағдай себептері әртүрлі болғандықтан,  жеке қарастырылады. Каждый случай рассматривается в индивидуальном порядке.  

БЖТ-ны бірнеше ай бұрын алдын ала төлеуге бола ма?

Жеке тұлғалар бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер болып танылады және төлем жүргізілген күннен бастап және бірыңғай жиынтық төлемді төлеу жүргізілген айдың соңғы күніне дейін «сақтандырылмаған» мәртебесін алады. Сондықтан төлемді уақтылы және ай сайын жүргізу қажет. Алайда, мүмкін болса және төлеушінің қалауы бойынша келесі айлар үшін төлемдер жасауға рұқсат етіледі.

Егер сіз сақтандырылмаған болсаңыз да, сіз мемлекет кепілдік берген тегін медициналық көмек пакетінде медициналық көмекке құқығыңыз бар екенін есте ұстаған жөн. Учаскелік дәрігер, педиатр, жалпы практика дәрігері мамандарының қабылдауы, дәрігерді үйге шақыру, жедел жәрдем, емхана мен стационар деңгейіндегі шұғыл көмек, әлеуметтік маңызы бар, жұқпалы ауруларды, онкологиялық ауруларды емдеу осы пакетке кіреді және сақтандырылған мәртебесіне қарамастан барлығына көрсетіледі.

14.08.2020
66% считают статью полезной Была ли эта статья для вас полезной ?
Сонымен қатар оқыңыз
ТОП 10 УНИКАЛЬНЫХ ОПЕРАЦИЙ ПО ОСМС ЗА НОЯБРЬ 2024 ГОДА
2024 ЖЫЛДЫҢ ҚАРАША АЙЫНДА МӘМС АЯСЫНДА ЖАСАЛҒАН ТОП 10 БІРЕГЕЙ ОПЕРАЦИЯ
Қазақстандық дәрігерлер заманауи технологияларды қолдана отырып, пациенттердің өмірін сақтап қалу жолында жоғары кәсібилік көрсетуде.
11.12.2024
КЛИЕНТЫ ЕВРАЗИЙСКОГО БАНКА БУДУТ ПОЛУЧАТЬ  PUSH-УВЕДОМЛЕНИЯ ПО ОСМС
ЕУРАЗИЯЛЫҚ БАНК КЛИЕНТТЕРІ МӘМС БОЙЫНША PUSH-ХАБАРЛАМА АЛАТЫН БОЛАДЫ
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры мен Еуразиялық банк МӘМС төлемдерін өткізу туралы клиенттерге push-хабарлама жіберу жөнінде келісімге келді. Осы мақсатта тараптар тиісті меморандумға қол қойды.
10.12.2024
ДОГОВОР ПРИСОЕДИНЕНИЯ – 2025: ЧТО ИЗМЕНИЛОСЬ
Қосылу шарты – 2025: не өзгерді
Қор медициналық көмек көрсету қызметтерін сатып алу туралы қосылу келісімін ТМККК және МӘМС жүйесі аясында бірқатар тармақ бойынша оңтайландырды.
10.12.2024
Барлығын көру
Подать обращение МӘМС калькуляторы Іздеу