1414
kk
kk ru
Нашар көретіндер нұсқасы
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорында 2024 жылдың қаржылық есебін жабу және алғаш рет қолға алынған 2025 жылдың қаңтарына төлемдерді жүргізу барысы туралы есеп берді. 27 ақпандағы көрсеткішке сай 2024 жылдың қорытындысы бойынша медициналық ұйымдарды қаржыландыруға амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді қоса алғанда шамамен 2,8 трлн теңгеге жуық төлем жүргізілгенін мәлімдеді.

Белгілі болғандай, Қор денсаулық сақтау субъектілеріне ТМККК аясында бөлінген нысаналы жарна есебінен қызмет ақысын 1 наурызға дейін толық өтеуі тиіс. (Бұл талап 2023 жылғы 30 маусымдағы №121 ҚР Денсаулық сақтау министрінің бұйрығымен бекітілген нысаналы жарна шығыстарын жоспарлау және бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру қағидаларына сәйкес реттеледі).

«Қазір 2024 жылдың желтоқсан айы бойынша есептік кезеңнің 99,8%-ы жабылды, бұл 1 946 медициналық ұйымды қамтып, жалпы сомасы 2 трлн 519,5 млрд теңгені құрады», – деп мәлімдеді ӘМСҚ басқарма төрағасының орынбасары Индира Саркенова. – Сондай-ақ, 2024 жылдың соңында жүргізілген дайындық шараларының арқасында, алғаш рет 2025 жылдың қаңтарындағы есептік кезеңді жабу процесі ақпанда басталды. Қазіргі таңда оның 21,5%-ы аяқталды», – деп толықтырды ол.

Бұған дейін Қор медициналық ұйымдарға жылдық келісімшарт сомасының 30%-ын аванс ретінде аударып, қаңтар айының төлемдерін наурыз айында төлеуді бастайтын еді.

2025 жылдың басында Қор медициналық ұйымдарға 10%-ға дейін аванс төледі. Бұл шешім 2025 жылдың қаңтарындағы есептік кезеңді ақпанда жабу стратегиясына байланысты қабылданды. Сонымен қатар, МСАК субъектілеріне қосымша аванс беру туралы шешім қабылданды.

Қор медициналық ұйымдардың тұрақты қаржыландырылуын қамтамасыз ету және жеткізушілер алдында міндеттемелерді уақтылы орындау бойынша белсенді жұмысын жалғастыруда.

2025 жылғы наурыздың ортасына дейін қаңтардың есептік кезеңін толық жабу жоспарланып отыр.
28.02.2025
66% считают статью полезной Была ли эта статья для вас полезной ?
Сонымен қатар оқыңыз
ПРОЗРАЧНОСТЬ, КОНТРОЛЬ, ЭФФЕКТИВНОСТЬ: ЧТО МЕНЯЕТ  ПЛАТФОРМА QALQAN В СИСТЕМЕ ОСМС
АШЫҚТЫҚ, БАҚЫЛАУ, ТИІМДІЛІК: QALQAN ПЛАТФОРМАСЫ МӘМС ЖҮЙЕСІНДЕ НЕНІ ӨЗГЕРТЕДІ
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры денсаулық сақтау жүйесін қаржыландыру бағытында ауқымды цифрлық жаңғырту басталғанын жариялады. Трансформацияның негізгі құралына айналған Qalqan платформасы «МӘМС 2.0» моделінің технологиялық негізі ретінде енгізілуде.
24.04.2026
ЕЖЕГОДНЫЙ ВНУТРЕННИЙ АНАЛИЗ КОРРУПЦИОННЫХ РИСКОВ ПРОВЕДУТ В ФОНДЕ
ҚОРДА ЖЫЛ САЙЫНҒЫ ІШКІ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІНЕ ТАЛДАУ ЖҮРГІЗЕДІ
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ осы жылдың 29 сәуірінен бастап Қор қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жоспарланып отырғанын хабарлайды.
15.04.2026
НЕСВОЕВРЕМЕННЫЕ ПЛАТЕЖИ В ОСМС: ПОЧЕМУ ВАЖНО СОБЛЮДАТЬ СРОКИ
МӘМС ЖҮЙЕСІНДЕГІ ТӨЛЕМДЕРДІ УАҚТЫЛЫ ТӨЛЕМЕУ: МЕРЗІМДІ САҚТАУДЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры азаматтардың МӘМС жүйесіндегі медициналық көмекке үздіксіз қол жеткізуінің негізі – аударымдар мен жарналарды уақтылы төлеудің маңыздылығын еске салады.
15.04.2026
Барлығын қарау
Өтініш беру МӘМС калькуляторы Іздеу