1414
kk
kk ru
Нашар көретіндер нұсқасы
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорында аппарат басшысы және Абай облысы бойынша филиал директоры тағайындалды. Басқарма төрағасының бұйрығымен бұрын қызметті қамтамасыз ету департаментін басқарған Жасұлан Серғазин Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры аппаратының басшысы болып тағайындалды. Жұмыс өтілі шамамен 14 жыл, оның ішінде 7 жыл басшылық лауазымдарда істеді. Әр жылдары орталық мемлекеттік органдарда жұмыс істеді.
«Жасұлан Шарафитденұлы, Сіз Қордың қызметімен жақсы танысып үлгердіңіз. Енді сіз аппарат басшысы ретіндегі тәжірибеңізді көрсетіп, жұмысты жаңа сапалы деңгейге көтере аласыз деп үміттенемін», - деп атап өтті Әбілқайыр Сқақов.

Сонымен қатар, бұрын басшы орынбасары қызметін атқарған Ельмира Рахимбаева Абай облысы бойынша филиалының директоры болып тағайындалды. Ол 2024 жылғы кадрлық резервтің жаңа құрамына кірді, бұл оған жұмыста жоғарылауға мүмкіндік берді.

«Ельмира Жанатқызының орталық аудандық ауруханада, Денсаулық сақтау басқармасында жұмыс тәжірибесі бар. Қор жүйесінің жұмысымен 2018 жылдан бастап таныс. Сіз жинақталған білімді бірінші басшы ретінде тиімді пайдаланатыныңызға сенімдімін», - деді Әбілқайыр Сқақов.

Жалпы еңбек өтілі 26 жыл, оның 7 жылдан астамын басшы ретінде істеді. Семей мемлекеттік медицина институтын бітірген, экономика және бизнес магистрі дәрежесіне ие.
24.07.2024
66% считают статью полезной Была ли эта статья для вас полезной ?
Сонымен қатар оқыңыз
ПРОЗРАЧНОСТЬ, КОНТРОЛЬ, ЭФФЕКТИВНОСТЬ: ЧТО МЕНЯЕТ  ПЛАТФОРМА QALQAN В СИСТЕМЕ ОСМС
АШЫҚТЫҚ, БАҚЫЛАУ, ТИІМДІЛІК: QALQAN ПЛАТФОРМАСЫ МӘМС ЖҮЙЕСІНДЕ НЕНІ ӨЗГЕРТЕДІ
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры денсаулық сақтау жүйесін қаржыландыру бағытында ауқымды цифрлық жаңғырту басталғанын жариялады. Трансформацияның негізгі құралына айналған Qalqan платформасы «МӘМС 2.0» моделінің технологиялық негізі ретінде енгізілуде.
24.04.2026
ЕЖЕГОДНЫЙ ВНУТРЕННИЙ АНАЛИЗ КОРРУПЦИОННЫХ РИСКОВ ПРОВЕДУТ В ФОНДЕ
ҚОРДА ЖЫЛ САЙЫНҒЫ ІШКІ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІНЕ ТАЛДАУ ЖҮРГІЗЕДІ
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ осы жылдың 29 сәуірінен бастап Қор қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жоспарланып отырғанын хабарлайды.
15.04.2026
НЕСВОЕВРЕМЕННЫЕ ПЛАТЕЖИ В ОСМС: ПОЧЕМУ ВАЖНО СОБЛЮДАТЬ СРОКИ
МӘМС ЖҮЙЕСІНДЕГІ ТӨЛЕМДЕРДІ УАҚТЫЛЫ ТӨЛЕМЕУ: МЕРЗІМДІ САҚТАУДЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры азаматтардың МӘМС жүйесіндегі медициналық көмекке үздіксіз қол жеткізуінің негізі – аударымдар мен жарналарды уақтылы төлеудің маңыздылығын еске салады.
15.04.2026
Барлығын қарау
Өтініш беру МӘМС калькуляторы Іздеу